1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №95 (16177) 28 қараша, дүйсенбі 2016
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
29 қараша 2016
ӘНШIМIН ДЕГЕНДЕРДЕН ДЕ ҰЯТ КЕТКЕН ЗАМАН
Ақын Мұхтар Шахановтың көркемдiк кеңес құрып, теледидардан берiлетiн әндердi сұрыптау керек деген ұсынысы өте орынды. Бұрын теледидар мен радиода көкемдiк кеңес жұмыс iстегенде эфирге күлдiбадам дүниелер жiберiлмейтiн. Әнi қанша жерден хит болып тұрса да, олардың сөзiнiң мән-мағынасы болмаса эфирде орындауға рұқсат жоқ. Көркемдiк кеңес болмаған соң ғой “Джейран” деген топтың “Жүрекке жылуы” эфирден берiлiп жүргенi. Тезге салатын ұжым болса, қазақ қыздары бөкселерiн жалтыратып, эфирде өрескел биiмен дарақыланбас едi.
“Джейрон” тобының ән деп орындап жүрген “Жүрекке жылуының” мәтiнi мынадай. 
Өзiңсiз бар ғалам,
Нұрлана алмаған.
Күлмеймiн, бiлмеймiн.
Гүлдеймiн жаураған.
Сүйген сыңарымдай,
Арнашы әнiңдi-ай.
Сезiм шырағындай,
Лаулашы жалындай.
Арымдай,
Мойныма тағылған тұмарымдай, – дейдi де, қайырмасында мына жолдарды айтады:
Жүрекке бердiң жылу, жылуууу,
Күлiп күн шуағындай.
Жүрекке жылу, жылуууу,
Сыйлап күн шуағындай.
Мұхтар Шахановтың шырылдайтындайы-ақ бар, теледидар эфирiн де, радио желiсiн де жеңiл-желпi әндердi орындайтындар толтырып жүр. Қаржысын төлеп олпы-солпы түсiрген бейнебаяндарын теледидарға тықпалайды, сөзiне сазы қабыспайтын әндерiмен тыңдарманның құлағын тағы да сарсытады. Осындайлар эфирден орын бермеген соң қазақ ән өнерiнiң қарағайына айналған Шәмшi Қалдаяқов, Әбiлахат Еспаев, Нұрғиса Тiлендиев секiлдi сазгерлердiң туындылары шаң басып, шетке ысырыла бередi.
“Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят қашады” дейдi. Осы күнде әншiмiн деп сахнада жүргендердiң кейбiрiнен де ұят кеттi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті