1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №8 (16194) 31 қаңтар, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
31 қаңтар 2017
Kodak камерасы

Kodak компаниясы — сандық камераларды жасайтын ең iрi өндiрушi және жарық сезгiш матрицаларды өндiретiн кәсiпорын. Оның 129 жылдық тарихы бар. Компанияны құрған Джордж Истман фотографияның тауқыметi қиын жұмыстарын жеңiлдеттi. Джордж Истман 1878 жылы Рочестер Жинақ банкiнде кiшi кеңсе қызметкерi болып жұмыс атқарды. Досы оған саяхатқа фотоаппарат алып шығуды ұсынған кезден бастап, ол фотографиямен «ауыра» бастайды. Истман сол кездегi ең заманауи фотокамераны сатып алады. Алайда үйге келген кезде таудай үйiлiп жатқан фотоаппараттардың жабдықтарын көрiп көңiлi түседi. Фотоаппарат шағын толқынды пештiң көлемiмен бiрдей болған. Оны тек қана ауыр ағаш таяныш ұстап тұра алатын. Оған қоса химикаттарға толы қорапшалар саны өте көп. Сол кезде Истман iшiнен «мына техниканың барлығын тек қана ат көтере алады» дедi де, үйде қалды. Саяхатқа бармай күнi-түнi үйiнде фотографияның үдерiсiн қалай оңайлатуға болатынын ойластырды.
1888 жылы Джордж Истман әуесқой Kodak №1 камерасын жасап шығарады. Фотоаппарат баяғыша кiшiгiрiм қорап көлемiндей болды (осы үшiн оған «детективтi камера» деген ат қойылды). Ол диаметрi 2,25 дюйм домалақ суреттi пленкаға жiбередi. Бұл жабдықпен нұсқауды дұрыс оқыған кез келген адам жұмыс iстей алады. Нұсқаудың шарттарына: камераны бағыттау, түйменi басу, кiлттi бұрау, жiптi тарту ғана кiретiн. Фотоаппарат таспасы 100 кадрға есептелген және бағасы 25 доллар тұрған. Түсiрiп болғаннан кейiн сатып алушы таспаны аппаратпен қосып, Eastman Company, Нью-Йорк штатына жiберген. Ол жерде суреттердi шығарып, аппаратқа жаңадан таспа салған. Бұл үшiн сатып алушы тағы 10 доллар төлеген. Осыдан кейiн пайдалануға жеңiл әрi арзан фотоаппараттар үлкен сұранысқа ие бола бастады.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті