1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №79 (16161) 4 қазан, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
4 қазан 2016
“Қызтекелерге сахнаны таптатпаймыз!”

“Найнти уан 91” (91 NINETY ONE) деп аталатын топ 2014 жылы құрылыпты. Бес жiгiттен жасақталған топтың жетекшiсi – Ерболат Беделхан. Көпшiлiк бұл әншiнi “Орда” тобының мү­ше­сi ретiнде жыға таниды.

Құрылғанынан-ақ 91-дiң тыңдармандардың оның iшiнде аға, орта буынның ғана емес кейiнгi толқынға да топтың әншiлiгi де, сахнадағы әрекетi де жаққан жоқ. Шаштарын бояғаны былай тұрсын, құлағын тесiп, қасы-көзiн бояп алып сахнаға шығатын топтың Шымкент қаласында өтуi тиiс концертi өтпедi. Оған жол бер­меген – жергiлiктi жастар. “Бiз Шәмшi Қалдаяқов туған топырақтың сахнасына мұн­дай қызтекелер­дi сайраңдатып шығарып, ән салдырмаймыз!” дедi олар. Бұл топтың концер­тi Ақтөбе қаласында да өт­пек­шi едi. Эстрада әншi­лерi Асхат Тарғын бастаған ақтөбелiк жастар да жария түрде топтың Ақтөбе жерiн­де ән салуына қарсылығын айтты.
Сонымен “Найнти уан 91” деген неғылған топ? 91 санын тiркеп алғандарына қарағанда, топ мүшелерi тәуелсiздiктi таңы атқан жылы өмiрге келдi ме екен деп те ойлайсың. Әлеумет­тiк желiдегi топ мүшелерiнiң өмiрбаянына үңiлiп көрсек, бәрi де өн­дiрдей жас. Алды 1993 жылы өмiрге келсе, кенжелерi – 1998 жылғы. Алматы қаласында, Ақтөбеде, Атырауда, Семейде, ендi бiрi Өзбекстанның Үшқұдық деген қаласында өмiрге келген. Құлақтарын тесiп салпыншақ таққан, шаштарын бояп еркек емес, қыз­теке­нiң кейпiн елестетiн әншiлердiң де, осы топты құрған Ерболат Беделханның да мақсаты қазақ әнiн әлемге таныту екен. Кореяға барып үйренiп келген хип-хопты елiмiзде өрiстетiп, дамытуды мұрат етiптi. “Шетелдiң әншi­лерiн тыңдағанша, жастарымыз өзiмiз­дiң 91 тобының қазақ тiлiн­дегi әндерiн тыңдауы керек” дейдi Е.Беделхан.
Хип-хоп жанрын тыңдайтын, насихаттауға мүмкiндiк молынан туатын мемлекеттер тобыңды түстеп-танып өнерiңе қол соққанымен, қазақ деген ұлтты әлемге бұлай танытып, көрсетудiң құны көк тиын. Алты құрлықтың халқы қазақ баласының құлағында сырға, шашында бояу, бетiнде опа-далап бо­лады деп қабылдауынан кiм ұтады?
«Вконтакте» әлеуметтiк желiсiндегi 91 тобының ән­дерi, бейнебаяндары, су­рет­терi жарияланатын парақшадағы әндерiн көру­шi­лердiң саны тым көп. Демек, қазақ эстрадасын тыңдап өсетiн, ер жiгiт болып есейе­дi деп сенген жас­тарымыздың арасынан құлағын тесiп, ернiн бояп, қас-кiрпiгiн қиып қыздай болып киiнiп жүрудi қалайтындардың да қатары артады. Ал “Найнти уан” тобының әншiлерi “Тәуел­сiз­дiктен берi қарай туған ұрпақты хип-хоп жанрымен сусындатып, тәрбиелеймiз” дейдi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті