1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №77 (16159) 27 қыркүйек, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
27 қыркүйек 2016
...Олар да құмар

Ежелгi кезден-ақ фотосурет тек мамандық немесе хобби ғана емес. Қазiргi кезде бұл қарапайым және үйреншiктi құбылысқа айналды. Ресей премьер-министрi Дмитрий Медведевтiң бiр­неше рет қолына фотоаппарат ұстап тұрған сәттерiн көпшiлiк байқаған. Ал жуырда оның Қырғызстан президентi Алмазбек Атамбаевпен бiрге өзiнiң түсiрген дүниелерiн тамашалап тұрған фотосуретi әлеуметтiк желiлерде жарық көрдi. Интернет желiсiндегi парақшасынан оның соңғы түсiрген фотосуреттерiн көруге болады. Таяу Шығыстағы сапарларының бiрiнде ол фотожурналистердi суретке түсiрдi және өзiнiң жеке блогында: “олардың сурет­терiн барлығы көредi, ал өздерi болса объективтiң артына тығылады”, деп жазған.

Бiр кездерi сандық фотоаппараттар адамдар үшiн қиял едi. Ал пленкалы камераны кез келген адам қолдана алмайтын. Дегенмен де, дәл осы камераларды тек кәсiби фотографтар ғана емес, сонымен қатар кино, шоу-бизнес өкiлдерi және саяси тұлғалар да қолдана бiлген.
 
Ресейдiң тұңғыш президентi Борис Ельцин
 
АҚШ президентi Барак Обама
 
Ұлыбритания ханшайымы Елизавета II
 
Киноактер Ален Делон
 
Киноактер Арнольд Шварценеггер
 
Әншi Майкл Джексон
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті