1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №100 (16182) 14 желтоқсан, сәрсенбі 2016
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
14 желтоқсан 2016
«Тәуелсiздiк тағылымы – 25»
Қазақстан Республикасы Тәуел­сiздiгiнiң 25 жылдығына арналған көрме қоғамды тәуел­сiздiк жылдарындағы отан­дық  фотожурна­лис­­тердiң еңбектерi­мен елiмiздiң мем­лекеттiк маңызы бар қоғамдық және рухани оқиғаларымен таныстырады.

Көрмеге Қазақстанның 25 жетекшi фототiлшiсiнiң 100-ге жуық фотожұмысы қойылған. Елiмiздiң Тәуелсiз 25 жылының жарқын да айшықты мезеттерi күнде көз алдымыздан өтiп жатқанымен, соның бәрiн байқай беремiз бе, бiр сәт тоқтап, ой жiберiп қараймыз ба... Ал уақыт зымырап өтiп жатыр. Қазақстанның үздiк фотограф суретшiлерi осынау тәуелсiз жылдарда түсiрген тартымды, кестелi де көрнектi суреттер көрмесiн ұсынуда. Жанарға iлiге бермейтiн тылсым сәттердi фотографтардың зерделi көзбен дөп басып, айтулы заманымыздың көркем шежiресiн жасаған хас шеберлiгiне таңданасыз, тамсанасыз. Елiмiздiң шыққан биiгiне туған жерiмiздiң тiл жеткiсiз сұлулығына сүйсiнiп, мерейiңiз өсерi анық.
Аталмыш шараны ұйымдастырушылар “ФОТОӨНЕР” қоғамдық бiрлестiгi мен “Bank “RBK” АҚ.   
Көрме екi кезең бойынша өткi­зiлуде: I кезең 2016 жылдың 9-20 қараша аралығында Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк орталық музейiнде өткен болса, II кезең Астана қаласында 2016 жылдың 6-31 желтоқсан аралығында Тәуелсiздiк сарайында жалғасуда.
Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
 
 
 
 

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті