1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №24 (16210)   28 наурыз, сейсенбі 2017

Наурыздың 26-сы, жексенбі күні Ресейдің 80 қаласында орталық телеарналар байқамай қалған (Қазақстан телеарналары да бұл шерулерге аса мән бермеді) наразылық, қарсылық шаралары өтті. Он мыңдаған адам қатысқан, билік рұқсат етпеген бұл митингілерде «Ол бізге Димон емес» деген ұран көтерілді. Бұл атаудың мәнісі мынадай: Коррупциямен күрес қорының құрылтайшысы Алексей Навальный «Ол бізге Димон емес» деген деректі фильм түсіріп, онда Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев құрған сыбайлас жемқорлық

Көктемнің шуақты шағы – Наурыз мерекесі күндері көпшілік «Қазақ хандығы» көпсериялы тарихи фильмін «31-арнадан» тамашалады. Телехикая басталысымен-ақ жұрт әлеуметтік желіде әр алуан пікір жазды. Бірте-бірте сын көбейді. Біреу біліп айтты, біреу білмей айтты. Енді біреу жұртқа қосылып әу деді. Әйтеуір, Қазақ хандығы туралы телехикаяны сөз қылмаған адам қалмады. Демек, жұрт асыға күткен тарихи фильмді көріп қана қоймай, әркім өзінше ой түйді деген сөз. Бұл тарихи фильмнің басты жетістігі болса керек.

БІР АУЫЗ СӨЗ ЖӘНЕ БҮКІЛ ТАРИХ
Ресей президенті Владимир Путин 2014 жылы «Селигер» жастар форумында сөйлеген сөзінде: «Қазақтарда мемлекеттілік болмаған. Ол (Н.Назарбаев) оны құрды», – деп Қазақстан билігінің өз бидайын өздеріне қуырып берді. «Айтылған сөз – атылған оқ». Әмбесі, ол оқ сөз биліктің ең

Біздің елде барлық жол мектепке апарады. Әйтеуір, осы бiр киелi шаңыраққа бас сұқпаған, бiлiм алмаған, қоңырауының сыңғырын естiмеген адам кемде-кем. Бәлкiм, жоқ та болар... Содан болар, қазір білім саласындағы реформаларға жұрттың бәрі алаңдаулы. Шынында, біз жас ұрпаққа дұрыс білім беріп жатырмыз ба? Қаптаған реформалардан қайыр бар ма? Жалпы, білім беру саласында таңдаған жолымыз қайда апарады? Міне, осындай күрделі сұрақтарды білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке қойып, ашық әңгімеге шақырдық. Әрине, қашан көрсең ханбазар боп, қым-қиғаш пікірдің ортасында

ҰЛЫБРИТАНИЯНЫ ТЕРАКТІДЕН КЕЙІН ОСЫ ҰРАН БІРІКТІРДІ
Соңғы екі жылда Еуропа елдерінің әр түкпірінде алма-кезек жасалған лаңкестік шабуылдар Лондонды үнемі айналып өтетіндей көрінетін. Себебі Ұлыбратания Еуроодақтың толыққанды мүшесі болған тұста да шекарасы мығым, қауіпсіздікке берік ел саналатын. Есігін мигранттарға айқара ашып тастаған Шенген аумағына кіретін Еуропа елдерінен басты айырмасы да осында еді. Визалық ережесі қатаң, шекара қызметі қатал, елге себепсіз ешкімді кіргізбейтін, ал елге аттап басқандарды мұхият тексеріске алатын мемлекеттің өзі терроризмнен

Соңғы бір-екі аптада қазақ шенділері түсініп болмайтын жаңалықтар көбейіп кетті. Депутат кезінде қыздарын көмекшілік қызметке алып, ел есебінен айлық төлеткені белгілі болғаны сол еді, Францияның ішкі істер министрі Бурно Ле Ру мырза өз еркімен отставкаға кетіп қалды. Бала-шағасынан бастап, немерелерін, жиендерін, құда-жекжаттарын мемлекеттік қызмет пен тендер бөліске қалдырмай сүйреп жүрген біздің министрлер әділдік, теңдік, бірлікті ұран еткен сонау Франциядағы Бурно Ле Ру мырзаға бейшара көргендей

ОТАНДЫҚ ЭКОНОМИКАҒА АҚША ҚҰЙЫП, НЕГЕ ӨЗГЕЛЕРГЕ ҮЛГІ-ӨНЕГЕ КӨРСЕТПЕЙДІ?
Forbes журналы 2017 жыл миллиардерлерінің тізімін жариялады. Атақты қазақстандық бестік бұл жолы да асқанбайлар арасынан шоқ жұлдызындай жарқырап шыға келді. Орыс халқында «бөтеннің ақшасын санамайды» деген мәтел бар. Әйтсе де біз одан аттап өтіп, асқанбайлардың тапқан табысын шотқа салып көрдік. Себебі халық жыл өткен сайын кедейленіп, жалақымызды инфляция деген «жалмауыз» жеп жатқанда, олардың қандай жолмен байып жатқаны қара орман қауымға қызық. Соңғы деректерге қарағанда, Қазақстан халқы тапқан табысының 50 пайызын азық-түлікке жұмсайды екен. Айлығымыздың тең жартысын ішер тамаққа жұмсасақ

Әрине, премьер-министрдің орынбасары деген қызмет өте үлкен лауазым ғой. Облыс әкімдері қызмет ауыстырып, министр боп тағайындалып жатса, ел «бұдан гөрі облыс әкімі боп жүргені дұрыс па еді?..» деп министр қызметін менсінбей қалатыны бар. Ал алда-жалда премьер-министрдің орынбасары креслосына жайғасып жатса, жұрт ол әкімді «бәрекелді, қызметі өсіп кетті» деп мақтар еді. Бәлкім, енді бір аттаса үкімет басшысының өзі боп шыға келмесіне кім кепіл дейтін шығар... Дегенмен де соңғы жылдары премьер-министрдің орынбасары қызметіне келгендер көп тұрақтамай жүр. Рас болса, Ақордаға жақын жүрген ағайындардан естігеніміз, бас уәзірдің

Бүгінгі таңда ең жиі талқыға түсіп жүрген мәсфеленің бірі үштілділікке қатысты. Бұл орайдағы көпшілік пікірі де әр алуан. Біреулер бұл жаңашылдықтың мектептердің көсегесін көгертеріне сенсе, енді біреулер «сансыз реформалардан онсыз да көз ашпауға айналған орта білім жүйесін үштілділік одан әрі тұралатады» деген пікірде.
Соңғы көзқарасты ұстанушылардың алға тартар тағы бір дәйегі «үштілділікке жаппай көшіп кетуге дәл қазір мектеп те, мұғалім де, оқушы да дайын емес» дегенге саяды. Бір жағынан, бұл күдік негізсіз де емес. Күні кеше ғана Altaynews.kz ақпарат агенттігі Шығыс Қазақстан облысы мектептеріндегі қазақ,

ЖАМБЫЛҒА ЖӘРМЕҢКЕГЕ КЕЛГЕН ҚЫРҒЫЗДАР КҮЛІП КЕТТІ
Алатадың арғы жағындағы айыр қалпақты ағайындардың ара-тұра қыңырайып, ауылы аралас, қойы қоралас Жамбыл жұртшылығының жүйкесіне ши жүгіртіп тұратыны бар. Мәселен, «Қырғыздар Тараз қаласының iргесiндегi «Киров» су қоймасын жармақшы» деп көне шаһар тұрғындарының абыр-сабыр болғаны жұртшылық жадынан ұмытыла қойған жоқ.
Бастауын қазақ жерiнен алатын «Көксай» каналын қырғыздар өз жерiнде бөгеп тастап, жергілікті шаруаларды шырылдатып қойғаны, шаш етектен шығынға батырғаны да ел есінде. Осының бәрін ой елегінен өткізіп, қырғыздарға «шалқайғанға – шалқайып» абырой таппасын білді ме, кім білсін, әйтеуір, Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев соңғы уақытта қырғыздармен арадағы барыс-келісті көбейтіп, алыс-берісті

Парламенттің алаңы күш сынасатын орын емес, әрине. Десек те, депутаттар арасындағы төбелестің өзінше бір қызық «өнер» екендігі рас. Қай парламентте төбелес болмады дейсіз?! Ресей, Украина, Қырғызстан... Осы жуырда ғана Түркияның парламентінде нағыз «қатын төбелес» орын алды. Ата заңға енгізілген өзгерістерге қарсылық ретінде нәзікжанды депутаттың бірі өзін-өзі мінберге кісендеп тастады. Сол-ақ екен, әйел депутаттар екіге жарылып, шаш жұлысуға

«Тек мен ғана түсінем бұл қаланы...» деп жазып еді Есенғали бір кезде Алматы шаһары жөнінде. Қазір ол оны қалай түсінеді, онда менің шаруам жоқ, мен бүгінгі Алматыны «түсіне» алмай-ақ қойдым; менің «түсінгенім» басқа, 70-80 жылдардағы Алматы, қазақтан қазақ ала тайдай бөлініп, біреуі – бай-бағлан, біреуі – кедей, қайыршы болмаған Алматы. Күнінің шуағы бәрімізге бірдей төгіліп, тау-тасының бұлағы сарқырап ағып, тұрғындарының қабағы жарқырап, жылы нұрын төгіп тұратын ару Алматы! Қазақстанның түкпір-түкпірінен

2018 жылғы әлем біріншілігіне іріктеу. Е тобы АРМЕНИЯ – ҚАЗАҚСТАН – 2:0 (0:0)
Голдар: Мхитарян, 73, Өзбилиз, 75.
АРМЕНИЯ: Бегларян, Ароян, Восканян, Андонян, Г.Малакян, Пиззелли (Манучарян, 65), Казарян (Барсегян, 5), Саркисов (Өзбилиз, 70), Оганесян, Мхитарян (к), Айрапетян.
ҚАЗАҚСТАН: Лория, Малый, Қуат (Дмитренко, 82), Тұңғышбаев (Мұжықов, 79), Тағыберген, Исламхан (к) (Байжанов, 87), А.Нұрғалиев, Сүйімбаев, Нөсербаев, Шомко, Бейсебеков.
Ескерту алғандар: Саркисов, 28, Ароян, 48, Өзбилиз, 77 – Бейсебеков, 18, Малый, 20, Тағыберген, 54.
Малый 64-минутта алаңнан қуылды.

19 наурыз күнгі Головкин – Джейкобс жекпе-жегінің жеңімпазына қатысты күмәнді пікірлер көп болған-ды. Алайда бір емес, екі компания арнайы санақ жүргізіп, отандасымыздың анағұрлым басым болғанын дәлелдеп берді.
Мысалы, «Artorias Boxing» Youtube-арнасы осы кездесудегі тура және дәл соққыларды санап, тосқауылға тиген және ауа қармаған соққыларды есепке алмай, мынадай деректі көлденең тартты: Головкин – 171, Джейкобс 98 рет дәл ұрған. «Compubox» орталығы жүргізген статистика

Бронвин Томпсон (Австралия), Анжу Бобби Джордж (Үндістан), Джейд Джонсон (Ұлыбри-тания) есімді жеңіл атлеттер 2004 жылғы Афины олимпиадасындағы ұзындыққа секіру бағдарламасының нәтижелерін қайта қарауға ұсыныс жасады.
Олар өз елдерінің ұлттық олимпиялық комитеттеріне өтініш жасап, Халықаралық жеңіл

Өскеменнің «Алтай» командасы әйелдер арасында Қазақстан чемпионы атағын қорғап қалды. Шығысқазақстандықтар финалдық турдағы 5 матчтың бәрінде жеңіске жетіп, басты қарсыласы «Ертіс-Қазхром» (Павлодар) командасын артта қалдырды. Ал қола медальға Алматы облысының «Жетісу»