1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №79 (16161) 4 қазан, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
4 қазан 2016
Қобыздың киесi

Қызылорда өңiрiнде өмiр сүрген Нышан бақсының (Смайыл Шәменұлы) қобызын қобызшы Саян Ақмолда фильмге пайдаланбақ болып әкемтеатр­дан (М.Әуезов театыры) сұрап алыпты. Ертеңiне кинода қо­бызбен күй тартуы тиiс қобызшы көне қобыздың қылын (шек) таға алмай түннiң бiр уақытына дейiн әуреленсе керек. Осыдан жиырма жыл бұ­рынғы оқиғаны Саян Ақмолда былай деп баяндап бердi

– 1997 жылы өнертанушы Саида Еламанова мен Бекболат Тiлеухан екеуi “Қауышу” деп аталатын фильм түсiрдi. Осы фильмнiң режиссерi Рымбек Әлпиев менiң фильмде тартатын қобызымның көне бол­ғанын қалады. Қорқыт жайлы айтылатындықтан, қобызымыздың ескiлеу болғаны дұрыс деген соң көне қобызды iздес­тiрдiк. Ағам, актер Дулыға “әкемтеатрда көне қобыз бар. Спектакльдерге пайдаланамыз” дедi. Сұрастырып әлгi қобызды таптық. Әйгiлi Нышан бақсының қобызын жатақханама әкелiп қыл тақтым. О тоба, бiрiншi қыл қобыздың құлағынан шығып, байланбай қойды. Екiншi рет тиектiң төменгi жағындағы қыл өткiзетiн көзден үзiлдi. Қобызды қолымызға ұстап жүргелi талай жыл болды, қыл бұлай үзiлмейдi. Үшiншi­сiнде өзiмнiң қобызымдағы қылды шешiп алып тағып бол­ғанда, ысқыш ысатын жерден дәп бiр пышақпен кескендей үзiлiп кеттi. Ақыры, бұл қобызды да, өзiмнiң қобызымды да фильмде тарта алғам жоқ. Бас­қа бiр қобызбен күй тарттым. Нышан бақсының қобызы үйiм­де бiр айдай тұрды. Бiрақ өңiм­де елес көре бастадым. Күндiз­дiң өзiнде алдымнан аппақ киiм киген адамның сұлбасы кө­рiнетiн болды. Ақырында әкемтеатрға апарып бердiм. Бұл қобызды әкемтеатрдың әр­тiстерi кезiнде Қызылордаға гастрольдiк сапармен барғанда Нышан бақсыдан аттай қалап театрға сұратып алған екен.  
Бақсылардың қобызы адам секiлдi үн қатады, сөйлейдi дейдi. Расында да, әйгiлi бақсылардың қобызының киесi болады. Түркiстанда табылған   үш ғасыр бұрынғы қобызды алып келiп қыл тағып берсең дедi. Келiсiм бергем жоқ. Негiзiнде көне қобыздарды жаңартып, дамытып, өзгертуге, сөйлетуге болмайды. Киесiнен қорқу керек. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті