1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №95 (16177) 28 қараша, дүйсенбі 2016
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
28 қараша 2016
БӘЙГЕСI БҰРЫН БЕРIЛМЕЙДI
Құрылғанына 15 жылдан астам уақыт болған “МузАрт” тобы iздерiн басар талантты жастарды тауып, сахнаға шығару мақсатында “МузАрт live” жобасын iске асырып келедi. Елiмiздiң iрi қалаларында iрiктеу сынын өткiзiп, негiзгi тартысқа қатысушыларды мыңның арасынан сұрыптап алған-ды. Осынау жобаның көмбесiне жетудi қалайтын жас таланттардың көпшiлiгi орта жолда сайыстан шығып қалып жатыр. Өнер тартысы бол­ғандықтан қаңқу сөздiң де қалмай iлесiп жүретiнi анық. ­“МузАрт live” жобасының жеңiмпаз­дары алдын ала уағдаластықпен шешiлiп қойған, мұның бәрi көзбояу нәрсе” деген пiкiрлер әлеуметтiк желiде аз айтылып, жазылып жатқан жоқ. Осыған байланысты “Муз Арт” тобының әншiсi Сәкен Майғазиев былай дедi: “Бұл жобаның жеңiмпазы күнi бұрын белгiлi болып қойған” деген қауесеттi жобадан шығып қалған үмiткерлердiң таныстары не болмаса туыстары да таратуы мүмкiн. Олардың ойынша жобадан басқа адамдар шығып қалуы керек екен. “Тура биде туған жоқ” деген сөзге тоқтасақ деймiз. Осы жобаға менiң бiр емес екi шәкiртiм қатысты. Кенжебек Жанәбiлов соның бiреуiн жобадан өткiзген жоқ. “Өй, ол менiң шәкiртiм едi” деп алып қалған жоқпын. Неге? Өйткенi бұл жоба тек шын таланттарды тауып, тұсауын кесуi керек. Дауыстары кең, айғай салса, алты қырдан естiлетiн кең диапазонды әншiлер де алдымызда өнерiн көрсеттi. Бiрақ олар да өздерiне жүктелген мiндеттi толықтай орындап, талабымыздан шыға алған жоқ. Сондықтан да жобаның көмбесiне жақындаған са­йын талғамға сай келмегендерi саптан шыға бередi” дедi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті