1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №25 (16003) 31 наурыз, сейсенбі 2015

14 сәуiр күнi Австрия астанасы Вена қаласында “Нұрбанк” iсi бойынша соттың алғашқы отырысы өтедi. Бұл iстегi басты айыпталушы – Рахат Әлиевтiң қаза болғанына қарамастан, сотқа оның екi сыбайласы – Әлнұр Мұсаев пен Вадим Кошляк тартылмақ. Олардың кiнәлi-кiнәсiздiгiне қатысты үкiмдi алқа билер шығарады. Сотта барлығы 70 куәгер сұралады деп күтiлуде. Атышулы «Нұрбанкгейт» соты басталмай тұрып бiз жәбiрленушiлердiң қорғаушысы, “Ланки, Ганцгер және серiктестер” адвокаттық бюросының өкiлi Анна ЦАЙТЛИНГЕРден сұхбат алған едiк. Бiздiң өтiнiшiмiз А.Цайтлингердiң Алматыға сапарымен тұспа-тұс келгендiктен, бетпе-бет жолығып әңгiмелестiк.

Кеше “Аңыз адам” журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбай Алматыда баспасөз мәслихатын өткiздi. Жиын барысында ол президенттiк сайлауға үмiткер ретiнде тiркелу барысында тап болған кедергiлерге тоқталды. Сондай-ақ, Ж.Қалыбай осы баспасөз мәслихатында ұлттық-демократиялық саяси партия құру туралы бастама көтердi. Мерзiмiнен бұрын өте­тiн биылғы президенттiк сайлауға үмiткер ретiнде өзiн ұсынған Ж.Қалыбайдың талап бойынша 93 мың қолдау­шының қолын жинау мәре­сiнен өтпе­генiн газетiмiздiң өткен нөмiрiнде жазған едiк. “Жас Алашқа” берген сұхбатында “Аңыз адам” журналының бас редакторы саясатпен айналысуға бел буғанын да мәлiмдеген-дi. Баспасөз
1 сәуiр – күлкi күнi
Қадiрлi халқым! Маған ширек ғасырдан астам уақыт мемлекет басқару бақытын сыйлағандарыңыз үшiн сiздерге соңғы рет алғысымды бiлдiрмек­пiн. Оның мәнiсiне сәл кейiнiрек тоқталамын. Көп­теген қиыншылықтарды бастан бiрге кешiрдiк. Бұрын ешқашан мемлеке­тi болмаған елде, шекарасы болмаған жерде мемлекет орнаттым. Күллi әлемге таныттым. Елу елдiң iшiнен ойып тұрып орын алдық. Ендiгi межемiз – отыздық. Мәңгiлiк ел арманы алдымызда қол бұлғайды. Экономикамыз 12 есе, ал IЖӨ 16 есе өстi осы жылдар аралығында. Бұндай өсiм бiрде-бiр елде бұрын-соңды болған емес және болмайды да! Өйткенi мүмкiн емес.

“Сайлау туралы” заңның “Сайлау алдындағы үгiт” деп аталатын 27-бабында мынадай тармақ бар: “Бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың, саяси партиялардың саяси науқанын объективтi көрсетудi жүзеге асыруға; кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне көрiнеу нұқсан келтiретiн үгiт материалдары мен өзге ақпаратты жариялаудан аулақ болуға; өтiнiш келiп түскеннен кейiн баспа басылымының таяудағы нөмiрiнде сол бетте, сондай көлемде және сол қарiппен немесе теледидар не радио хабарларында

ЖАНАЙҚАЙЫН КIМГЕ ЖЕТКIЗЕРIН БIЛМЕГЕНДЕР “ЖАС АЛАШҚА”КЕЛДI
Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгiнiң бастамасымен 24 ақпан мен 23 наурыз аралығында “Қазақстан туберкулезден азат ел” ұранымен республикалық айлық өттi. Шымкенттiң құрт дертiнен қаншалықты азат екендiгiнен министр Тамара Дүйсенова хабарсыз емес, жақсы бiледi. Өйткенi уақтысында ол осы өңiрде денсаулық сақтау саласы жұмысын үйлестiретiн облыс әкiмiнiң орынбасары қызметiн бiр емес, екi мәрте атқарған.

Биылғы жылдың 3 ақпанында Ақтөбе облысының әкiмi Архимед Мұхамбетов Шалқар аудандық туберкулез ауруханасын жабу жөнiнде шешiм шығарды. Әкiмнiң ақпан бұйрығынан соң аурухананың    қызметкерлерi күндiз күл­кiден, түн­де ұйқыдан айырылды. 34 қызметкер мына жұмыссыздық көбейген уақытта қайда бармақ? Ұжым былтыр ғана республикалық “Жол картасы – 2020” бағдарламасының, яғни “дағдарыс бюджетiнiң” 81 миллион 600 мың теңгесiне жөнделген қызмет орны аяқ астынан жойылады деп күтпесе керек.

“МӘҢГIЛIК КӨМЕКШI” ЖӘНЕ “ОЙДАҒЫ ӨТКЕЛ”
Қазақ тарихында үкiмет басқарған азаматтардың тiзiмiне қарап отырсаңыз, “ойпыр-ай” деп ерiксiз таңданасыз. Айталық, алаштың маңдайына бiткен Әлихан Бөкейхановтың өзi Алаш автономиясын 3-ақ жыл (1917-20) басқарған екен. Кеңес одағына қосылған соң, Сәкен Сейфуллин де үкiмет тiзгiнiне 3 жыл ғана (1922-25) иелiк етiптi. Әйгiлi Жұмабек Тәшенов тiптi 1 жылды (1960-61) ғана мiсе тұтқан. Тәуелсiздiктен бергi кезеңдегi Ұ.Қараманов пен С.Ахметовке дейiнгiлердiң ешбiрi де ұзақ отыру жағынан Мәсiмовпен шендесе алмайды. Жетi премьер­дiң  әрқайсысы 2-3 жыл отырған соң, “астарынан су” шыққан.

Көкек кiмге өкпелi? Әрине, сәуiрге! Өйткенi “ай атына таласқанда” сәуiр көкектi күнтiзбеден сырғытып жiбердi. Әйтпесе, қазақ бұл айды баяғыда көкек дейтiн. Бiреу сенер, бiреу сенбес, бiрақ сәуiрдiң күш алуы­на саясаттың әсерi болғаны анық. Сәбет одағы тұсындағы саясатқа “көкек” деген сөз ұнамады. Бiрақ қазiр уақыт өзгердi. Ендеше көкек атын қайтаруға неге болмайды?  

ҰЛТ МӘСЕЛЕСIНЕ ОҢ ҚАРАҒАН ӘКIМ НЕГЕ ОҢБАЙДЫ?
Аймаққа жаңа әкiм келген кезде жамағаттың бiр елең етiп қалатыны бар. Себебi сол өңiрдегi кез келген қоғамдық топтар (кәсiпкерлер, зейнеткерлер, бюджет қызметкер­лерi, жұмыссыздар, т.б.) жаңа басшыдан өзгеше жаңалық, өзгерiс, қолдау күтедi. Солардың бiрi – жергiлiктi ұлт жанашырлары – зиялы қауым. Жаңа әкiм осы жақта маңызы кетiңкiреп қалған мемлекеттiк тiлге мән берер, ұлттық рухымызды ұлықтар деп олар да өзiнше дәмеленедi. Бiрақ неге екенi белгiсiз, Кереку өңiрiнде ұлт мәселесiне оң қараған әкiм оңбай қалатынын көрiп жүрмiз.
(Қызметкер келiншектiң айтқаны)
“Көсегең көгергiр” Гор­ба­чевтiң тауы шағылып, бетi қайта бастаған тұс едi... Бiздiң аупарткомға идеология жөнiндегi хатшы боп Қалғанбаев деген зоотехник әлдеқайдан делбең етiп жетiп келдi. Обком жiбердi – бiттi, қол қусырып қарсы ал­дық. Ол кезде “парткомдарда идеология саласын қыз-келiншектер бағамдау керек” дейтiн ұранның тұғырынан түсе қоймаған шағы, соның пәрменi болар, мен аупарткомның үгiт-насихат бөлiмiн басқарамын, қарамағымда 3-4 келiншек және бар.
Ертеде Кiшi жүзде Оразымбет деген алаяқ,
жалақор кiсi болыпты. Бiр күнi ол қорасының
белдеуiн қалыңдатып жүрiп аңдаусызда көзiне қамыс
кiргiзiп алады.
– Әйел, ау, әйел, тез далаға шықшы, – дейдi.
Күшiк күнiнде бәрi сүйкiмдi, қабаған ит қайдан шығады?
(“Қыз кезiнде бәрi жақсы, жаман қатын қайдан шығадыны” өзiмше өзгертiп, әйелдердiң көңiлiн аулағаным ғой).
Қорқаққа күнiң түссе де, қорқауға күнiң түспесiн.
Жапалақта ән болмайды, жағымпазда ар болмайды.
Жылпостың ары арзан, опасыздың назы арзан.
Қызғаншақтың көңiлi тар.

– М.Әуезов атындағы драма театрының сахнасында ойнағалы да сегiз жылдың жүзi болды. “Басты бейне кескiндемедiң” дей­сiз, негiзгi рөлде көрiнбей жүрген жалғыз мен бе екем? Басты рөл де, қосалқы рөл де бұйырмай жүрген санаулы актер бармыз, не үшiн сахнаға сырттан болып шы­ға алмайтынымыздың себе­бiн әлi күнге бiле алмай келемiз. Талабымыз болғанымен, талантымыз кем бе, тырбанғанымызбен тәлейi­мiзге жазылмаған ба, бiлме­дiк.

Жуырда Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттiк университетiнде аса көрнектi ғалымымыз Ебiней Арыстанұлы Бөкетовтiң 90 жылдығына арналған ғылыми-тәлiмгерлiк конференция болып өттi. Конференцияға елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен ғалымдар, оқымыстының шәкiрттерi жиналып, баяндамалар оқылды. Түрлi пiкiрлер, ойлар айтылды. Бұл жиынға мемлекет және қоғам қайраткерi Сұлтан Досмағамбетов, республика Ғылым академиясының президентi, академик Мұрат Жұрынов, көрнектi академиктер

ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНЫ ҰСТАП БЕРДI
Жақында АҚШ-тың Миннесота штатында мынандай қызық оқиға болды. Үй иелерiнiң үйлерiнде жоқ екенiн алдын ала бiлген үш ұры түннiң бiр уағында ұрлыққа кiрiседi. Тонау үстiнде бiр ұрының қалтасындағы ұялы телефонының басқа емес(!), дәл 911 саны байқаусызда басылып қалады. Әрине, мұны ұры сез­бей­дi. Ал телефон тұтқасын көтерген диспетчер үшеуiнiң бiр-бiрiмен сөйлескен сөз­дерiн тыңдау арқылы, бұлардың үй тонаушы ұрылар екенiн бiледi. Сөйтiп, диспетчер 34 минут бойы олардың әрбiр сөзiн тыңдап қана қоймай, қай көшеде, қай үйде ұрлық жасап жатқанын да табады. Тiптi бiреуiнiң “Полиция келген бе?” дегенiн

Өткен сенбiде “Астана Арена” стадионында Қазақстанның құрама командасы келесi жылы Францияда жалауын көтеретiн Еуропа құрылығының бiрiншiлi­гiне қатысу үшiн кезектi iрiктеу ойынын өткiздi. Бұл бәсекеде бiздiң команданың Голландия, Чехия, Түркия, Исландия мен Лат­вия құрамаларымен бiрге “А” тобына түскенi белгiлi. Мұны тәптiштеп айтып отырғандағы себебiм – жасыл алаң мен ала доп жұрттың бәрiне бiрдей, яғни Сейдағаңның (Сейдахмет Бер­дiқұловтың) сөзiмен айтқанда “Жұмыр жердегi теңбiл доп” ешкiмдi жатырқамайды, жатсынбайды. Мұны бiзге қонаққа келiп қоржынын тоқтап қайтқан Исландия елiнiң жiгiттерi дәлелдеп бердi. 

ҚҰЛАҒАНЫ ҮШIН ҚОЛА ЖҮЛДЕ ТИДI
Мәнерлеп сырғанаудан Шанхайда (Қытай) өткен әлем чемпионатында Денис Тен қола жүлде иелендi. Сочи Олимпиадасының қола жүлдегерi Денис Тен қысқа бағдарлама сынына ептi емес. Бұл жолы да күрделi әдiстi жасауда құлап, ұпайын жоғалтып алды. Әлем чемпионатының алтын медалi испандық Хавьер Эрнандеске бұйырса, былтыр Сочиде өткен қысқы Олимпиада ойындарында жеңiмпаз атанған жапон спортшысы Юдзуру Ханюдiң шеберлiгiн қазылар күмiс жүлдеге лайық деп таныды.