1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №97 (16179) 5 желтоқсан, дүйсенбі 2016
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
5 желтоқсан 2016
Сұлулыққа құштарлық
Жуырда ҚХР Алтай аймағынан “Фотоөнер” қоғамдық бiрлестiгiнiң арнайы шақыруымен оператор-фотограф Қанат Сейiтқамзаұлы қонақта болып қайтты. Ол шетелдегi бауырларымызбен тәжiрибе алмасу, фотоөнер саласының дамуына үлес қосу мақсатында Алматыдағы ҚР Мемле­кеттiк орталық мұражайында ашылған “Тәуел­сiздiк тағылымы-25” атты фотокөрменi тамашалап, ертесiне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дiң журналистика факультетiнде шеберлiк сабағын өткiздi. Сонымен бiрге белгiлi фотошебер Мақсат Тұрсынбайұлының “Tмax Studio” орталығында қазақстандық әрiптестерiмен танысу, пiкiр алмасу кешi өттi.  
 Қытай Халық Республикасы Алтай аймақтық фотографтар қоғамының мүшесi, кезiнде Шыңжаңдағы әр ұлт жастарының арасынан озат болып марапатталған Қанат– Көктоғай ауданындағы “АRDA FILM” студиясының жетекшiсi. 1975 жылы дүниеге келген ол орта мектеп, жоғары мектептердi үздiк бiтiрдi. Операторлық кәсiптi таңдап, техникалық қызметтiң қыры мен сырын жетiк игердi, ол түсiрген бейнекөрiнiс (видео) шығармалары мен фотокөрiнiстердi көргенде өзiңiз де сол ортада жүргендей сезiнесiз. Ол түсiрген бейнекөрiнiстердi Қытайдағы Шыңжаң телеарнасы, Алтай және аудан, қала телеарналарынан жиi көр­сетедi.
Жас талапкер техникалық бiлiмдi iздене жүрiп үйренiп, фотоөнер саласында тынбай еңбектенiп, маз­мұны бай шығармаларды көпшiлiкке көрсетуге күш салып келедi.
Қанат 2016 жылы Қытайдағы тұңғыш қазақ этно-фотографиялық қоғамына мүше болды. Аймақтық, аудандық фото байқауларының жеңiм­пазы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті