1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №95 (16177) 28 қараша, дүйсенбі 2016
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
28 қараша 2016
Алдымен әнiң ұнауы керек
Әншi Жазира Байырбекова “талантты, бiрақ танысы да, табысы да жоқ” жас әншiлермен бiрге сахнаға шығып ән шырқауға бейiл көрiнедi. Ол үшiн сахнаға жол таба алмай жүрген әншi қыздар өздерiнiң орындауындағы әндерiн өңдетiп, әрлетiп, мәнерiне келтiрiп Жазира Байырбековаға жолдауы керек екен. Әнi мен әншi ұнап жатса, Жазира өнерлi жасты сахнаға ертiп шығып, бiрге ән шырқайтынын айтты. 
 
“ТОЙ ЖЫРЫН” НЕМIСТЕР ДЕ ШЫРҚАДЫ 
Елiмiзге ғана емес, бұ­рынғы Кеңестер одағына танымал болған әйгiлi “Дос-Мұқасан” ансамбiлi­нiң репертуарындағы жиi орындалатын санаулы әннiң бiрi – “Той жыры”. Өткен ғасырдың 70-жылдары “Дос-Мұқасан” ансамблi­нiiң мү­шесi Мұрат Құсайыновтың шаңырақ құрған тойына әрiптестерi сый ретiнде осы әндi тарту етедi. Ұлықпан Сыдықовтың сөзiне жазылған Досым Сүлеевтiң әнi алғашында “Той үстiн­де” деп аталып шырқалған. Кейiн қайта өңделiп, “Той жыры” деген атпен танымал болды. Кеңес одағында шырқалған әндi орыстар аударып айтса, грузиндер қазақша нұсқасын шырқайтын.
Өмiршең осы әндi немiс халқы да айтып жүр екен. Әншi Толқын Забирова әлеуметтiк желiдегi парақ­шасында Германиядағы немiстердiң “Той жырын” шырқаған сәтiн салды.
 
 
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТIН ӨТКIЗДI  
Қайрат Нұртас Ақтөбе қаласында қайырымдылық концертiн өткiздi. Ел Тәуел­сiздiгiнiң 25 жылдығына орай облыс әкiмi Бердiбек Сапарбаев қайырымдылық акциясын өткiзу жөнiнде бастама көтерiп, соның аясында бiрнеше шара өт­кен. Қайрат Нұртастың кон­цертiнен түскен қаражат жетiм балалар үйiнiң есепшотына аударылған көрiне­дi. Қайраттан бұрын Ақтөбеге өзге де әншiлер келiп, қайырымдылық акциясына қолдау көрсетiп, үлестерiн қосыпты. Облыс әкiмiнiң акциясының нәти­жесiнде 50 миллион теңге көлемiн­де қаражат жиналып, қар­жы жетiмдер мен әлеумет­тiк аз қамтылған отбасылар­ға, мүгедектерге бөлiнiп берiлген.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті