1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4 (16190) 17 қаңтар, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
28 маусым 2011
Бiзге таныс бейнелер
БАҒДАТ ЖАНДОСАЙ
Бағдат Жандосай “Жас Алаш” газетiнiң байырғы қызметкерi едi. Балалық шағы зобалаң жылдарға тап келген, жiгiттiк шағы Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың отты жылдарына орайласқан, кеудесi күмбiр-күмбiр шежiреге толы, кешегi мен бүгiнгiнi жалғап, қара шаңырақта елу жылдан астам уақыт бойы табан аудармай еңбек еткен Алаштың ардагерi Бағдат ата Жандосай өзiнiң “Жас Алашымен” қашанда бiрге едi. Төмендегi тарихи суреттердi Бағдат Жандосайдың жолын қуған сүйiктi қызы, суретшi, Қазақстан Суретшiлер одағының мүшесi, халықаралық көрме фестивалiнiң алтын медаль иегерi Раушан Момбекова редакциямызға ұсынды.
28 маусым 2011
Образды объектiге көшiре бiлетiн
РАХЫМБАЙ ХАНАЛЫ
Рахымбай Ханалы жиырма жылдан астам уақыт бойы “Қазақ әдебиетi”, “Қазақстан пионерi” (қазiргi “Ұлан”), “Лениншiл жас” (қазiргi “Жас Алаш”) газеттерiнде қызмет атқарды. 1985 жылы Мәскеуде өткен Дүниежүзiлiк студент жастардың XII фестивалiнiң лауреаты. 1989 жылы 28 наурыз бен 7 сәуiр аралығында Үндi елiнде өткен жеке фотокөрмесi үлкен табысқа жеттi. Қазақстан журналистер одағының бiрнеше дүркiн лауреаты. Екi рет Қазақ КСР-i Жоғарғы Кеңесiнiң Құрмет грамоталарымен, “Тәуелсiздiктiң он жылдығы” медалiмен марапатталған.
11 мамыр 2011

Мәди Медетұлы - Алматыда 1994 жылы 7 шiлдеде дүние­ге келген. Әуезов ауданы №126 мектеп лицейiнiң 10-сыныбында оқиды. Алтыншы сыныптан бастап “Гүлстан” республикалық ғылыми-танымдық, көпшiлiк журналында көркемдеушi болып жұмыс iстеп, фотосуреттер түсiре бастаған.  2009 жылы “Дельфилiк ойындар” атты сурет сайы­сына қатысып, жүлделi бiрiншi орынды иеленген Мәдиден келешекте жақсы фотосуретшi шығады деген сенiмдемiз! Мағжан Құлжабай - Алматы қаласында 1995 жылы 24 қаңтарда туған. Бүгiнгi күнi Әуезов ауданына қарасты №126 мектеп лицейiнiң 10-сыныбында оқиды. Алтыншы сыныптан бас­тап “Гүлстан” республикалық ғылыми-танымдық, көпшiлiк журналында фотосуретшi болып жұмыс iстеп, фотосуреттер түсiруге деген құштарлығы арта бастаған. 2007 жылдың тамыз айында “Гүлстан” гүл алқабында ландшафтық кескiндеу, гүл түрлерiн жақсы меңгергенi үшiн дипломмен марапатталған. 

11 мамыр 2011
Елiм деп соққан жүрегiм

Жуырда Алматы облысы әкiмiнiң Талдықорғандағы, “Көркемөнер” галереясында “Азия – Қазақстан” фотоклубының мүшесi, фототiлшi Жеңiс Ысқабайдың “Елiм деп соққан жүрегiм” атты көрмесi өттi. Бұл көрме тәуелсiздiктiң жиырма жылында жеткен жетiстiгiмiздi паш ету мақсатында ұйымдастырылды. Көрмеге суретшiнiң Жетiсу өңiрiндегi саясат, мәдениет, спорт, табиғат саласы бойынша 200-ден аса туындысы қойылды.

11 мамыр 2011
90 жылдық тарихтың толайым сәттерi-ай

“Жастар газетiнiң ойлап таппайтыны жоқ” деп жалпы жұрт қайран қа­лып айтатыны жасырын емес. Со­ның бiр көрiнiсi – сонау 1975 жылы бүгiнгi “Жас Алаш” – бұрынғы “Ле­нин­шiл жас” республиканың түкпiр-түкпiрiне бойлай енiп, көктей шолған экспедиция ұйымдастырған едi. Ел-жұрттың өмiр-тынысын терең зерттеп, замана құбылысын бағамдамақ мақсатындағы бұл журналистiк жорықтың бiр кезектегi сапары Жамбыл облысының Қордай өңiрiне бағытталды. Редакция ұжымы атынан ең әуелi Қазақстанның халық ақыны, әйгiлi әншi-композитор, тамаша орындаушы Кенен Әзiрбаевқа пайғамбардың сәлемiн берiп, батасын алу рәсiмi өтелдi. Торқалы тоқсан жасын өткен жылы тойлап, екi дәуiрдiң басын қосқан бүкiл ақындардың ақсақалы тоқсан бiр жасында да тың, ой-санасы шайдай ашық едi.

11 мамыр 2011
Алтайдың арғы бетiнде...

Арғы беттегi әрiптестер, анығырақ айтсақ, ШҰАР Алтай аймағындағы фотографтар сәуiр айының 8-iнен 13-i аралығында, Алтай қазақ фотосуретшiлерiнiң тұңғыш кезектi шығармашылық фотокөрмесiн өткiздi. Көрмеге Алтай газетi мекемесi ақпарат бөлiмiнiң аға фототiлшiсi Ардақ Бейiсханұлы мен Тасқын Ысқақұлы сияқты 16 фотографтың 170 фототуындысы қойылып, көрменi әр күнi 1000-нан астам адам тамашалады.

4 наурыз 2011
Табиғатты тамыршыдай таныған

2003 жылдың күзiнде Астана мен Алматы қалаларында өз фото көрмесiн ашып, елдi елең еткiзген Түсiпбек Сыламқұлұлын   қазақстандықтар да жақсы таниды. Т.Сыламқұлұлы Қытайда Еренқабырға тауының етегiнде 1946 жылы дүниеге келдi. Орта мектептi ауылда оқып, тiл-әдебиет мамандығы бойынша Бейжiңдегi Ұлттар институтын 1968 жылы тәмамдап, еңбек жолын Үрiмжi қаласында аудармашы болудан бастайды. Тиындап жиған ақшасын фотоөнерге қатысты техникалық жабдықтар сатып алуға жұмсап, сурет түсiрудiң сан қилы тәсiлдерiн үйренедi.

4 наурыз 2011
Сейдахмет Бердiқұлов, Халида Шафиева, Әбiлпейiз Ыдырысов, Үмiрниса Садықова, Фермехан Шоева, Гүлшаруан Күзербекова, Жолдасхан Бозымбеков, Хайдолла Тiлемiсов, Петр Редько, Абай Бейсембаев, Бүркiт Ысқақов, Саттар Бөлдекбаев, Медеу Сәрсекеев, Аяған Сағаев, Әбiқұл Ибрагимов, Тұрсынбай Кәкiмов, Бекежан Тiлегенов, Зәкiр Асабаев, Саматай Кәрiбаев, Совхозбек Тоғысбаев, Төлеужан Ысмайылов, Камал Ысмайылов, Бекен Әбдiразақов, Бибiхан Байтелесова, Бағдат Момбеков, Тельман Жанұзақов (Телпеков), Салық Молдахметов.
20 қаңтар 2011
Әрбiр сәтте бiр сыр бар
Жұмабай Несiпжанұлы Мұсабеков
1968 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеңсу ауылында дүниеге келген. Халықаралық мамандықтар институтының “Халықаралық құқық” факультетiн бiтiрген. Отан алдындағы әскери борышын өтеп келгеннен кейiн еңбек жолын қарапайым жұмыстан бастаған Жұмабай Несiпжанұлы Алматы облыстық “Жетiсу” газетiнде 2000 жылдың 1 тамызынан бастап еңбек етiп келедi. Облыс әкiмi жүлдесi үшiн жыл сайын дәстүрлi өтiп жүрген журналис­тер байқауында фототiлшi ретiнде бiрнеше дүркiн бас жүлденi иеленген.
20 қаңтар 2011
Тұран ойпатының өркениетi
Шәкимардан Мәжитұлы Абдықалықов
ҚР Мемлекеттiк Орталық музейiнде 2011 жылы 13 қаңтарда әуесқой фототүсiрушi Шәкимардан Мәжитұлы Абдықалықовтың “Тұран ойпатының өркениетi” атты фотокөрмесi ашылды. Фотокөрмеге фотошебердiң 86 жұмысы ұсынылды. Шәкимардан Мәжитұлы Абдықалықов Сыр өңiрiнде 1949 жылы 27 мамырда дүниеге келдi. Оның алғашқы “Тұран ойпатының өркениетi” атты фотокөрмесi 1999 жылы қазан айында Қорқыт атындағы Қызылорда педагогикалық университетiнiң ұйымдастыруымен ЮНЕСКО бағдарламасы аясында Парижде өткiзiлдi.
7 желтоқсан 2010
Арал: кемелер «моласы»
Фототiлшiнiң кәсiбi – ғажап кәсiп. Одан да ғажабы – ұлттық телеграф агенттiгiнде жұмыс iстейтiн фототiлшiнiң қызметi. Өйткенi, онда дер кезiнде, лезде, қайда және қашан тарихи оқиғалар орын алып жатса, сол жерден табылуға мүмкiндiк мол.
1989 жылы Мұхтар Шахановтың арқасында Қарақалпақстанға сапарға шықтым. Жас фототiлшiмiн. Ол жердi көзбен көрдiм. Қатты толғандырды. Шөлейт жер. Тот басқан кемелер. Кең тыныс алу мүмкiн емес. Тұзды, құрғақ, шаң...
Бұл – экологиялық апатты аймақ-тұғын. Бiрақ мұны ол кезде терең түсiнбеген болатынмын. Алайда Қазақстандағы Арал аймағында дәл осындай кемелердiң зираты бар екенiнен хабардар едiм. 1991 жылы Арал қаласына жаяулатып, кездескен көлiкке мiнiп, дәл осы жантүршiгерлiк жерге аяқ бастым. Санаулы сағаттарда көргендерiмдi суретке тарттым. Кешқұрым, кемелердi күн батар сәтте түсiргiм келдi. Әйткенмен жергiлiктi жол­серiгiм кешке қалмауыма кеңес бердi. Жақын маңда қараусыз қалған мазар да болатын...
7 желтоқсан 2010
«Тәуелсiздiк: қас-қағым сәт»

Шүкiр ШАХАЙ еңбек жолын Оңтүстiк Қазақстан облысы Киров (қазiргi “Мақтаарал”) аудандық “Коммунистiк еңбек” газетiнде фототiлшi болып бастаған. Одан кейiн әр жылдары республикалық “Қазақстан пионерi”,”Халық кеңесi” газеттерiнiң фототiлшiсi болып қызмет iстеген. 1990-96 жылдары жалпыұлттық “Егемен Қазақстан” газетiнде фототiлшi болып еңбек еттi. Сондай-ақ, республикалық “Жас Алаш”, халықаралық “Түркiстан” газетiнде жұмыс iстедi. 2002 жылдан берi Қазақстан Республикасын премьер-министрiнiң жеке фототiлшiсi.

27 шілде 2010
Оның әр суретiнен жастықтың жалыны көрiнiп тұратын

Фотография бастапқы кезде мер­зiмдiк баспасөздi безендiру, көркемдеу құралы ретiнде қолданылды. Оның баспасөз беттерiнен тұрақты орын алуы 1932 жылдың 9 мамырынан басталды. Дәл сол күнi Алматыда ВКП (б) Орталық Коми­тетiнiң партиялық баспасының Қазақстандағы филиалы ашылды. Соған байланысты баспахана техникалық тұрғыдан жаңартылып, газет-журнал беттерiнде жарияланатын фотосурет­тердiң клише­лерiн жасайтын цех iске қосылды. Бұл өз кезе­гiне орай мерзiмдiк баспасөз­дiң сапасын арттырумен қа­тар олардың бiр орталыққа шоғырландырылуына мүмкiн­дiк туғызды.

27 шілде 2010
Сурет түсiрудiң мәдениетi
Сурет түсiру кезiнде ең алдымен жағдайға қарап әрекет етiп, айналадағы адамдардың көңiл-күйiн бақылап алу маңызды. Егер қандай да бiр жағымсыз жағдай болып, суретке түсi­руге бiр адам қарсы болса, онда оның рұқсатынсыз түсiр­меген жөн. Егер суретке түсiру кезiнде сiздiң жаныңызда тұрған адамның өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төнсе, егер сол адам­ға сенiң көмегiң керек болып тұрса, сурет түсiрудi қойып, ол адамға көмектескен жөн. Қа­лай болғанда да бiз ең алдымен адам баласы екенiмiздi ұмытпағанымыз дұрыс.
22 маусым 2010

Тақырыбы – “Қас қағым сәт”

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12»