1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (16200) 16 ақпан, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
8 наурыз 2016
Жалғыз кадр
Орталық Азиядағы Reuters агенттiгiнiң фототiлшiсi Шамиль Жұматовтың осы салада жүр­генiне – 20 жыл. Дәрiгерлер әулетiнен шыққан ол, бұл мамандыққа кездейсоқ келген. Ата-анасы фотоаппарат сыйлаған сәттен бастап бұл өнерге қызығушылығы артып, “Ленинская смена” газетiне бiр суретiн апарады. Алайда сапасы нашар болғандықтан суреттi қабылдамағаны Шамильдiң намысын оятады. Осы сәттен бастап Шамиль Жұматовтың шығармашылығы дами түседi. Ең ал­ғашқы репортаждық суретiн “Дружные ребята” газетiне бе­редi. “Ленинская смена” газетiн­де 4 жыл, ҚазТАГ-те 4 жыл қызмет етедi. Әлемнiң 2400 жур­налис­терiн, фотографтар мен бейнеоператорларын бiрiктiретiн Reuters агенттiгiнде 1994 жылдан берi жұмыс iстейдi.
8 наурыз 2016
Бас жүлдегер – Бақытхан Әсетұлы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нiң журналистика факульте­тiнде, 2015 жылдың сәуiр – желтоқсан айларының арасында, бүгiнгi қазақ фотоөнерiнiң бел ортасында жүрген таңдаулы, танымал деген 10 фотошебер байқауға түскен болатын. Яғни олар кезекпен ай сайын өздерi­нiң жеке шығармашылықтарын көпшiлiкке, соның iшiнде арнайы сурет өнерiнiң мамандарына таныстырды

8 наурыз 2016
400 қыз қатысқан кастинг

1967 жылы “Лениншiл жасқа” жаңа кино түсiрiлетiнi, сол фильмде ойнайтын актерлерге байқау жарияланғаны туралы ақпарат жарық көрдi. Қыз Жiбек рөлiне үмiткерлер тiптi көп болды. Кастингке 400-ден астам қыз қатысқан екен. Кiлең сұлулар, сән-салтанаты бiр-бiрiнен асып түседi. Сырт келбет маңызды болғанымен, iшкi сұлулықсыз, Алла берген дарынсыз тағы болмайды.

8 наурыз 2016
Жездемнен қалған жәдiгер
Жездем Батырханов Бұқарбай 1986 жылдың 16 сәуiрiнде менiң туған күнiме үлкен сый жасаған едi. Ол – қазақ вальсiнiң королi, қайталанбас композитор Шәм­шi Қалдаяқовтың еш жерде жарияланбаған суретi. Жездем Алматыға шет тiл­дерi институтына оқуға түсiп, кейiнiрек шығармашылық жолды таңдап, қаламын қару етiп, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет еттi.
21 қаңтар 2016
Торғай геоглифi
Жуырда “Қазақстан ғарыш сапары” ҰК” АҚ  Питтсбург уни­верситетiнiң (АҚШ) өкiлi Рональд Лапортенiң (Ronald Laporte) сұрауы бойынша қысқа мерзiмде Қостанай облысындағы геоглифтерi бар ауданды суретке түсiрдi. Торғай геоглифтерiн алғаш рет 8 жыл бұрын 2007 жылы қостанайлық зерттеушi  Дмитрий Дей ашып, «Торғай дискавери» жобасын iске қосты.  Осылайша, онымен америкалық Питтсбург
21 қаңтар 2016
National Geographic Қазақстан журналының алғашқы саны жарық көрдi

Осылайша, әлемнiң 38 тiлiнде шығып, 80-нен астам елге тарайтын беделдi басылым қазақтiлдi оқырмандарға қарай қадам басты. Бұл бiр жағынан дүниежүзiнде 60 миллионнан астам оқырманы бар журналдың Орталық Азия аудиториясына бет бұрғанын бiлдiредi. Сонымен қатар, әлемдiк деңгейдегi шетелдiк журнал Тәуелсiз Қазақстан тарихында тұңғыш рет ана тiлiмiзде басылып, мемлекеттiк тiлдiң халықаралық

21 қаңтар 2016
Барлаушы (шпиондық) камералар
Өткен ХХ ғасырда да бүгiнгiдей ғарышта жерсерiктерi ұшып жүр­мегенiмен, ақпараттарды табу қажет болды. Ғылым мен техника саласындағы алдыңғы қатарлы, озық жаңалықтардың барлаушыларға көмегi тидi. Әрине олар ескiргенiмен, нағыз шпиондық камералармен танысып көру қызықты болар.  Кодак фирмасының К-24 камерасы
21 қаңтар 2016
Фотографиядағы сюрреализм: Филипп Халсман мен Сальвадор Дали
Сюрреализм (фр. surrealisme) — 1920 жылы Францияда пайда бол­ған өнер саласы. Ол аллюзияларды қолдану мен пiшiндердi үйлестiру­мен ерекшеленедi.  Сюрреализмнiң негiзiн қалаған Босха алғаш рет көрерменге қатты байқалмайтын шындықты көрсеттi. XIX ғасырда Редон әлем бейнелеу өнерiнде қайта жаңалық ашты. Ол – сюрреализм. Редон өрмекшiнiң iшiне адам бейнесiн салды (“Жылап тұрған өрмекшi”,1881).
21 қаңтар 2016
Шардараның фотошежiрешiсi
Соңғы марапат. Шардара ауданының әкiмi Қамытбек Айтөреев О.Төлегеновтiң «Өскен өңiрде» жұмыс iстегенiне 30 жыл толуына орай алғыс хат тапсырды. 2014 жыл, күз айы. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесi Оңласын Төлегенов артында өшпестей мұра қалдырған, өз жұмысына шынайы берiлген талантты фототiлшi едi. Ол өзiнiң отыз жылға жуық ғұмырын шығармашылыққа арнап сырлы ды сұлу Шардараның фотошежiресiн жасап кеткен бiрегей маман.
24 қараша 2015
Поларойд (Polaroid) компаниясының жаңа өнiмi
Бүгiнде Берлинде (Германияда) өтiп жатқан IFA 2015 көрмесiнде Поларойд   компаниясы “Snap” атауымен өзiнiң қызықты жаңа өнiмiн ұсынды. “Snap” – миниатюралық принтер құрылғысы орнатыл­ған компактiлi шағын фотокамера.Қондырғы көлемi 50 – 75 мм фотосуреттер шығара алады. Бiр суреттi шығаруға 1 минуттай уақыт кетедi. 
24 қараша 2015
Фотосын

Қытайдың Алтай өңiрiнен арнайы шақырыл­ған, этнография және табиғат түсiрiлiмдерiнiң шеберi,   Алтай аймақтық фотосуретшiлер қоғамының  мүшесi, халықаралық фотобайқаулардың жүлдегерi Бақытхан Әсетұлының   “Фотосын” сағатына шақырамыз!  Мекен-жайы:  Алматы қаласы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың    журналистика факультетi. 230 ауд. 26 қараша (бейсенбi), 2015 жыл. Сағат 17-00 де.

24 қараша 2015
Ауыл тынысы

Жұмағұлов Айбол Тұяқбайұлы. 1982 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 2006 жылы Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiн бiтiрген. Бүгiнде Парламенттiң Инженерлiк орталығында инженер маманы.

24 қараша 2015
Америкалық фотограф Райн Белл
Жуырда ҚазҰУ-дың журналистика факультетiнде америкалық “National Giographic” фотографы Райн Белл қазақстандық журналистер мен фототiлшiлерге, студенттерге кәсiби шеберлiк сағатын өткiздi. Жалпы, өз басыма жақсы, пайдалы кездесу, сұхбат болды. Өзектi мәселелер қозғалып, қажеттi ақпараттар мен кеңестер берiлдi. Көкейде жүрген сан сауалдарға жауаптар алынды.
24 қараша 2015
Сыр тұнған жәдiгер
...1992 жылдың сәуiр айының соңғы күндерiнiң бiрi. Уәделi сағатта қазақ киноөнерiнiң майталманы Ескендiр Мұхамеджанұлы Тынышбаевпен сұхбаттаспақпын. “Әке көрген оқ жонар” демек­шi, Ескендiр кәсiби мамандық таңдауда қазаққа тосындау көрiнген техника мен шығармашылық өнердi ұштастыруды мақсат еттi. Тұрар Рысқұлұлының ақылы әрi тiкелей көмегiмен 1930
13 қазан 2015
Түнгi түсiрiлiм құпиялары

Түнгi сұлу көрiнiстi түсiргiңiз келсе, түнде емес, ымыртта (бiрден күн батқан соң не күн шығардан бұрын) түсiрiңiз. Осы мезетте сiз аспанның әсерлi көрiнiсiн ұстай аласыз әрi жарық күшi аса жоғары (све­то­силь­ный) объектив iздеп те әу­ре­­ленбей­сiз. Сонымен қа­тар суре­тi­­ңiз­­де көп эле­мент қамтылады әрi қанықтығы да аса қатты болмайды, жалпы айтқанда, суретi­ңiз қараңғыда түсiргеннен әлдеқайда жағымды болады.

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12»