1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №63 (16145) 9 тамыз, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
9 тамыз 2016
Әнге сөз жаздыңыз ба?

«Ырғақтың» сұрақтарына ақын, «Дарын» жастар сыйлығының иегерi Ақсұңқар Ақынбаба жауап бередi.

«Ырғақ»: Сiзге аға буын өкiлдерi, не болмаса замандастарыңыз, кейiнгi толқындағы сазгерлер әнге сөз жазып бер деп қолқа сала ма?
А.Ақынбаба: Негiзi, мен әнге сөз жазумен танылған немесе табыс қуған ақындардың қатарынан емеспiн. Бiздiң әншiлер қауымы бiр рет сәттi шыққан әннiң сөзiн кiм жазса, соған бәрi жүгiредi. Немесе өздерi сүйкей салады. Сондықтан, «маған әнге сөз жазып бер» деп қолқа салып жатқандар бар деп өтiрiк мақтана алмаймын. Бiрақ халқымыздың ең сүйiктi әншiсi Мақпал Жүнiсова ханым ұшырасып қалған кездерде: “Әнге келетiн жақсы өлеңдерiң болса бер” деп айтып қалып жатады. Мен де ол әпкеме өлең берейiн деп бiр-екi рет хабарласқанмын. Iссапарға шығып бара жатады ылғи... Сосын аса құнттамадым ғой деймiн. Бiрақ, Мақпал мен Ақботаның дауыс ырғағына, жүрек қалауына сай шығатын өлеңдерiмдi дайындап қойғам.
“Ырғақ”: Қазiргi эстрада әндерiн тыңдағанда арзан сөз, күлдiбадам ұйқасқа қарныңыз ашпай ма?
А.Ақынбаба: Әрине, мына жерiн былай жөндеп жiберер ме едi деп отырамын. Мен бiр сазгердiң сазына мәтiн жазып көрдiм. Мақсат Жәутiктiң әнiн “Жаужүрек” деп қойдым. Ол кiсi “Батыр бала” деп қой атын» дедi ма-ау. Әйтеуiр пiкiрiмiз үйлеспедi. Сондағы байқағаным сазгерлер көбiнесе өлеңнiң мазмұнына емес, әуеннiң жетегiне көп мән бередi. Олар сөз мазмұнсыз, мәнсiз, орашолақ болса бола берсiн, тек әуенге үйлессе болды деп ойлайды. Бұл дұрыс емес.
“Ырғақ”: Өзi сазгер, өзi әншi, өзi ақын әннiң, оның iшiнде поэзияның қадiрiн кетiрiп алған жоқ па өзi?
А.Ақынбаба: Иә, оның бәрi өнердiң әр саласының қыр-сырын меңгермей жатып, әмбебап талант болып көрiнуге тырысу, жалпы, өнердiң киесi қонбаған, әуесқойлардың iсi деп түсiнемiн. Бiржан сал, Ақан серiлердей жан-жақты дарын иесi бола алмаса да, iшiнара тәп-тәуiр әншi-сазгерлер немесе ақын-сазгерлер де кездесiп жатады. Ал, ендi өзi сазгер, өзi әншi, өзi ақын ретiнде танылған, мойындатқандар тым аз ғой деймiн. Марқұм Табылды Досымов, қазiргi   Елена Әбдiхалы­қова секiлдi әмбебап талант иелерi сирек те болса бар екенi қуантады.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті