1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №63 (16145) 9 тамыз, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
9 тамыз 2016
Мирлан Баеков, Қырғызстанның эстрада әншiсi: «Қызыл өрiк» маған да көлiк мiнгiздi

“Қызыл өрiк” әнiне әлi де билеймiз. Той-томалақта қосыла қалса, делебемiз қозып билеп ала жөнелемiз” дейдi тойдан қалмауға тырысатын бiр кiсi. Расында да, қырғыздың “Қызыл өрiгiн” Ақылбек Жеменей қазақ тiлiнде шырқап, бiрнеше жыл тойдың әнi болды. Осы ән арқылы Ақылбек атағын ғана аспандатып қоймай, тұрмысын да жандандырды.Бұл ән бiзге жеткенге дейiн яғни, 2010 жылы Қырғызстанда хит болды. Осы әннiң орындаушысы, қырғызстандық әншi Мирлан Баековтен шағын сұхбат алып, “Қызыл өрiктiң” қандай қызығын көргенiн сұрадық.

– “Қызыл өрiк” әнiңдi Қазақ елiнiң әншiлерi орындағалы шекарадан жиi аттайтын болдың.
– Осы әнiмнiң сiздерде танылуына, жиi тыңдалуына, жоғары баға алуына Ақылбек Жеменейдiң қосқан еңбегi көп. “Қызыл өрiк” сiздер­де жылдың хит әнi аталғанда концерт­ке қатыс­қанмын. Содан кейiн тойларға да жиi шақыратын болды. Шым­­­кент, Қызылорда, Тараз, Алматы қаласындағы тойларға қатысып, әнiмдi шырқап жүрмiн.
– Қазақстандағы тойларға шақырушылар   қан­­­­ша төлейдi?
– Девальвация болмай тұрып 1,500 АҚШ доллары көлемiндей төлейтiн. Қазiргi гонорарымды айтпай-ақ қояйын.
– Соңғы рет қашан кел­дiң?
– Үш ай бұрын Алматыда өткен тойға барып келдiм.
– Ақылбек Жеменейден басқа әндерiңдi шырқап жүр­ген, шығармашылық бай­ланыс орнатқан әншiлер бар ма?
– Әрине, Әбдiжаппар Әлқожа деген жас жiгiт бар. Сол жiгiтпен телефон арқылы хал-жағдай сұрасып, әлеуметтiк желiмен де байланыс орнатамын. Оның да репертуарында менiң шырқаған әндерiм бар.
– Өнерде шекара жоқ қой, Қырғызстанның әншi­лерi бiздiң сазгер­лер­дiң әнде­рiн де шыр­қайды, мәтiнiн қырғыз тiлiне ау­­да­рып орындап та жүр.
– Оныңыз рас, бiрақ бiздiң елде әндi насихаттауда, таратуда, көпке жеткiзуде сiздер­де­гi­ден өзгеше. Мысалы, Қыр­ғызстанның эстрада әншi­сi сiздiң елдегi хит әндi орындар болса, тiптi оның мәтiнiн қырғыз тiлiне аударса да, ол әндi не радио не телеарна насихаттамайды. Той-томалақта, айылдың арғы жағында шырқалуы мүмкiн.
– Неге?
– Өйткенi ол ән қырғызстандық сазгердiң әнi емес. Сондықтан да бiздiң елде шеттен енген әндердi эфирден таратуға рұқсат етпейдi.
– “Қызыл өрiк” әнi бiзде әлi де тойларда шырқалып, көпшiлiктi билетiп ала жөнеледi. Ақылбек Жеменей осы әнi арқылы көлiктi де болды, тұрмысын да түзедi. Естуiмiзше, Қыр­ғызстанда да бұл әннiң насихатталуы сұрапыл бол­ған көрiнедi.
– Рас, рас. 2010 жылы “Қызыл өрiк” Қырғызда хит болғанда мен де көлiк сатып алдым, баспаналы болдым. Осы әндi шыр­қау арқылы тойлардан, концерттерден тапқан табысымды жиып, 2011 жылы үйлендiм.
– Ақылбек басқа да әндерiңдi сұрап хабарласпай ма?
– Осы әншiле­рi­ңiз­дi мен де та­ба алмай жүрмiн. Сiз­дер­дiң газет арқылы базынамды айт­қым келедi. Әне­бiр күнi бiздiң елдегi ең беделдi газет саналатын “Супер инфо” басылымы “Қы­зыл өрiк” әнiне қатысты пiкiр алмаққа хабарласты. Осы әннiң Қазақстанда таралуына үлес қосқан Ақылбек Жеменеймен байланысу үшiн маған қолқа салды. Ақылбектiң ұялы телефонына да қоңыраулаттым, уатцаппен де хабарлама жолдадым, еш жауап жоқ. Танымайтын адамым емес, бiр­түрлi болып қалады екенсiң.
Сұхбаттасқан
Қ.Рахмет. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті