1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №79 (16161) 4 қазан, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
4 қазан 2016
Алматыны жырлайды

7 қазан күнi “Дүниежүзi қазақтары қауымдастығы” ел Тәуелсiз­дiгiнiң 25 жылдығына орай шет­елдегi қандастардың қатысуымен халықаралық өнер фестивалiн өткiзедi. Суретшiлердiң көрмесi, термешiлер сайысы, ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылады.

“Шетелдегi қазақ жастарының өнер фестивалi деп аталатын са­йыстың соңында гала концерт өткiзiледi. Шетелдегi қандастарымыздың қазақ елiнде оқитын, жұмыс iстейтiн балалары осы фестивальге қатысады. Қазылар алқасы көрмеге қойылған суреттердiң көркемдiгiне қарай бағалап жүлде берсе, термешiлер мен ақындар “Алматы – тәуелсiздiктiң алтын бесiгi” деген тақырыпта жырлайды” дейдi “Дүниежүзi қазақтары қауымдастығының” қызметкерi Гүлсiм Омарова.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті