1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №79 (16161) 4 қазан, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
4 қазан 2016
Дәстүрлi өнердi мектепте оқытуға не кедергi?

Қоғамның қарсылығына қарамастан үштiлдiлiк бағдарламасы ақыры бiлiм саласына енгiзiлдi. Ендiгi жерде балалар 1-сыныптан бастап үш тiлде әрiп танып, кейбiр пәндердi – орыс, кейбiр пәндердi – ағылшын тiлiнде оқуға мәжбүр. Басқасын былай қойғанда, мектепалды дайындық сыныбының өзiнде 15-тен аса пән бар. 5-6 жастағы шиеттей балаларға осы 15 пән керек пе? Ақыры пәндi көбейткен екенбiз, онда мектеп бағдарламасына қазақтың дәстүрлi ән өнерiн енгiзуге не кедергi? Ертең баланың бәрi әншi болмайтыны белгiлi. Бiрақ жасөспiрiмдер Ақан серi мен Бiржан салдың кiм екенiн мектеп қабырғасында жүрiп-ақ бiлiп шығар едi ғой. “Қазақ күресiн” мектепте пән ретiнде оқытып жатқан Қытайдағы қандастарымыздан неге үлгi алмасқа?

Мұндай ой айтуымызға жас әншiнiң пiкiрi себепкер болып отыр. Алдымен таныстыра ке­тейiк. Айнұр Жұмақадыр К.Байсей­iтова атындағы дарынды балаларға арналған мектепке 5 жасында қабылданып, 12 жыл бойы профессор Бiләл Ысқақовтан тәлiм алған. Мектептi бiтiрген соң Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына түскен. Дәстүрлi ән кафедрасында ән өнерiнiң қыр-сырын дүлдүл әншi Ерлан Рысқалидан үйренген. Екi жыл бойы күмiс көмей әншi Тiлеулес Құрманғалиевтан дәрiс алған. Қазiр Талғар аудандық Мәдениет үйiнде жұмыс iстейдi. Жасөспiрiмдерге арнап үйiрме ашқан. М.Мақатаевтың 85 жылдығына орай 2015 жылы өткен облыстық байқаудың гран-при иегерi.
Айнұр Жұмақадыр былай дейдi: “Қазiр жұмыс таппай жүрген дәстүрлi әншiлер өте көп. Олардың қарым-қабiлетi ешкiмнен кем емес. Өкiнiшке қарай, өнер ордаларында орын жоқ, адам толық. Сондықтан көптеген әрiптестерiм амалсыз тойдың есiгiн сығалайды. Онда да тапқаны шамалы. Өйткенi жұрт эстрадаға әуес, жеңiл әндерге құмар. Бiр тойда бiр дәстүрлi әншiге кезек тисе, соның өзiне тәубе дейтiн жағдайға жеттiк. Ендi ойлаңызшы, жұмыс таппай жүрген дәстүрлi әншiлердiң не кiнәсi бар? Олар ұлттық өнердi қылаусыз сүйгенi үшiн жазықты ма? Олар неге сонша уақытын дәстүрлi әннiң қыр-сырын үйренуге, оның нәзiк иiрiмдерiн меңгеруге жұмсады? Бiреулер “ол – өзiнiң таңдауы ғой” деуi мүмкiн. Ол рас. Бiрақ өнер халықтiкi емес пе?! Неге қазiр халықтың өз төл өнерiне деген қызығушылығы төмендеп барады? Қазақтың өнерi қазақтан басқа кiмге керек?
Мiне, осы тұстан екiншi бiр мәселе бой көтередi. Қазiр Ақан серi мен Бiржан салды, Жаяу Мұса мен Үкiлi Ыбырайды, Бал­уан Шолақты, Құлтуманы, Естайды, Қорқытты т.б. бiлмейтiн ұрпақ тәрбиеленiп жатыр. Бұл – қасiрет. Өйткенi жастардың бойына отаншылдық қасиет ұлттық өнер арқылы тез сiңедi. Қазақтың ән өнерi – ел мен жердi сүюге баулитын таптырмас дүние. Ендеше, неге дәс­түрлi әндi мектепте оқытуға болмайды? Оқушыларға ән сабағы өтетiнi белгiлi. Мәселен, бiр мектептiң 6-сыныбында 4-5 сынып бар екен дейiк, соның бiреуiн дәстүрлi әнге баулысақ, кiм қой дейдi? Балалар өз таңдауына қарай iрiктелер едi. Жұмыс таппай бос жүрген дәстүрлi әншiлерге де жұмыс табылар едi. Дәстүрлi ән бойынша мек­теп­аралық, ауданаралық жарыстар өтiп жатса, қандай жарасымды?!  
Әрине, балалардың бәрi әншi болып кетпейдi. Бiрақ мектеп­тегi кез келген бала домбыра шертiп, әу дейтiн деңгейге жетсе, кiмге жаман? Әлде дәстүрлi ән оқушыларға ауыр соға ма? Менiңше, олай емес. Дәстүрлi ән физика мен химияны ағылшын тiлiнде оқудан әлдеқайда оңай. Оның үстiне, домбыраның қоңыр үнiне iңкәрлiк қазақтың қанында бар. Тек соны ояту керек. Дәс­түрлi ән пән ретiнде оқытылса, ол – мемлекетке пайда. Өйткенi тәуелсiз елдiң ұландары отаншыл, елi мен жерiн шын сүйетiн нағыз патриот болып қалыптасады”.
Рас-ау. Жас әншiнiң орынды пiкiрiне қосып-аларымыз жоқ. Ал Сiз не дейсiз, қадiрлi оқырман!
Қ.Баян.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар