1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №33 (16219)   27 сәуір, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
19 мамыр 2015
Сөйлеп тұратын жанр
Фотожурналистика – 160
Тұңғыш фототiлшi Роджер Фентон 1855 жылы ағылшын зкспедициялық кешенiмен бiрге Қырымға аттанып, бiр жылдан кейiн жүздеген сурет түсiрiп оралды. Сол кездiң өзiнде фотокамера әскери тiлшiлер мен журналистерге өмiрдiң шынайы тiршiлiгiн көрсетуге қызмет еттi. Мiне, осы фотожурналистикаға биыл 160 жыл толды. Фотожурналистиканың  басқа фотографиялық өнерге қарағанда күнделiктi өмiр­де бiз байқамайтын шынайылықты көрсетуге мүмкiн­дi­гi мол.
19 мамыр 2015
Cын айту – мiнеу емес, түзеу
Жуырда Алматы Полиграфия колледжiнде “Фотоөнер” қоғамдық бiрлестiгiнiң ұйымдасты­руымен кезектi “Фотосын” сағаты болып өттi. Бұған дейiн “Фотосын” сағаты екi рет әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дiң журналистика факуль­тетiнде өткен болатын. Онда “Игiлiк” журналының фототiлшiсi Мақсат Тұрсынбайұлының фотосу­реттерi көпшiлiк талқысына түскен едi.  Бұл жиынға колледж басшылары, мұғалiм­дер, студенттер, фотосуретшiлер, дизайнерлер және бейнеоператорлар қатысып,
7 сәуір 2015
Әркелкi фотоаппаратқа шолу
СIРIҢКЕНIҢ ҚОРАБЫНДАЙ
Әлемдегi ең кiшкен­тай фотоаппаратты ойлап тапқан, үнемi пайдаланатын ел – Жапония. Сiрiңкенiң қорабындай ғана мини-гаджеттердiң басты ерекшелiгi сыртқы дизайнi­нiнен-ақ көз­ге ұрып тұрады. Chobi Cam асықтай ғана мини-фотоаппараттың қосымша әйнеккөзi бар, дыбыстық бейнетүсiрiлiмдi де iске асыра алады, ең қолайлысы су өткiзбейдi. Яғни теңiздiң тұңғиығына сүңгiп алып та сарт-сұрт фотоға түсiрiп, бейнежазбаны да iске қоса аласыз.
7 сәуір 2015
Тамаша ой салған кездесу
ҚАЗАҚСТАН – ҚЫТАЙ ШЕБЕРЛЕРIНIҢ ТӘЖIРИБЕ АЛМАСУ ЖИНАЛЫСЫ
Үшiншi кезегi өткен “Шiң­гiл салбурын салтанаты” тек саятшылардың өнер көр­сетiп, құс бабын сынайтын жарысы ғана емес, шартараптан са­был­ған фотографтардың да бабы мен бағын бағамдайтын шараға айналып барады. Жылдағыдай би­ыл да шетелден, iшкi өл­ке­лерден ауданның әр аймағынан мыңнан аса фотограф келдi. Мемле­кеттiк этнографиялық фотосурет магистрi, Алтай аймақтық фотографтар қоғамы төр­ағасының орынбасары Се­рiк Мұқышұлының ұйымдастыруымен, Шiңгiл ау­дан­дық партком
7 сәуір 2015
Ел шежiресiн еншiлеген
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк орталық музейi 2015 жылдың 1 сәуiрiнде хронодокументалист, ҚазТАГ-ТАСС фототiлшiсi Мұрат Мамбетовтiң жеке фотокөрмесi ашылды. Ол – КСРО Журналистер одағының және Қазақстан Журна­лис­тер одағының мүшесi, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегерi (2006 ж.). Мұрат Мамбетов 1955 жылы Батыс Қазақстан облысының Каменка ауылында дүниеге келген. Ол фотосу­рет­ке жетi жасынан әуес. Ол өзiнiң еңбек жолын 1957 жылы Орал қаласындағы облыстық теларнасында кинооператордың көмекшiсi болып бастады. Мұрат кә­сi­би фототiлшi (Полиграфиялық техникалық училище, Уфа қаласы) және журналист (сырттай ҚазМУ, Алматы қаласы) мамандығына
7 сәуір 2015
Талғампаздық талқысы

“ФОТОӨНЕР” Қоғамдық бiрлестiгiнiң ұйымдастыруымен ай сайын өткiзiлетiн “Фото сын” сағатының алғашқы кездесуi өттi. “Фото сында” бiрiншi болып бағын сынаған – фотограф Ардақ Төлеубай. “Суреттер сөйлейдi” бастамасын көтерген Ардақ Төлеубайдың өзi едi. Бұл шараның мақсаты – фотографтардың туындыларына сыни баға бере отырып, кемшiлiктердi айту, сапалы суреттердiң санын арттыру, сөзбен емес iспен дәлелдеу. Сонымен бiрге жас фотографтарға дұрыс бағыт-бағдар беру.

27 қаңтар 2015
Қолөнер әрi сурет шеберi
Жайлау Таласов 1973 жылы Атырау облысы, Сағыз ауылында туған. 1999 жылы Орал Таңсықбаев атындағы Алматы қолөнер колледжiнiң көркем-қыш факультетiн бiтiрген. Көркем сурет өнерiмен 1994 жылдан берi шұғылданады. 1997 жылы “Алматы: сквозь сотни линз”, 1998 жылы “Бейбiтшiлiк және рухани татулық” атты халық­аралық фотокөрмесiне қатысқан. 2000 жылы қол­өнер шеберi ретiнде Атырау облысы әкiмi сыйлығының иегерi атанды. Түрлi облыстық басылымдарда көркем фотолары жарияланып тұрады. Бұл күнде фотоөнер саласы бойынша жеке кәсiпкер.
27 қаңтар 2015
Nikon D7100 фотоаппараты – бұл D7000 айнасының жаңартылған моделi саналатын айналы сандық фотоаппарат. Nikon D7100 фотоаппараты әуесқойлар мен фототү­сiрiлiм ынтагерлерiне (энтузиаст) ыңғайлы болуы үшiн арнайы құрастырылған, орта кластағы ең үздiк айналы модельде­рiнiң бiрi. Nikon D7100 фотоаппаратының орташа бағасы шамамен 1500 АҚШ доллары.
27 қаңтар 2015
Сұлулықты суреттеген студент

ҚазҰУ-дың журналистика факультетiнде «Сұңқар» студенттер кәсiподағы» қоғамдық бiрлестiгiнiң қолда­уымен баспа iсi және дизайн кафедрасының 4-курс студентi, «Фотоөнер» қоғамдық бiрлестiгiнiң мүшесi Досжан Балабекұлының ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына орай жарық көрген «Қыр гүлiндей жайнаған ҚазҰУ қызғалдақтары» атты фотожинағының тұсаукесерi өттi.

27 қаңтар 2015
Шүкiр Шахай шаң қаптырды
Астанада “Егемен Қазақстан” газетiнiң 95 жылдығына орай бильярдтан қоғам қайраткерлерi мен БАҚ өкiл­дерi арасында турнир өттi. Тастаяқ тартысында елуге жуық елге танымал азамат бақ сынады. Турнир шартына сәйкес қатысушылар жасы алпыстан асқандар “Ағалар” тобы, алпысқа дейiнгiлер “Жастар мен жасамыстар” тобы болып екiге бөлiндi. “Ағалар” тобында Төлен Әбдiк, Қойшығара Салғараұлы, Намазалы Омашев, Тұрсын Жұртбай, Сауытбек Абдрахманов, Жол­тай Әлмаш, Несiп Жүнiс­байұлы сынды
27 қаңтар 2015
NATIONAL GEOGRAPHIC 2014 фотобайқауының жеңiмпаздары анықталды
1888 жылы бiр топ ғалым мен әуесқой фотоға түсi­рушi­лер National Geographic қо­ғамын құрды. Алғашқы журнал сол жылы қазанда жарық көрдi. Қоғам 125 жылда әлемдегi iрi коммерциялық мекемеге емес, танымдық жә­не ғылыми ұйымға айналды. Ал жуырда National Geogra­phic 2014 қоғамы халықаралық байқау жариялады.   Әлемнiң 150 елiнен жолданған 9 мың фотосуреттiң арасынан жеңiмпаздар анықталды. 
27 қаңтар 2015
Қазақ фотоөнерiн әлемдiк деңгейге көтердi

Мен Бағдар бауырымды Қытайдағы қазақ фотосурет­шiлерi құрған “QQ” деп аталатын ортақ желiден тауып алдым. Бұл желiде фотосуретшiлер түсiрген суреттердi салып, сын айтып, тәжiрибе алмастырып отыратын. Бағдар да осы желiге он шақты фотосуретiн салды. Бәрi керемет суреттер едi. Түсiру әдiсi де басқаша, өзгелерден ерек. 1991 жылы Тарбағатайдың Дөрбiлжiн ауданында туған. Әке

9 желтоқсан 2014
Мультикоптер арқылы түсiру – бұл тек биiктiктен түсiру емес, бұл – ұшатын, нысанға санаулы сантиметр қашықтықта жақындап және дәл солай, одан жүздеген метрге жоғары алыстай алатын камера. Радиомен басқарылатын тiкұшақ­тан және тiкұшақтық аэро­түсiрiлiмге қарағанда, муль­­­тикоптермен түсiрiлiм бiр­неше елеулi артықшылыққа ие. Аз шамадағы
9 желтоқсан 2014
Қылқаламсыз көркемсурет

Фотоөнер дегенiмiз – ең алдымен, көркемсурет жасау шеберлiгi. Өйткенi дәл осы жанр арқылы фотограф айналаны хас суретшi салғандай айна-қатесiз көрсете алады. Сонымен қатар көркемсурет – үлкен iзденiс. Ол тек идея iздеумен ғана шектелмейдi. Сол идеяны жүзеге асыру жолдары мен мүмкiндiктерiн қарастырады. Бұл өте ерекше және сондай-ақ ең еркiн жанр болып табылады.

9 желтоқсан 2014
Фотосуретшiнiң шеберлiгi

Аз ғана уақыт бұрын, қолыма фотоаппаратты ала салысымен оны керектi нысанға бағыттап, тек шертпенi бассаң болды деп ойлайтынмын. Ал жарық тым көп немесе тым жеткiлiксiз, неге бұлдыр деп, бар кiнәнi жартылай кәсiби фотоаппараттан көрушi едiм. Кейiннен фотоаппаратты тек бағыттап шертпеге бассаң болғаны, ол барлығын өзi орындау керек деген ойым қате екенiн түсiндiм.

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12»