1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №5 (16191)  19 қаңтар, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
3 шілде 2012
Шалкөде – елдiң жайлауы

Маусымның 20-24-i аралығында “ФОТОӨНЕР” қоғамдық бiрлестiгiнiң ұйымдастыруымен халықаралық фотокөрменiңарнайы түсiрiлiмi өттi. Бұл фотокөрменiң негiзгi мақсаты – елiмiздiң әсем табиғатын және ата-баба салт-дәстүрiн сақтау, оны келер ұрпаққа насихаттау, туризмдi дамыту. Түсiрiлiм барысында Жетiсу өңiрiндегi атақты Шалкөде жайлауының тыныс-тiршiлiгiн суреттер арқылы көрсете отырып, елiмiздiң тарихи маңызы бар өңiрлерiн жұртшылыққа жақын таныстыру басты жоспарға алынды. 

5 маусым 2012
Жаңалық
ФОТОӨНЕРДIҢ 100 СҰРАҚ-ЖАУАБЫ
“Фотоөнер бiлiмiнен 100 сұрақ-жауап” деп аталатын бұл кiтап – әйгiлi фотосурет маманы, журналист, ҚХР фотосуретшiлер одағының тұрақты мүшесi, салт-сана фотосуретiнiң докторы, Түсiпбек Сiләм­құлұлының 30 жылдан бергi ғылыми тәжiрибесiнiң жинағы. Оқырмандарға түсiнiктi болу үшiн сурет түсiру барысындағы аса маңызды 100 түрлi техникалық тәсiл сұрақ-жауап түрiнде берiлiп, фотосурет­тiң қоғамдағы маңызы мен рөлi, дәстүрлi фотоаппарат пен қазiргi кездегi көп қолданылып жүрген сандық фотоаппараттардың жалпы құрылысы мен қолданылу жолдары таныстырылған.
5 маусым 2012
Азаматтың фотокөрмесi өттi

Жуырда Абай атындағы ҚазҰПУ-дiң музейiнде көркем-сурет факуль­тетiнiң 2-курс студентi Азамат Айымбетовтiң жеке фотокөрмесi өттi. Онда Азаматтың әр кезеңдерде түсiрген фото­суреттерi қойылды. Әсiресе “Қызғалдақтың отаны – Қазақстан” атты фотосеминардан түсiрген табиғаттың әсем көрiнiстерi көрермендердi таңғалдырды. Фотокөрменiң ашылуында сөз сөйлеген факультеттiң деканы, педагогика ғылымдарының докторы Берiкжан Айтқұлұлы, ФОТОӨНЕР қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Асылхан Әбдiрайымұлы және белгiлi суретшi Марат Нисупов фотокөрменiң иесi Азамат Нұран­ұлына шығармашылық сапарына сәттiлiк тiледi.

5 маусым 2012
Еңбегiмен елге танылған Ермек
ҚР Қарулы күштерiнiң құрылғанына – 20 жыл
Ермектi әскери ортада танымайтындар кемде-кем. Өйткенi ол – кейiнгi алты жылдың шамасында әскерге қатыс­ты барлық iс-шаралардың ортасынан табылып жүрген шебер фото­суретшi. Әлбетте, кейбiр әскери жиындарда кез келген фотографтың еркiн жүрiп суретке түсiруiне тыйым салынатын кездер де болады. Бiрақ Ермекке “жетi қат жердiң астындағы құпияны” бейнелеуге рұқсат берiлген. Ерекең сонысымен де ерекше фотограф. Өз iсiн өте жақсы бiлетiн, ұқыпты, кәсiбiне жан-тәнiмен берiлген азамат.
24 сәуір 2012
Орнын тапқан Орынбай
Кейiпкерiмiз Орынбай Балмұрат – “Егемен Қазақстан” газетiнiң фототiлшiсi. 1957 жылдың 20 тамызында Өзбекстанның Маңғыт қаласында дүниеге келген. Ол мектептi тәмамдаған соң Ташкенттегi Политехникалық институтқа түседi. Институт қабырғасынан автоматты тораптарды басқару мамандығын алып шығады. Сөйтiп институтты бiтiрген соң, 1979 жылы тағдыр жазып Целиноградтан бiр-ақ шығыпты. Алғаш жұмысқа инженер-электрик ретiнде қабылданады. Айлығы көп, бақандай 140 рубль. Бiрақ тiлдесетiн адам таба алмай, орыстарды түсiнiңкiремей, жұмыс орнын ауыстыруға көңiлi ауады. Iштей қыпылықтап жүрсе де, қазақы ортаға кетуге бел буады. 1980 жылы Целиноград телевидениесiне оператор
24 сәуір 2012
Қызғалдақтың Отаны – Қазақстан

20-21 сәуiр күндерi Оңтүстiк Қазақстан облысы, Түлкiбас ауданында “Парктер шеруi – 2012” табиғатты қорғау акциясы аясында “Қызғалдақтың Отаны – Қазақстан” атты республикалық фотосеминар өттi. Семинарға Алматы қаласы мен Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан облысының түрлi бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс iстейтiн 20 кәсiби фототiлшi қатысты. Әр аймақтан жиналған фототiлшiлер семинардың бiрiншi күнiнде шеберлiк алмасу сағатын өткiздi. Кәсiби бiлiктiлiгi жоғары мамандар әрiптес­терiмен тәжiрибе бөлiсiп, өзара пiкiралмасу­лар жүргiзiлдi. Семинардың екiншi күнiнде қазақ қызғалдағы өсетiн Қызылтөбешiк аумағында сурет түсiруден Оңтүстiк Қазақстан және Жамбыл облысы

6 наурыз 2012
Әртүрлi жағдайларда сандық фотоаппаратты пайдалану
Сандық фотоаппаратты барлық жағдайларда қолдануға болады, бiрақ ол үшiн бiрқатар ережелердi бiлу керек.
Егер де фотоаппаратты суға түсiрiп алсаңыз, не жаңбыр тамшылары басқару тетiктерi арқылы iшкi бөлiмiне енсе, камераны барлық қуат энергиясынан ажыратып, үй температурасында 2 сағаттан астам уақытқа қою керек. Ешқандай қосымша кептiргiштер­дi пайдалануға болмайды. Себебi, iшкi микросхе­малар­ға зиян тиедi. Көптеген камераларда шаң-тозаңнан,судан қорғайтын құрылғы жоқ, бiрақ бұл – жаңбыр кезiнде камерамен түсiрмеу керек деген сөз емес. Камераны судан қорғап қойсаңыз болғаны. Ең бiр қарапайым тәсiлi блендаға резiңкемен түбiнде тесiгi бар полиэтилен пакеттi бекiту болып табылады.
6 наурыз 2012
Арнайы көрмесi ұйымдастырылады
Қайрат Мұстафин-80
ҚР Журналистер Одағының мүшесi Қайрат Мұстафин Қарағанды қаласында, қазақтың классик жазушысы Ғабиден Мұста­финнiң отбасында дүниеге келдi. Оның түсiрген алғашқы фотосуреттерi 1950-жылдары “Қазақ әдебиетi” газетiнде жарияланды. Ұзақ жыл Қазақ телеграф агенттiгiнде тынымсыз еңбек еттi. Оның тартымды да мазмұнды фотосуреттерi республика баспасөзi бетiнде үнемi жария­ланып тұрды. Түсiрген суреттерi сол кездегi бүкiлодақ­тық, халықаралық фотокөрмелерге қойылып, жоғары бағаланып, лайықты марапатталды. Қайрат Ғабиденұлы баспа, кiтап көркемдеу iсiне де үлкен үлес қосты.
8 қараша 2011
“Тәуелсiздiк тағылымы” фотокөрмесi
ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСIЗДIГIНIҢ 20 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕСIНЕ АРНАЛАДЫ
2011 жылдың 2 қарашасында, Алматы қаласында Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттiк өнер мұражайында Қазақстан республикасы Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдық мерекесiне арналған “Тәуелсiздiк тағылымы” фотокөрмесi өттi. Мерекелiк шараны Алматы және Астана қалалары әкiмдiгiнiң қолдауымен “ФОТОӨНЕР” қоғамдық бiрлестiгi ұйымдас­тырған. Фотокөрменiң бас серiктесi – “Bank “RBK” АҚ .
8 қараша 2011
Серiктiң серiгi – фотоаппарат
Серiк – бүгiнде облыстық “Маңғыстау” газетiнiң фототiлшiсi. Оның түсiрген суреттерiне зер салып қара­саң, болған оқиғаны айна-қатесiз ұғасыз, тiптi кейде көпшiлiгiмiздiң көзiмiз байқай бермейтiн сәттердi ол аппаратына түсiрiп ала қояды. Серiктiң фотоөнерге келуi кездейсоқ емес. Ол бұл кәсiптi бала кезiнен армандапты. Сол күндердi есiне алса, бақилық болған Оспан ағасы ойына орала бередi. Себебi Серiк ең алғаш суреттiң қалай түсiрiлiп, қалай шығарылатын осы ағасының қолынан көрген едi. Әуесқой фотоға түсiрушi Оспан ағасы күнде кешкiлiк балаларды қасына жиып алып, ап-ауыр фотоаппаратындағы күнде түсiрген сәттерiн қағазға шығару қамына кiрiседi.
8 қараша 2011
Рафхат Халелов
ҚАЗАҚТЫҢ ҚАДЫРЫ
Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығы қарсаңында ҚР Мемлекеттiк Орталық музейiнде кәсiпқой фотосуретшi, Қазақстан Журналистер одағының мүшесi Рафхат Халеловтiң (Орал қаласы) “Гүлдене бер, туған жер!” атты жеке фотокөрмесi ашылды. Ұйымдастырушы – “Қадыр Мырза Әлi атындағы қоғамдық қоры”. Кәсiпқой фотосуретшi Рафхат Елжасұлы Халелов 1971 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қалдығайты ауылында мұға­лiмдер отбасында дүниеге келген. Ол М.Өтемi­сов атын­дағы Батыс Қазақстан мемлекеттiк университетiн кiтапхана­тану және библиография мамандығы бойынша бiтiрiп шықты. Еңбек жолын Қаратөбе аудандық тұрмыстық қамту комбинатында
20 қыркүйек 2011
“Алматы бейнесi” фотокөрмесi.

Қыркүйек айының 14-16-сы аралығында Ғылым академиясының алдындағы Шоқан Уәлиханов алаңында Қала күнiне арналған “Алматы бейнесi” фотокөрмесi өттi

20 қыркүйек 2011
Тұңғыш фотостудия

XIX ғасырдың ортасы ауа қазақ жерiне Ресейден орыс шаруалары үдере қоныс аудара бастады. Сондай қоныс аударушы шаруа көшiмен Семей шаһарына Томск губерниясынан Соломон Лейбин деген мұжық келiп, қазақ жерiндегi тұңғыш фотозертханасын ашады. Бүгiнгi бiзге жеткен Құнанбай әулетiнiң, Абайдың, Шоқан Уәлихановтың және жер аударылған Федор Достоевскийдiң фотобейнелерiн сол Лейбин түсiредi. Бiрақ та бұл өте құнды фотолардың авторы жөнiнде басқа да пiкiрлер бар. 1873 жылы Жетiсу губернаторы Колпаковский сол Лейбиндi Верный шаһарына алдырып, Штабной және Колпаковский (қазiргi Гоголь және Достық даңғылы қиылысы) көшелерi түйiскен тұста қаладағы алғашқы фотостудия ашылады.

20 қыркүйек 2011
Қас қағым сәт...
“ЛЕНИНШIЛ ЖАСЫМДЫ” САҒЫНАМЫН” ДЕЙДI СУРЕТШI, ФОТОТIЛШI ҚАСЫМБЕК НҰРБЕКОВ.
...Ол бiр ғажап дүние. Оның алдында кiм де болсын тiк тұрады. Мейлi атақты, мейлi президент бол, ол кез келген пенденi бiр сәтке болса да демiн iшiне тартқызып, өзiне тура қаратады. Ол, ол ма, тiптi ешкiмнiң қолынан келмейтiн уақытты да бiр сәтке тоқтатады. Ол дүниеңiз – қарапайым фотоөнер. Саналы ғұмырын фототiлшiлiкке, сонымен бiрге кескiндемеге, графикаға арнаған Қасымбек Нұрбеков мiне осындай құдiретке ие, осы өнердi бағындырған азамат. Ол фототiлшiлiкке базбiреулердей кездейсоқ немесе нан тауып жесем деген ниетпен келген жоқ. Оны бұл өнерге табиғат берген тума таланты жетелеп келген.
9 тамыз 2011
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12»