1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №95 (16177) 28 қараша, дүйсенбі 2016
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
29 қараша 2016
ЖЕЛТОҚСАНДЫҚ ЖАСТАРДЫҢ ӘНҰРАНЫ

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы сазгер Бауыржан Шұғыл-Шумақ 2009 жылы   ел бiрлiгi доктринасына қоғам өкiлдерi қарсы тұрып тойтарғанда осы әндi шығарыпты. “Желтоқсан оқиғасына қатыс­қан жiгерлi жастардың әнұраны арагiдiк шырқалғаны болмаса көп насихатталған жоқ. Өзге басылымдар ән мәтiнiнiң кей тұсын қырнап-жонып жұмсартып жiберiптi. Ақиқатты жазуда жалтақтық танытпай келе жатқан “Жас Алашта” жарияласаңыздар” деген сазгердiң өтiнiшiн құп көрдiк. 

“Оян!”   деп ой салған Одаққа**
Кiм қарсы келмекшi қазаққа!?
Жастары желтоқсан айында
Төзбедi Кеңестiк мазаққа
Төзсе де ел үшiн азапқа
Қайырмасы:
Қазақ! – деп айтылған ұранбыз!
Тәуелсiз ел болдық – қыранбыз!
Халқымыз ұмытпас ұл-қызын
Шындыққа жететiн шығармыз?!
Ел үшiн бәрiне шыдармыз!
Жыл сайын шырқалар жыр-әнбiз!
 
Намысын қайрады алаңда
Мен де сол жердемiн, қалам ба!?
Қандасын қорлаған сол кезде,
Куәмiн мен кейбiр наданға***
(Қазақтың Димашы аман ба?!...)
Қайырмасы:
 
**КСРО кезiндегi тұңғыш демократиялық бейбiт шеру, митинг.
***атаққұмар милиционер
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті