1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №8 (16194) 31 қаңтар, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
31 қаңтар 2017
Брессоннан 5 Кеңес

Фотожурналистиканың атасы Анри Картье-Брессон фотография әлемiне өз жаңалығын енгiзiп, негiзгi заңдылықтардың негiзiн қалады. Оның суреттерi түсiру кезiнде үнемi “толық деңгейде” болды: фотоларын өзгертпейтiн, түсiрiлген суреттi кадрламайтын. Сонымен қатар, оның есiмi кез келген сәттiң эмоциялық шарықтау шегiн, яғни “шешушi cәттi” түсiрiп алатынымен танымал. Фотография әлемiнде Картье-Брессон оқиғаға экспрессия беретiн мезеттi дәл тани бiлдi.

1. Фокусты геометриялық тұрғыда анықтаңыз, кадрдың нақ ортасы мен шегараларын табыңыз
Анри Картье-Брессон түсiрген фотолардың ең бiр айқын ерекшелiгi – кадрдың анық болуында. Ол әртүрлi, тiптi бiр-бiрiне қарама-қарсы геометриялық фигураларды, мәселен, сызықтар мен көлеңкелердi де бiр фотода ерекше анық бiрiктiре алды. Фотограф кадр шегараларын өте мұқият табатын және кадр орталығына түсiретiн объектiнi ұқыпты таңдайтын едi. Фотографтың көптеген кадрлары рамкаға салынатын. Мұндай көп жоспарлылық өте сәттi кадрлардың бiр белгiсi. Анри Картье-Брессон: “Композиция әрқашан бiздiң қамқорлығымыздан шыққан дүние болуы қажет, сонда ғана түсiрiлiм кезiнде бiз оны тек iшкi түйсiк арқылы сезiне аламыз”, – деген қайталаудан шаршамайтын.

2. Бастысы – сабыр
“Фотограф көп қозғалып, өзiне көп назар түсiрмеуi керек, басқаша айтқанда ұстағысы келген балықтың суын шайқамауы абзал”, – дедi Анри Картье-Брессон. Ол негiзгi әрi шешушi сәттi қалай алу керектiгi, оқиғаның нағыз қызықты, өрлеу шыңында фотоаппарат затворын басу қажеттiгi жайындағы, яғни фотографтар үшiн өзектi болып келетiн тақырыптарға ақылға қонымды және қарапайым тiлмен жауап бердi. Замандастары Анри Картье-Брессонның өте ұқыпты және байсалды болғанын айтады. Ол тiптi көше түсiрiлiмiнде адамдардың түсiрiлiм үшiн өзi идеалды деп санаған нүктелерiне келуiн сабырлылықпен күтетiн едi. “Кейде өтiп бара жатқан бiр адам түсiрiлiмдi аяқтайды, ал кейде түсiрiлiмге жақсы сәттi қаншалықты күткенмен, ол адамсыз кадр толық болмауы мүмкiн”, – дейдi фотограф.
Түсiрiлген кадрлардың iшiнен ол тек (барлық элементтерi бар – өтiп жатқан адамдар, фон, композициясы) дұрысын ғана қалдыратын.

3. Саяхаттаңыз, әлемдi таныңыз
Француз фотографы саяхат жасағанды ерекше сүйетiн. Ол әлемнiң түрлi елдерiнде болып, елдi мекендер мен ондағы халықтарды түсiрген. Саяхат барысында ол көптеген адамдармен танысқан, жергiлiктi салт-дәстүрдi көрiп, сол халықтың атмосферасына кiруге тырысқан. Ол үшiн уақытын аямады: мәселен, Үндiстандағы фотолары үшiн онда бiр жылын өткiзген.
Анри Картье-Брессон елдердiң жаңа мәдениетiмен танысып, “өзге ұлт өкiлдерiмен жақын сөйлесу фотографқа сурет түсiруге шығармашылық шабыт бередi, көзқарасының шегарасын кеңейтедi” деп есептедi.

4. Байқатпай түсiрiңiз
Түсiрiлiм кезiнде Анри Картье-Брессон әрқашан байқалмауға тырысқан, фотограф ретiнде өзiн көрсеткiсi келмей, көпшiлiктен тасаланған. Кейбiр деректерде, ол тiптi фотограф екенiн бiлдiрмеу үшiн камерасына жылтыр заттарды қара изолентамен жабыстырып, үстiне шүберек тастаған. Анри Картье-Брессон қарапайым киiмдердi таңдайтын, жылдам түсiрiп, ешкiм байқамайтындай, тiптi адам есiнеп үлгермейтiндей жылдамдықпен бiр жерден екiншi жерге ауысып, фотолар түсiрген. Ол адамдарға қарама-қарсы тұрып түсiрмейтiн, ол қатардағы адам секiлдi орналасуды жөн санайтын. Мүмкiн, осы арқылы да оның фотоларында адамдар үнемi шынайы, ал суреттер объективтi шығатын болар.

5. Әлемдi суретшi сынды қабылдаңыз
Анри Картье-Брессон суреттi өте жақсы салатын. Сондықтан да өмiрiнiң соңғы жылдарында оның осы өнермен айналысуы кездейсоқтық емес. Суретшiлiк пен фотографияны қатар алып жүрiп, өз әңгiмелерiнде ол фотография мен картинкаларды көп салыстырған. “Көрермен фотографияға дайын болған картинка ретiнде қарайды, және картинка өз композициясымен әрқашан өзiне көз тартатындай ерекше болып тұруы қажет”, – дейдi фотограф. Сурет салудың бар ережелерi мен айырмашылықтарын ол шеберлiкпен фотографияға енгiзе бiлдi.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті