1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №79 (16161) 4 қазан, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
4 қазан 2016
Теледидар даңғазаны дәрiптей ме?

Кейiнгi кезде телеарнадан халық әнiн және халық композиторларының әнiн естуге зар болып отырмыз. Сахнада жанын жеп жұлқынып, айтқан әнiнiң мән-мағынасы бұлдыр орындаушылардың заманы туды ма әлде? 

Шәмшi Қалдаяқов та ән шығарғанда сол әндi қай әншi орындай алатынын бiлiп, соның қанжығасына байлап беретiн. Қазiргi композиторлардың бiз қазақ боламыз деген ойлары бар ма екен?
Әлде, шығарған әндерiн сынайтын, бағалайтын адам жоқ деп есептей ме? Бiр жақсы жерi “Ғасырлар үнiн”   теледидардан көрiп, аз да болса көңiлге тоқ болып тұр. Үздiк ән дегендi тағы көрiп жүрмiз. Онда да әндi бұзуда. Әр әндi неге қазiргi әншiлерге даусына, үнiне және орындау, нақышына қарап бермеске. Домбыраны күмбiрлетiп, халық әндерiн, заманында бұлбұл атанған күмiс көмей, жез таңдай ақын-композиторлардың әндерiн орындайтын қыз-жiгiттер бар, неге оларды теледидардан көрсетпейдi?
Ауғанбай Әбiлез,
Жамбыл облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті