1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №97 (16179) 5 желтоқсан, дүйсенбі 2016
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
5 желтоқсан 2016
Есет батырдың суретi табылды
Есет батырдың әскерi жеңiл­мей­тiн әскер деп есептелген. 1847 жылы Кенесары хан қаза тапқаннан кейiн ол Жанқожа батырмен бiрге Қоқан, Хиуа хандықтарына қас­қайып қарсы тұрды. Сонымен қатар, Ресей бекет­терi­не шабуылдап, үрейлерiн ұшырумен болған Есет батырдың су­ре­тiн оның шөпшегi Жандос Темiр­ғали тапты. Бұл суреттi оған Мәс­кеудегi танысы мұрағаттан тауып, поштамен жiберiптi. Батыр фотоға киiз үйде отырып түсiптi. Бұл сурет Есет батырдың қаруын тастаған соң, 1859 жылы 29 наурызда қазақ билерiнiң делегациясы құрамында Санкт-Петерборға II Алек­сандр­дың қабылдауына болғанын рас­тайды.
Ресей сыртқы iстер министрлiгi Азия департаментiнiң директоры бол­ған Е.Ковалевский батырмен кез­дескенiн былайша суреттейдi: Арал маңындағы Кiшi жүз қазақтарының кейбiр топтарынан құрылған отаршылдыққа қарсы қозғалысты басқаруынан бұрын Есеттi сайын дала торабынан кездестiрдiм. Есет Геркулес сияқты iрi денелi, сұлу келбеттi және ерлiк iс-әрекеттерi кез келген еуропалықты таңғалдыратындай және бұл қасиеттерi өз отандастарына да қатты әсерiн тигiзген”.
Жандос Темiрғали өзiнiң кескiн-келбетi Есет батырға ұқсайтынын және бойында батырдың қаны барын мақтан тұтады. Арғы атасының ерлiгi жайлы ол әжесi Раш Ембергенқызынан көп естiптi.
 Дерек көзi: ҚазАқпарат
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті