1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №4 (16190) 17 қаңтар, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
5 ақпан 2013
Фотоаппарат түрлерi
Бүгiнде сансыз көп фотоаппарат түрлерi мен танымал өндiрушiлердiң сапалы құралдары шығарылып жатыр. Олар типтерi бойынша: айналы, екi объективтi айналы, ұзақ өлшемдi, орта форматты, кiшi және iрi форматты, сандық және т.б. Ал бүгiнде әлемге танымал маркалар қатарына Agfa, Canon, Casio, Eastman Kodak, Fujifilm, Hama, Konica, Konica Minolta, Leica, Minolta, Nikon, Olympus, Panasonic Lumix, Pentax, Polaroid, Ricoh, Samsung, Sigma Corporation, Sony
5 ақпан 2013
Бүркiт тойы

Жанарбек Ақыбиұлы Моңғол елi Баян-Өлгей аймағында тұрады. Бала жасынан фотоаппаратқа әуес бауырымыз тау спортымен шұғылданады. Қолынан аппаратын тастамайтын бауырымыз “Шалкөде – елдiң жайлауы” атты фототүсiрлiмге бiздiң арнайы шақыруымызбен келiп, қатысып кеткен едi. Жанарбек бүгiнгi таңда ғаламтор арқылы Моңғолиядағы қазақ жастарының арасында 

19 желтоқсан 2012
Объективтердiң негiзгi түрлерi

Объективтер өзiнiң оптикалық схемаларына (линзаларының саны, бөлшектерi, олардың орналасу тәртiбi, формалары), өздерiнiң сипаты мен саласына қарай түр-түрге бөлiнедi. Объективтердi фокустық қашықтығы, салыстырмалы саңылауы, көрiнiс алаңының бұрышы сияқты сипаттарына қарай линзалық, айналы (зеркальный), симметриялық, асимметриялық және т.б. деп бөлуге болады. Объективтер аса кең бұрышты, орташа, ұзынфокусты, аса ұзынфокусты, ауыспалы фокус қашықтығы сияқты көрсеткiштерiне қарай “балықтың көзi”

19 желтоқсан 2012
Кәсiби әдеп ережелерi
Фоторепортерге қойылар басты талап – қызықты сюжет жасау. Түсiрген суреттегi мағлұматты көрерменге дұрыс жеткiзу. Ең жақсысы, сюжет өткiр әрi көрермендер арасында талқылайтындай болуы керек. Көп жағдайда ең қызықты фоторепортаждар айтылмай қалады... Өйткенi қызықты мағлұматтың жариялануына жол бермеуге дайын тұратын адамдар мiндеттi түрде табылады.
19 желтоқсан 2012
Ел басшыларының жеке фотосуретшiлерi
Пит Соуза – американдық фотожурналист. Қазiргi таңда АҚШ президентiнiң жеке фотографы. Соуза 1954 жылы Оңтүс­тiк Дартмутта дуниеге келген (Массачусетс штаты). Бостон университетiн қо­ғаммен байланыс саласында ғылым бакалавры дәре­же­сiмен және Канзас уни­вер­ситетiн журналистика мен қоғаммен байланыс саласында магистр дәреже­сi­мен бiтiрдi.
6 қараша 2012
Сегiз қырлы бiр сырлы қария

Белгiлi ғалым-эколог, Қа­зақстанның оқу-ағарту iсiнiң үздiгi, бiлiктi педагог әрi республикалық дәрежедегi шахмат ойынының төрешiсi Советхан Қарсақұлы Әбубәкiровтiң дүниеден озғаны... маған кеше ғана сияқтанады да тұрады. Ол кiсiнiң тәлiм-тәрбиесiн алып, қатар жүрген күндер әлi көз алдымда. Бiр күнi Советхан аға анамның (ақын Қанипа Бұғыбаеваның) “зиратының басына ағаш отырғызайық” деген ұсыныс айтты. 

6 қараша 2012
Кездесу өттi
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналис­тика факультетiнiң баспасөз қызметi залында “Бүгiнгi ел фотоөнерiнiң тынысы” атты ардагер фотошежiрешi­лер, белгiлi фототiл­шi­лер, кәсiпқой және әуесқой фотографтардың студенттермен кез­десуi өттi. Бүгiнгi фотография, фотопублицистика саласының елiмiздегi күй-жайы туралы айта келiп, аталмыш факуль­теттiң аға оқытушысы, “Жас Алаш” газетiнiң фототiлшiсi Асылхан Әбдiрайымұлы
6 қараша 2012
“Алашорда” фотоальбомы

Жуырда Алаш қозғалысының қалыптасу, саяси сахнаға шығу, Алаш автономиясын құру, ке­ңестiк дәуiрдегi қу­ғын-сүргiн кезеңдерiнiң су­рет­терiн қамтитын “Алашорда” фотоальбомы жарық көр­дi. Мұнда 300-ден аса фото бар. Альбомды құрас­тырған – журналист Болат Мүр­сә­лiм. Құрастырушының ай­туынша, альбомға енген суреттер Гүлнар Мiржақыпқызы, Дәулет Тынышбаев, Рүстем Бiрiм­жа­нов, Сырым Бөкейханов

11 қыркүйек 2012
“Фотосурет түсiрудi үйрен”

Бұл кiтапша фотоаппаратпен сурет түсiрумен әуес­тенушiлерге арнап жазылған, онда фотографияның негiзгi процестерi, атап айтқанда, фотоаппараттар және олардың негiзгi тетiктерiнiң атқаратын iсi, фотоматериалдар және оларды өңдеу тәртiбi, сурет түсiрудiң техникасы баян­далады. Сондай-ақ, композиция (кадр құру) өнерi мен үй жағдайында фотолобаратория жасау жайында да ақыл-кеңес берiледi. Сөйтiп, бұл кiтаптың негiзгi мақсаты – жас әуесқойларды фотоаппаратпен сурет түсiруге үйрету.

11 қыркүйек 2012
Қазақтың iнжу- маржан мекендерi
Жуырда Алматы қаласындағы «Елнұр» медиа орталығының баспасынан белгiлi журналист, аудармашы әрi фотосуретшi Бораш Кәкеннiң фотоөнер саласындағы көп жылдық еңбегiнiң жарқын жемiсi ретiнде «Қазақтың iнжу-маржан мекендерi» атты түрлi-түстi фотоальбомы жарық көрдi. «Мектеп қабырғасында пайда болған және өмiр бойы қызықтырып келген фотография өнерiне деген құштарлықтың әсерi болса керек
11 қыркүйек 2012
Оның өз орны бар едi

Бек ағамыз “тау қозғалса, қозғалмайды” дейтiн адам едi. Бәрiмiз де жай “Бек” дейтiнбiз. Кiшiлерiмiз “аға” деген сөздi қосып айтар едiк. Толық атын, “Бекмұхамбет” кейiн құжаттарынан ғана көрдiк. Ол кезде, сол 1950-70 жылдарда газеттегi мақалаларға, түсiрген суреттерге автордың аты жазылмай, тек тегi ғана жазылатын дәстүр бар едi. Нөмiрден нөмiрге шығып жататын Бе­кеңнiң сурет­терiнiң астында “Суреттi түсiрген Б.Тiлек­метов” деген жазу тұратын. Көптiң көзi үйренген жазу

7 тамыз 2012
ХХХ жазғы олимпиада ойындарында әзiрге алты алтын медаль иеленген спортшыларымызды қолдау мақсатында Астанада “фото кептiру” салтанатты шара ұйымдастырылды. 70-тен аса фотосуретте Лондон олимпиадасында Қазақ елiнiң чемпионы атанған спортшыларының жеңiске шаттанып тұрған сәттерi шынайы бейнеленген.  “4 the click” жарнама агенттiгi ұйытқы болған шараға тек кәсiпқой фотографтар ғана емес, әуесқойлар да қатысты. “Олимпиада ойын­дарында спортшыларымыз ел намысын абыроймен қорғап, үмiтiмiздi өшiрмедi.
7 тамыз 2012

Тылсым табиғатқа тiл бiтiрiп, табиғат құбылысын фотосуретке жандандыра түсiрiп, туындының шырайын арттыра бiлу – фотосуретшiнiң шеберлiгiн бiлдiредi. Табиғат ананың мың құбылып, тау мен даланы өркеш-өркеш бұлттарымен орап, от мылтығын жалаңдатып найзағай ойнатқан нөсерлi жаңбыры, бұрқасындата буырқанған долы бораны мен ақ қары үрейлi түстей шошындырғанымен, осы долы табиғатқа тән тылсым құбылыстарды фото көзiне түсiру – фотографтың көркем шығарма жаратудағы орайлы сәтi.

7 тамыз 2012
Қазақты тойсыз елестету мүмкiн емес. Дүние есiгiн ашқаннан бастап молынан дастарқан жайып, туған-туыс, ел-жұртпен қуанышын бөлiсу дархан мiнездi қазаққа тән. Өткен заманның тойы мен қазiргi той-думанның арасында елеулi ерекшелiк бар. Десек те, атадан балаға мирас болып, санаға сiңген салт-дәстүрдi айналып өтетiн қазақ болмайды. Соңғы уақытта үрдiске айнал­ған той өткiзудiң өзiнше бiр жаңа үлгiсi бар. Мәселен, қыз ұзату кезiнде қыздың жолына гүл төсеу, теңге шашу т.б. Бұдан бөлек, тойды басқаратын асаба мен ән, би, өнер жағын ұйым­дас­тыру – әр тойда әртүрлi
3 шілде 2012
Астанада белгiлi ға­лым-публицист Ақселеу Сейдiмбектiң 70 жылдық мерейтойына арналған биль­ярдтан дәстүрлi турнир өттi. Турнир қорытындысы бойынша, аға буын өкiлдерiнен бас жүлде 75 мың теңге сыйлықты жазушы Қажығали Мұхамбетқалиұлы қанжығасына байлады. Жастар тобынан бас жүлде фото­тiлшi Шүкiр Шахайға бұйырды. Алматыда Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының 2012 жылғы жүлдегерлерi марапатталды. Қазақстан фотожурналистикасының дамуына қосқан үлесi үшiн “Қазақстан-ZAMAN” Халықаралық газетiнiң Рахымбай Ханалы атындағы сыйлығы Шүкiр Шахайға берiлдi.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12»