1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №95 (16177) 28 қараша, дүйсенбі 2016
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
28 қараша 2016
Ән құдiретiн сезiнген
Тәуелсiздiкке қол жетiп, а құдайлап ақсарбаз шалып, өшкенiмiз тiрiлiп, жоғалғанымыз түгенделiп халықтың қазынасына қосылады дегенiмiзге де ширек ғасыр болыпты. Әдебиет пен өнердiң тұйықталған жолы ашылады, руханият­ты аңсап отырған оқырман мен тыңдарман ендi рахатқа бөленедi дедiк. Кеңес заманында халық әнiне тосқа­уыл қойылды. Айтқызбады, жарыққа шығармады дедiк. Домбыра, қобыз, сыбызғы, сырнайды шеттеттi дедiк. Ендi мiне, асыл қазынамыздың күнi туды, аңсаған арманымызға жеттiк. Көк жәшiктен халық әуенi үзiлмейдi деп ойладық. Бiрақ бәрi керiсiнше болып шықты. Осы өткен 25 жылда ұлттық құндылықтарымыздан жұрдай болып айырыламыз деген ой ешкiмнiң санасына кiрмегенi ақиқат.  
Сонау қылышынан қан сорғалап тұрған кеңес заманында да ара-тұра құлаққа домбыра үнi келетiн едi. Әдебиеттiң алтын ғасыры саналған өткен ғасырдың 60-80 жылдарын тарих бетiнен қалай өшiрiп тастайсың? Сол секiлдi халық өнерi де сол заманда өз биiгiнде жарқыраған болатын. Қазақтың күмiс көмей, дүлдүл әншiлерi Манарбек Ержанов, Жүсiпбек Елебеков, Ғарифолла Құрманғалиев, Дәнеш Рақышев, Мәдениет Ешекеев, Жәнiбек Кәрменов, Қайрат Байбосынов, Қажыбек Бекбосыновтардың қоңыраулата салған қоңыр әуенi киелi сахананың төрiнен түспеушi едi шiркiн. Радио мен теледидарды қосып қал­саң да жарқ етiп әншiлер мен күйшiлер шыға келетiн. Қазiр ше, қазiр бәрi керiсiнше. Адам түсiн­бейтiн қойыртпақ бiр дүниелер. Республика сарайы, кон­церттiк залдардың барлығының киелi төрi әншiсымақтардың мекенiне айналды. “Әй дейтiн ажа, қой дей­тiн қожа жоқ” болған соң жын­ойнақ осылай жалғаса бе­редi. Мiне, осындай өлiара шақта халық өнерiн iздеп, түгендеп, өрге сүйреп жүрген бiр топ әншi қыз-жiгiттерiмiз дүр етiп көрiндi. Бұларға мемлекеттен пәлендей қолдау болмаса да, өз еңбек­терiмен, жанкештiлiгiмен ұлттық өнердi алға сүйреп келедi. Сол үшiнде оларға разы боласың. Соның бiрi – көненiң көзiндей кешегi ән алыптарының алдын көрген, қазiргi таңда ән атасы атанған Қайрат Байбосыновтың шәкiртi, әншi Саят Нұрғазин. Әншiлер көп, ал айтатын әнiнiң табиғатын танып, үн толқынын соған үйлестiрiп айтатын әншi­лер аз. Сол аз әншiлердiң қатарында осы әншi Саят та бар. Кешегi Сегiз Серiден бастап, бүгiнгi Тұрсынғазыға дейiнгi сал-серiлердiң әндерiн игерген. Асқақтата, шалқыта салады. Саяттың тағы бiр ерекшелiгi қандай ән айтса да тыңдаушысын баурап алып, жүректi дiр еткiзедi. Тыңдарманын қанаттандырып, әннiң қуатын, сұлулығын сiңдiре бiлетiн құдiретi бар. Оның репертуары аса бай. Ән қоржынында Алтай-Тарбағатай, Батыс Қазақстан, Сыр, Жетiсу, Арқа сал-серiлерiнiң халық әндерi көп. Саяттың орындауындағы Сегiз Серiнiң әнi “Гауhартас”, Ақан серiнiң “Балқадиша”, Майда қоңыр”, Бiржан салдың “Айтбай”, Балуан Шолақтың “Ғалия”, Үкiлi Ыбырайдың “Гәкку”, Ғазиз Файзоллаұлының “Ғазиз” тағы басқа халық әншi-композиторларымен қатар Ақселеу Сейдем­бектiң “Сарыарқа”, “Дәурен-ай” әнi, Қажытай Iлиясұлының “Арман-ай” әрi ұстазы, әрi жерлес ағасы, әншi-композитор Тұрсынғазы Рахимовтың “Керiмбайдың әнi”, “Ненi аңсаймын” әндерiн орындағанда әннiң iшiне енiп кетесiң. Тыңдаушының жанын шарпи, егiлдiрiп-төгiлдiре сал­ғанда жан ләззатына батасың. Әншi Саяттың iзденiсi де өзгеше. Өзiне ұнаған әндi түбiне түсiп, iздеп жүрiп үйренедi. Атақты “Гауhартас” әнiн кейбiр әншiлер халық әнi деп орындаса, Саят өнер зерттеушi ғалымдардың еңбегiн оқып, көзi әбден жеткен соң Сегiздiң әнi деп орындаған алғашқы әншiлердiң бiрi болды. Бұл iсi оның ән ғұмырындағы iрiлiгi едi. Тақыр жерге шөп шықпайтынындай, Саятқа да ән өзiнен-өзi келiп құйыла салған жоқ. Әкесi Мұрат кезiнде Семей өңiрiнде елге танымал әншi болған. Атақты халық әншiсi, кешегi ән алыптарының көзi Жүсiпбек Елебеков Аягөз өңiрiне гас­троль­дiк сапармен барғанда, Тарбағатайдағы концерттен соң кешкi қонағасында “ауылдың алты ауызын” айтқан жас перi Мұрат ағаға көңiлi түсiп, Алматыға шақырады. Бiр атадан жал­ғыз Мұратты ағалары алысқа жiбермей қояды. Ол кезде өзi үйленген, екi баланың әкесi едi. Қайран Жүсекең... екi күн ағаларын көндiре алмай, қапа болып, кетерiнде ағаларына бар айтқаны: “Бұлбұл әншiнi боққа кө­метiңдерiңдi бiлмей тұрсыңдар ғой” деп бiр күрсi­нiп, ауылдан Алматыға аттанып кете барған. Арада өткен бiраз жылдардан кейiн досы, қазақтың бiртуар дүлдүл әншiсi Мә­де­ниет Ешекеев те оны қалаға келуге көндiре алмаған. Бар болғаны досынан кешiрiм сұрай отырып, өзiнiң ортаншы баласы Бекзатты, “мынаны шәкiрт қыласың ба, жоқ әлде бала қыласың ба, ол өз еркiңде, бердiм саған” деп iлестiрiп жi­бередi. Бекзаттың ән әлемiне ғұмыры қысқа болды. Мәкеңнен кейiн ол да ұзамай бақиға аттанып кеттi. Бойында туабiттi таланты бола тұра, әншiлiкпен жүре алмай, өмiрдiң тоқпағымен қойшы болған Мұрат ағамыздың ендiгi орындалмаған үмiт-арманы кенже ұлы Саятта едi. Ауру меңдеп, беттi ата-бабалар кеткен жаққа бұрып жатқан ағамыз теледидардан төгiлдiре ән салып тұрған баласы Саятты көрiп “ендi арманым жоқ” деп екi көзден тарам-тарам жасын ағыза көзiн жұма берiптi. Асқар таудай асыл әкенiң, Бекзаттай жасын ағасының асқақ арманы аманаттай өз мойнында тұрғанын әншi Саят та жан жүрегi­мен сезе­дi. Содан қара домбырасын құшақтап алып ән әлемiне енедi. Ол – Саяттың өз әлемi.
Жұмабек Табын,
Алматы қаласы
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті