1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №8 (16194) 31 қаңтар, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
31 қаңтар 2017
«Деректi фото» шеберi

Ержан Мұхамметұлы 1980 жылы Шыңжан өлкесiнiң Алтай қаласында дүниеге келген. Қызметiн 1999-2013 жылдары Алтай аймағының үгiт-насихат кеңсесiнде бастаған. 2013 жылы ауыл басшылығына келiп, кейiн қайтадан сол үгiт-насихат бөлiмiне ауысқан. 1999 жылдан бастап фотографиямен шұғылданады. Осы жылдары Халықаралық және Жұңғо мемлекетiнен әртүрлi сыйлықтар еншiлеген. Содан берi Жұңғодағы “Халық газетiнiң” және “Синьхуа” агенттiгiнiң ұсынысы бойынша фототiлшi мiндетiн атқарып келедi. Қазақстандағы “Фотоөнер” қоғамдық бiрлестiгiнiң, Қытайдағы фотосурет авторлық құқығы қоғамының және ШҰАР фотосуретшiлер қоғамының мүшесi. Сонымен бiрге жуырда ғана құрылған “Алтай қазақ этно-фотография қоғамының” лекторы. Ұлтымыздың салт-дәстүрiне, мәдениетiне байланысты деректi фото тақырыптарды түсiргендi ұнатады. Соның iшiнде қазақтың төрт маусымдық көшiн 2009 жылдан берi түсiрiп келедi. Осы еңбектерi 2010 жылы мемлекеттiк байқауда бағаланды, 2015 жылы аймақ бойынша ең iрi “Алтай көркем-өнер мәдениетi сыйлығын” еншiлеген. 2016 жылдың желтоқсан айында Қытайдағы мемлекеттiк мұражай мекемесi фотожарыс өткiзiп, сол байқауға деректi фотодан 5 топтама суретi қатысқан. Онда 752 фотосуретшiнiң 15663 туындысы бағаланып, Ержан Мұхамметұлының қазақ ұлтының төрт маусымдық көшi-қоны суреттерi алтын жүлдеге және қазақтың сырмақ ою мәдениетi мен байырғы қар шаңғысы туралы суретi ақшалай сыйлыққа ие болған. Одан соң Шыңжандағы 19-кезектi фотосуретшiлер сайысында (635 адам 5187 туынды қатысқан) 2 деректi фото қазақтың қысқы отардағы көшi-қоны суретi 2-шi дәрежелi күмiс медальмен бағаланды. Айта кетерлiгi, осы 19-кезектегi әр ұлттан қатысқан сайыста қазақ ұлтынан тұңғыш күмiс медаль иеленген адам – Ержан Мұхамметұлы. Оның Алтайдағы қатынас сақшы (МАИ) қызметкерлерiнiң қарлы борандағы топтамалары да жүлделi орынға ие болған.

ШАҢҒЫНЫ ОЙЛАП ТАПҚАН – ҚАЗАҚ
Батыс ғалымдары «қазiргi шаңғы қайда пайда болған?» дегендi зерттей келе, осыдан 10 мың жыл бұрын батыста емес шығыста, Алтай тауын мекендеген байырғы халықтардың ойлап тапқан құралы деген байлам жасаған. Жапонның бiлiктi ғалымдары шаңғыны жете зерттеп, қалың кiтап жазды. Сол кiтапта тау шаңғысының ең алғаш Алтайда пайда болғаны, өзге халықтарға кейiн таралғаны жазылған. Ол аз десеңiз, Жапонияның Саппоро қаласындағы мұражайда терi шаңғысын тек Алтай тауындағы халықтар ойлап тапқан деген анықтама жазылған. Америкалық ғалым төрт жылдан аса Алтайда жүрiп, тау шаңғысын зерттедi де, бiзге тиесiлi деген тұжырымды ғылымға енгiздi. Таудағы тастарға қашалған шаңғының бейнесi де ғалымдардың тұжырымын нықтай түседi. Гиннестiң рекордтар кiтабына “Алтай тауы – ежелгi тау шаңғысының шыққан жерi. Терi шаңғыны ойлап тапқан – осы тауды мекендеушi халық” деп жазылды. 
 

Жас Алаш №79
3 қазан, 2013
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті