1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №97 (16179) 5 желтоқсан, дүйсенбі 2016
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
5 желтоқсан 2016
Суретке ат қоюдың әдiстерi
Көптеген фотографтардың өз сурет­те­рiне ат қоймауының себебi оларды қалай атау керектi­гiне бас қатырады. Әдемi және ерекше ат қоюдың ешқандай қиындығы жоқ және бұл процесс өте технологиялық болып табылады.
 
№1 әдiс. (қорытынды дәлел)
Бiр немесе екi сөзбен объектiнi сипаттаймыз немесе суретте болып жатқан жағдайды атаймыз. Мұндай атауларға, мысалы: “Фантазия”, “Аяз бен күн”, “Желтоқсан түнi”, “Қара қобдиша”, “Кешкi серуен” жатады. Кейде өзiң суретке түсiрген адамның атымен атасаңыз да тақырып тауып қойылады.
 
№2 әдiс. (өмiрдi сезiну)
Бұл кез келген суреттi өте қызықты әрi терең мағыналы ете алады. Яғни бұл адамдардың iс-әрекеттерiне немесе сезiмдерiне жансыз затты бай­ланыс­тыру арқылы нәтижесiнде философиялық тақырып қоюға болатынын дәлелдейдi. Мысалы: “Күзгi алау әнi”, “Күзгi қоңырау”, “Тұңғиық орман мұңы”, “Көктемгi жаңбыр биi”.
 
№3 әдiс. (мiнез-құлықпен байланыстыру)
Бұл әдiс сiзге қандай да бiр орынды мiнездiң бiр түрiмен – мейiрiмдi, қатерлi, қорқынышты байланысын көрсетедi. Бұндай атаулар суреттi өте эмоционалды етедi және суреттi тамашалайтын адамға үлкен әсер қалдырады. Мысалы: “Көңiлдi музыкант”, “Қуаныштан секiру”.
 
№4 әдiс. (не және қайда?)
Бұл әдiстiң мағынасы сiз суреттегi объек­тiнi, немесе қандай да бiр жағдайды болып жатқан орнымен байланыстырасыз. Мей­лiн­ше, метафорлар мен ерекше естiлетiн сөз тiркесе­терiн қолдан­ған дұрыс. Мысалы: “Тал­ға тiзiлген құстар”, “Күзгi кездесу”.
 
№5 әдiс. (драма)
Бұл әдiстi өте ұтымды әрi үйлесiмдi қолдану керек. Қоштасумен байланысты болатын атауларды қою керек. Мысалы: “Соңғы би”, “Ұмытыл­ған үй”, “Қоштасу кешi”.
 
№6 әдiс. (уақыт)
Суреттiң қай кезде түсiрiлгенi арқылы атасаңыз болады. Мысалы: “Қиын күннен соң”, “Жаңа күн”, “Жаңа жыл алдындағы түн”, Жаңбырдан кейiнгi кездесу”.
 
№7 әдiс. (сезiм)
Суреттi атаудың тағы бiр қызықты әдiсi ол суретке деген сiздiң сезiмiңiздi сипаттайды. Мысалы, “Тыныштық”, “Шабыт”, “Сезiм”, “Қызғаныш”.
 
№8 әдiс. (түсiрiлiм орны)
Суреттi атаудың өте оңай әдiсi. Жай ғана суреттi түсiрген жерiңiздi атай салсаңыз жеткiлiктi. Мысалы: “Үйде”, “Ескi ауылда”, “Тыныш орманда”, “Басқа елде” және тағы басқа.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті