1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Астананың Сарыарқа аудандық соты Қажымқан Мәсiмовтiң құқық қорғаушы Т.Сағымбаевтың үстiнен түсiрген шағымын қараудан бас тартты. Неге?
Ұлының премьер тағында көп отырмайтынын сезгендiктен (32.1%)
Әдiлдiкке бет бұра бастағандықтан (2.4%)
Iстi одан әрi ушықтырмауды ойлағандықтан (47.9%)
Үлкен Мәсiмов өнбейтiн арыздан өзi бас тартқандықтан (17.6%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №15 (15473) 23 ақпан, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы. Дайындайтын Ерік РАХЫМ
23 ақпан 2010
Жамали ДИҚАНҰЛЫ, «Қаражорға» өнер ұжымының директоры: Қазақтың ұлттық биi «Қаражорғаны» Азия ойындарының ашылу салтанатында неге билемеймiз?

Әр ұлттың өзiне ғана тән коды жазылған би өнерi болады. Мәселен, Қап тауы халқының «Лизгинкасын» жазбай танисыз. Түрiктердiң «Халайы», еврейлердiң «Фрейлехс», «Хава Нагилуы», өзбектердiң «Кагга уйинi» бар. Ал қазақтарда ше? Қазақ та биге кедей емес. «Қамажай», «Айгөлек», тағысын-тағылар. Қазақтың ұлттық билерiнiң iшiнде бояуы қанық, шоқтығы биiгi — «Қаражор­ға». «Қаражорға» өнер ұжымының директоры, ұлттық биiмiздiң шеберi Жамали Диқанұлы «Ырғақтың» редакция­сына арнайы келiп, ұлттық би өнерiне қатысты ой-пiкiрiмен бөлiскен едi.

— «Қаражорға» — қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бiрi. Қазiргi заманда ұлттық дәстүрiмiз тұрмақ, аузымыздағы асымызды иеленiп кеткiсi келiп жүргендер көп. Қазақтың кейбiр ұлттық дәстүрiне лицензия алып, «мұның бәрi — бiздiкi» деп жүр­гендер бар. Мәселен, көкпарды қырғыздар иеленiп алды. Берерi­мiздi бердiк, «Қаражорғадан» да айырылып қалмайық ендi, — дейдi Ж.Диқанұлы. — Ұлттық өнердi халықтан алдық, ендi оны қайтадан халыққа беруiмiз керек. Қытайдан елге оралғанда да туған жерден аламыз деп емес, қаймағы бұзылмаған қазақы дәстүрдi халыққа қайтарамыз деп келдiк.
— «Қаражорғаның» шығу тарихы зерттелген бе?
— Өздерiңiз бiлесiздер, «Қа­ражорғаның» тарихы тереңде жатыр. Қазақ жерiнде күнi кешеге дейiн насихатталмағанымен, Қытай елiнде бұл би жақсы танымал. Бағзы заманда ас-тойларда ат шаптырып, көкпар тартқызып, жорға жарыстыр­ған ғой. Қай заман екенiн кiм бiлсiн, бiр байдың бәйгеде ешкiмге жүлде ұстатпайтын тайпалған керемет қаражорға аты болыпты. Күн­дердiң-күнiнде байдың жалғыз қызына бiреу құда түсiп келедi. Сонда қыз әкесiне: «Әке, қалыңмалымның өтеуi болсын, маған қаражорғаны бер», — дейдi қиылып. Жорғасын берейiн десе, қимайды. Бермейiн десе, жал­ғыз қызы. Ақырында бай ойлана келе, қаражорғаны қызының қалыңмалының өтеуiне бермек болады. Ол кезде байлар қызын сән-салтанатымен ұзатқан ғой. Қызы кетiп бара жатқанда бай былай дептi: «Қызым, қаражорғаны бiр тайпалтып жорғалатшы. Жат жұртқа әкетiп барасың ғой, бiр көрiп қалайын», — деп өтiнiш айтыпты. Сөйтiп, қаражорғаны ноқталы ұзын арқанымен бос қоя бередi. Сол кезде қаражорға ат су тө­гiлмес жорғасына сала жөне­ле­дi. Сонда ноқтаға байланған ұзын арқан толқынданып, атпен бiрге жорғалап бара жатқандай әсер қалдырады. Осыны көрген бiр күйшi «Қаражорға» деген күй шығарыпты деседi...
— Ол күйшiнiң аты-жөнiне қатыс­ты дерек бар ма?
— Оның аты-жөнi нақты анықталмаған. Бiреулер мұны Құлыншақ күйшi деп жүр. Кәдiмгi Еренқабырға өңiрiнiң атақты күйшiсi Құлыншақ. Бұл әлi де зерттеудi қажет ететiн мәселе.
«Қаражорғаны» естiгенде қазақтың буыны босап, билегiсi келiп тұратыны осы күйдiң құдiретiнен болса керек. Осыны ескерiп, кейiн­нен «Қаражорғаға» би шығарады. Күй мен би сәй­кес келгеннен кейiн «Қаражорға­ның» құдi­ретi одан әрi арта түстi.
— Соңғы кездерi «Қаражорға» әнiн естiп жүрмiз. Бұл ән бағзыдағы «Қаражорға» күйi мен биiне қаншалықты үйлесiмдi?
— Ұжымымыз құрылғалы үш айдың жүзi болып қалды. Бiз бұл мәселеге үлкен дайындықпен келдiк. Жақында ұжымымыздың көркемдiк жетекшiсi әрi әншiсi етiп Қажымұрат Шешенқұл деген жас жiгiттi Қытайдан арнайы алдырдық. Әрi өзi сазгер. Бесаспап жiгiт. Қазiр ол елге келдi. Амандық болса, азаматтығын да алар. Осы Қа­жы­мұрат iнiмiз «Қаражорғаға» ән жазды. Ата-бабамыз күй болып басталған «Қаражор­ғаны биге айналдырса, Қажымұрат оған ән қосып, үш жақты етiп бұрын­ғыдан да байыта, кемелден­дiре түстi.
«Қаражорғаға» бұған дейiн де бiреулер ән жазып, шалалау жазыл­ған ән ел арасына тарап кетiп, ол халық әнi ретiнде бiр­шама танылып та қалған. Оны бiз бiршама өзгертiп, кәсiби ақындарға мағынасы бай сөз жазғыздық.
— «Қаражорға» биiн Қытайда бiр мезетте 13 мың адам билеп, Гиннес­тiң рекордтар кi­табына ендi. Осы ке­ремет құбылысты көзiңiзбен көрдiңiз бе?
— Өкiнiшке қарай, мұны көре алмадым. Бiрақ, көз көргендерден естiдiм қалай болғанын. Қытайдың Өр Алтай өңiрiндегi Шiңгiл ауданында бiр уақытта 13 мың адам көшеге шығып, «Қаражорғаны» биледi. Қытай елi ұлттық құндылықтарды, тарихты бағалай бiледi. Осыншама адамның билеп жүрге­нiн көрген өкiмет адамдары арнайы комиссия құрғызып, мұны Гиннес­тiң кiтабына енгiзiптi.
«Қызыл мата» мен тағы бiрдi-екiлi билерiнен басқа қытайлардың атасында би жоқ. Бертiнде ғана «Айдаһары» пайда болды. Бiздiң «Қаражорғаны» көргенде таң-тамаша қалғаны да сондықтан ғой. «Қаражор­ғаның» құдi­ретiн осыдан-ақ тани берiңiз. Бiр бұл ғана емес, жастар үшiн керемет құндылық болатын «Айжарық» деген өте сәндi би бар. Осындай тамаша билерiмiз барда бiз неге өзбектiң, ұйғырдың, шешеннiң билерiн билеуiмiз керек?!
2011 жылы Алматы мен Астанада бүтiн Азияның қысқы спорт ойын­дарын өткiзбекшiмiз. Бұл — ұлттың ұлылығын өзгелерге көр­сетудiң таптырмас мүмкiндiгi. Ендеше, қазақтың «Қаражорғасын» неге осы Азияданың ашылу салтанатында билемеске?! Аллаға шүкiр, оған шамамыз же­тедi. Жалт-жұлт етiп билейтiн жастарымыз да бар. Тек ынта болса жеткiлiктi.
Өзге ұлттардағыдай бiзде жалаңаш балтыр, жалаңаш кiндiк көрсе­тiл­мейдi. Қазақтың салт-дәстүрiнiң өзiне тән құндылығы да осында емес пе? Осы ойымызды Азияданы ұйымдастырушылар ескерсе екен деген тiлегiмiз бар.   
— Моңғол халқында «Буын биi» деген бар. Осыны көп жұрт «Қара­жор­ғамен» шатыстырады. Осының ара-жiгiн ажыратып берiңiзшi.
— Кейбiреулер «Қаражорғаны» моңғолдың биi деп сұхбат берiптi. Бұл — өрескел қателiк һәм сауатсыздық. Қазақ пен моңғолдың төс­кейде малы, төсекте басы қосылғанымен, екеуiнiң биi екi бөлек. Моң­ғолдардың билейтiнi — буын биi. Ал бiздiкi — «Қаражорға». Буын биiнде бишiнiң қимыл-қозғалыстары өзгешелеу келедi. Атауы айтып тұр­ған­дай, мұны буын-буындарға салып билейдi. Ал қазақтың биi кәдiм­гi тайпалған жорғаны көзге елестетедi.
— Естуiмiзше, қазақ елiнде насихаты бәсең «Қаражорға» биiн Қытайда мектеп бағдарламасына кiр­гiзiп жатқан көрiнедi. Осы рас па?
— Мұныңыз рас. Қытай мек­тептерiнде сабақ басталмас бұрын оқушылар жаттығу жасайды. «Қа­ра­жорға» рекордтар кiтабына кiр­геннен кейiн Қытайдағы жарнамасы керемет болды. Ендi бұл бидi мектеп бағдарламасына кiргiзейiн деп жатыр. Қытай елi анау-мынау­ға мойын бұра бермейдi. Әбден зерттеп, зерделеп барып бiр-ақ қабылдайды.
«Қаражорғаны» алдымен Алтайы өңiрiнiң мектептерiнде сынақтан өткiзiптi. Сынақтан кейiн нәти­жесi өлкелiк оқу-ағарту коми­те­тiне жiберiлген. Ендi мiне, Шыңжаң өлкесiндегi барлық мектептер сабағын «Қаражорғамен» бастайтын болды. Оны айтасыз бұл шара бүкiл Қытай мемлекетi дең­гейiнде қолданылуы да мүмкiн.
Ал бiзде «Қаражорға» биi ойын-тойлардың шеңберiнен шыға алмай жүр. Мектеп бағдарламасына кiргiз­бей-ақ қойсын, ең болмаса, «Қаражорғаның» насихатын Азияда ойындарынан бастайықшы әуелi. Гин­нестiң рекордтар кiтабы­на кiргiзiп бiр таңдандырдық. Ендi Азия ойындарының ашылу салтанатында билесек, ұлттық өнерiмiз­дiң құны одан әрi өсе түсер едi.
— Әңгiмеңiзге рақмет.
 
Сұхбаттасқан – Ерiк РАХЫМ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (20)
Біржігіт.С | 23 ақпан 2010 23:51
Қытайдағы 2.5миллиондай қандасымыздың қазақ халқының байырғы биі ҚАРА ЖОРҒА БИІН үрпақтан-ұрпаққа жалғап ,тіпті гиністер рекордына кіргізген рухы жер шарындағы барлық қазақ халқының мақтанышы деп білеміз . Бүл қуанышқа қандастарымызға РАХМЕТТЕН басқа не айтарсыз .Жалпы Қытайдан Қазақстанға оралған бауырларымыз , осы биіді жалпы беттік үгітеуді қолға алып кележатыр , Алматы қаласы , Алматы облысы,Шығыс Қазақстан облысында бүл биісіз той басталмайтын болған , сүйтіп қара жорға биі бүкіл қазақ еліне кенінен тарала бастады , күптарлық жайт ,мақалада айтылғандай 2011 жылғы еліміздегі қысқы олимпиадалық жарыстын ашылу салтында ,күлі әлемге қазақ халқын қара жорға биі таныта білсе , нүр үстіне нүр болар еді .
Үлтжанды | 23 ақпан 2010 23:58
Бүрын қазағымыз домбырасымен мақтанып келсе , енді қара жорға биімен әлемге мақтана алатындай дәрежеге жетті , биі денсаулыққа пайдалы гимнастика ,әрі адам рухын серпілдетін жанды қозғалыс болғандықтан кең таралуда , бүл мезетте қытайдан ата мекеніне келіп , үлттық қүндылықтарымызды дәріптеп жүрген , қара жорға өнер үжымы жетекшісі Жамали Диханұлына ,Қайрат Байтолла ұлына , Қажымүрат Шешенқүл ұлына және басқада би жанашырларына шын алғысымызді білдіреміз!ҚАРА ЖОРҒА БИІ ҚАЗАҚ САҚАРАСЫНДА САМҒАЙ ,ШАРЫҚТАЙ БЕРСІН !
ассамун | 24 ақпан 2010 22:02
Бидің соңында шертілетін күй - "Сал торы" емес пе? Қарасайдың, Құлыншақтың т.б.деп жалған айтпағын. Бұл халық күйі және биі. Баян-Өлкелік
Назира | 4 наурыз 2010 13:01
Осы ұжымның бишілер қатарына қосылмақшы едім, ұжымының орналасқан мекен-жайы мен байланыс телефондарын берсеңіздер алғысым шексіз!?
Карагер | 16 наурыз 2010 14:46
Пікірлеріңіз өте орынды. Қаражорға халықтың қазынасы. билейім ден ниетіңіз болса жалғасты хабарласыңыз.
Жаншырай | 16 наурыз 2010 15:04
Шетелден келген жастардың бастамашылығымен құрылған "Қаражорға өнер ұжымы" бәрімізді қуантады. берілген сұқпатта кеткен қателіктер сыпортшы бауырымыздың білместігі болар. дей тұрғанмен қаражорға ұжымының төңірегіндегі басқа жастарға ерекше сенім артамын.
сыр қазағы | 26 наурыз 2010 06:38
күй "Сал торы" емес, "салкүрең" деп айтылады
Ақмарал | 30 наурыз 2010 11:13
Бидің соңында шертілетін күй - "Сал торы" емес пе? Қарасайдың, Құлыншақтың т.б.деп жалған айтпағын. Бұл халық күйі және биі. Баян-Өлкелік

Баурым,бұлай айтуға қандай дәлеліңіз бар?
Ақмарал | 30 наурыз 2010 11:17
"Қаражорға өнр ұжымына"тек қана табыстар тілеймін.
Қас Жолымбет | 2 сәуір 2010 17:02
Қазақта қара өлең ұйқасы, қара халық деген сөздер бар. Бұл еркін ұйқас немесе мол деген мағынадағы сөздер. Сол сияқты "Қара жорға"-дағы қара "Еркін", ал "Жорға" жай жүріс емес, әсем де сәнді жүріске қаратылған. Сондықтан бұл би нағыз қазақы тектіліктің белгісі бола алады.
Ақмарал | 22 сәуір 2010 14:50
Осы өнер ұжымының алда қандай жоспары бар екенін білуге бола ма?Ал қазір қандай тірліктер атқарып отырсыздар.
Аман | 26 сәуір 2010 12:40
Қаражорға биін алғаш бір тойда барлық тойшы билеп жатқанын көргенде керемет әсер алған едім. Гиннес-гиннес деп қақсай бермей соншама халық билеген би олса оның бейне жазбасы бір жерде сақтаған болар құдайға шүкір бұл 21 ғасыр ғой. Соны әкеліп диск болғызып еркін садаға шығару керек қой. Нағыз нәсихат содан басталады. Көсімен көрмеген шенеунік сенің гиннесіңді қыстырсын ба. Анандай көп халық бир ырғақпен билгенін есестетсем арқам шымырлайды. Кереммет әсерлі болған болар сол кезде. Сөзден гөрі іс
Аман | 26 сәуір 2010 14:57
Сөзден гөрі іспен дәлелдеп көз жеткізу керек. Жаңағы олимпиданы ұйымдастыру комиссиясына сол жазбаны әкеліп көрсетіңіз. Қара жорға биі қара халыққа әлі жеткен жоқ. Маңғыстау облысында Жаңаөзен деген керемет қала бар.Халқы тойшыл болады. Осы жаңаөзеннен нәпақасын тауып жүрген Қарақалпақстан, түркіменстандық гастарбайтер тамада-музыканттарға осы ән-мен биді елге таратыңдаршы, керемет рухты би деп өзімдегі дискні бірнеше рет тыңдаттым. Ешқайсысы түсінген жоқ. Баяғы "Қаншайым"-нан бір танбайды-ау
Алжан | 27 сәуір 2010 23:42
Ағайын қазақтың еркектері тұрмақ қыздары би билемеген. қазақ қызының биін өз бетінше ойлап тапқан Шара Жиенқұлова. Ал Қаражорға биі де, сазы да Қытайдағы Қалмақ деген елдікі болуы керек. Мүмкін сол жақтағы қазақтар соларға еліктеп шығарып алуы мүмкін.
Нұрлан Досмағұлов Қызылордадан. | 3 мамыр 2010 04:34
Айналайын Алжан-ау! Сонда күйді күмбірлетіп, сайын далада айқайлап ән салған ағаш керегелі, киіз туырлықты ұлы ел би билемеген дегің келе ме? Биі бар басқа ел ел де, біз биі жоқ бейшара болғанымыз ба? Жо-о-оқ, Қазақ бар жерде оның рухы өлмек емес. ЖАСА ҚАЗАҚ! ЖАСА ҚАЗАҚТЫҢ "ҚАРА ЖОРҒАСЫ!"
Әсем | 6 мамыр 2010 23:08
Әсем,Қазақстаннан
Қаражорғаны билеген адамдарға рақмет!Оны сақтап, бізге жеткізгендер мың жасасын...Қазақ екеніңді осы би есіңе түсіреді ғой...
жаназық | 19 мамыр 2010 21:04
біздің үйде не болып жатқанын кім біледі.......қара жорға бійі ,қытайдағы қазақ қалқының қалықтық бійі болып саналады . оны қазақ еліне дұрыс таныстырғанымыз жөн сыйақты , соқырға арамза молда дегендей білмегенді білдім деп көзді көлегейлеұге болмайды ғой..........
Елтұтқа | 24 мамыр 2010 11:59
Құрметті қазақ өнерінің жанашырлары! Үстіміздегі жылдың 18 маусымында Қазақконцерт залында "Қаражорға өнер ұжымының" кезекті концерті болады. келіңіздер, көріңіздер!
Мағиза | 24 мамыр 2010 12:18
айналайын жастар, Жамали секілді ұрп-соқтан басқаны білмейтін біреуді неменеге жолатасыңдар! сендерді көрінген жерге жамандап жүреді. әуелі ел ұялатын болды.
Айжүз | 13 шілде 2010 16:11
"Қаражорға өнер ұжымы" құрамындағы жастар мені қатты қызықтырады. олардың барлығы өнерлі, білімді азаматтар. мынау Жамали деген жындыма өзі, қайдан шыққан пәле?! жастармен жармаспай қойсашы, ұят жоқ екен.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті