1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №95 (16177) 28 қараша, дүйсенбі 2016
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
28 қараша 2016
“ЖАРҚЫРАП, ЖАЙНАЙ БЕРШI, СЕН, НҰРСҰЛТАНЫМ!”
Мәжiлiсшiлер Қуаныш Сұл­танов, Бақыткүл Хаменова, Михаил Бортник Астана атауын президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есiмiне ауыстыру туралы ұсыныс айтып, көптiң күлкiсiне қалған-ды.
Ақмола қаласы 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап елiмiздiң астанасы мәртебе­сiне ие. Ақмола қаласының атауын Нұрсұлтан Назарбаев Астана деп өзгерттi. Өзге тiлде жазуға һәм айтуға да оңай қала атауының қалай өмiрге келгендiгi жайында Н.Назарбаевтың “Еуразия жүрегiнде” атты еңбегiнде жазулы тұр.
Ақмола елорда атанып, атауы Астана болып өзгер­гелi бұл қала туралы шығарыл­ған, шырқалған әндерде қисап жоқ. Тiптi “Ән жүрегiм – Астана” деген атпен жыл сайын байқау да өткiзiлiп, бас қала туралы әндердi орын­дау­шылардың үздiгi анықталады.
Астана туралы әндердiң iшiнде танымалдыққа ие Алтынай Жорабаеваның орын­дауын­дағы “Елiмнiң жүрегi” деген ән кең таралды, тыңдарманның талғамынан шыға алды. Ендi Астана қаласының атауы Нұрсұлтан боп өзгерсе, Жорабаева қалай орындамақ?
Астанам, көп қараймын мен келбетiңе, мен келбетiңе, мен келбетiңе, – дегендi “Нұрсұл­та­ным, көп қараймын мен келбетiңе” деп шырқап тұрса қалай естiледi құлаққа?
Қазақстанның халық әртiсi Роза Рымбаева ұлы Әли Оқаповпен бiрге Астана қаласына арналған әндi сахнада шырқады. Ринат Гайсиннiң әнiнде мынадай сөздер бар: “Мақтанышым, аяулы Астана, жасай бер Астана, арманымсың, ардағымсың, балбағымсың”. Ендi бас қаланы Нұр­сұлтан деп өзгертсек, Р.Рымбаева “Мақтанышым, аяулы Нұрсұлтан, арманымсың, балбағымсың” деп шырқай ма? Жағымпаздар мына қарқындарына қарқын қосса, прези­денттiң азан шақырып қойған атын апарып бас қалаға телiмей тынбайды. “Екiжүздi адамның жау болғанынан да дос болғаны қауiптi” деген Жан Жак Руссо да, “Тұрақсыз дос – ең қауiптi жау” екенiн ескерткен Г.Филдинг те күйiн­гендiктен айтқан екен ғой.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті