1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №63 (16145) 9 тамыз, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
9 тамыз 2016
“Ырғақты” жаңалықтар

ТАЛАНТТАРДЫ ТАППАҚ

JADO production мен “МУЗ LIFE” телеарнасы жас таланттарды табу мақсатында конкурс өткiзбек екен. 5-17 жас аралығында жас таланттардың томағасын сыпырып, өнер айдынында желкенiн керуге жөн сiлтеу мақсатында өткiзiлетiн “Жұлдыз лайф” конкурсына өтiнiш бергенде әдiлқазы­лардың алдында өнерле­рiн көрсетiп, талантын сынап көредi. Iрiктеу сыны 21 тамызда басталатын сайыстың финалдық сыны 24 тамызда өтiп, эстрада әншiлерiнiң қатысуымен гала концертке ұласады.
“Конкурс өткiзудегi мақсатымыз елдiң iшiнде жүрген жас таланттардың өнерiн ұштап, бағдар беру. Той-томалақта көп балалардың тамаша ән шырқағанына куәмiз, сондай дарындардың басын қосып, оларды үлкен сахнаға шығаруға мүмкiндiк туғызу” дейдi ұйымдастырушылар.
 
ҚЫДЫРӘЛI – ПРОФЕССОР
Әншi продюссер Қыдырәлi Болманов прфессор атанды. “Халық ештеңенi ойламау үшiн жеңiл әуездi музыкаға құмар. Бiз вирустық әлемде өмiр сүрiп жатырмыз. Бұл әлем бiздi теледидар, ғаламтор арқылы балабақшадан бастап, мектепте де жаулап ал­ған. Бұл бiздiң болашағымыз – балаларымыз үшiн өте қауiптi. Бiз осы қауiппен ана тiлiнде ән шырқайтын, сөйлейтiн “Бал бала” қуыршағын жасау арқылы күресудi бастадық. Компаниямыз ғылыми-өндiрiстiк орынға айналып, ғалымдарымызбен бiрлесiп, оқу-әдiстемелiк құралымызды әзiрлеп жатырмыз. Дәл осы сала бойынша мен Мәскеуде диссертация қорғап, Ресей Ғылым академиясының профессоры атандым” дейдi Қ.Болманов.
 
ДҮКЕНIН ЖАУЫП, НАМАЗХАНА АШТЫ
Әншi Заттыбек Көпбосынұлы өзiнiң туып-өскен ауылында дүкен ашқан-ды. Саудасы қызып, дүрiлдеп тұрған дүкен бұдан былай намазхана болмақ. Ауылдағы жамағат құлшылығын өтеу үшiн мешiтке барғанша бiраз жол жүредi. “Ойшоғыр” порталының хабарлауынша, ОҚО-ның өкiл имамы әншi ашқан намазханаға арнайы ұстаз бекiтiп берiптi. “Ауыл балалары құран оқып, имандылыққа бет бұратын болды” деп ауылдастары әншiге разылығын жаудырды. “Алла маған өнер бердi, өнерiм арқылы ризығымды алып, зәулiм үй де салдым. Жаратқанға шүкiршiлiк етiп, жанданып келе жатқан дүкендi намазханаға айналдырдым” дейдi әншi.  
Қуаныш Нұрданбекұлы
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті