1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №6 (16192) 24 қаңтар, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
24 қаңтар 2017
Миллиардтар елiн мойындатты

I Am a Singer музыкалық конкурсына қатысқан қазақстандық әншi Димаш Құдайбергенов байқаудың алғашқы кезеңiнде жеңiмпаз атанды. 14 кезеңнен тұратын конкурсқа әлемдiк сайыстарда дараланған өнерпаздар ғана iрiктелiп қатысады. Әр кезең сайын өнерiмен тәнтi ете алмағандар өнер додасынан шығып, орнына өзгелерi қатысады. Бiрiншi кезеңде Димаш француздың SOS d’un terrien en detresse әнiн француз тiлiнде шырқап, миллиардтар елiн таңғалдырды. Биыл бесiншi рет өткiзiлген конкурс үмiткерлерiнiң iшiндегi ең кiшiсi – Димаш туралы Қытайдың ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр.
Қытайдағы ең беделдi теларналардың бiрi саналатын Hunan TV-дан көрсетiлетiн дода Чанша қаласында өтiп жатыр.Былтыр бұл конкурстың жеңiмпазы атағын Коко Ли иеленген болатын. Оскар сыйлығын салтанатты түрде тапсыру рәсiмiнде ән шырқаған Коко да оңай-оспақ әншi емес. “Осы күнге дейiн қаншама додаларға қатыстым, қызығы, ешқашан екiншi орын алмаппын. Мен үшiн халқымның және өзiмнiң көңiлiмнен шығатындай өнер көрсетсем, сол – жетiстiк”, – дейдi Димаш Құдайбергенов. 2015 “Славян базарында” бас жүлде алған Димаш Қытай елiнен де олжамен оралсын деп тiлеймiз.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (3)
Қазақ үні | 24 қаңтар 2017 15:45
Жарайсың Димаш! Мың жаса!!! Тек, бойыңдағы қаның мен жүрегіңдегі иманың ҚАЗАҚ ДЕГЕН ХАЛҚЫҢНЫҢ МҮДДЕСІМЕН ҮНДЕС БОЛСЫН!!! Шіркін, ҚАЗАҒЫМНЫҢ МҰҢ-ЗАРЫН ӨЛЕҢГЕ ТҮСІРІП, ДИМАШҚА АЙТТЫРАТЫН КҮН ТЕЗІРЕК ТУСА ЕКЕН!
Қызылордалық Балталы Төлеген | 25 қаңтар 2017 12:23
"БАСТАН" бастап барлығы осы баладан "басқа ұлттың, басқа мемлекеттің алдында өзін-өзі ұстау","ТУҒАН ХАЛҚЫН,АНА ТІЛІН құрметтеу", "ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ перзенті екендігін көрсету", ҰЛТЫНЫҢ жеңісі үшін күресетін ҰЛТЖАНДЫҚ мәдениеттілікті үйренулері керек қой! ДИМАШТЫҢ ҚАЗАҚ ҰЛТЫНАН болғандығынан ҚЫТАЙДА тұратын қандастарымызға қытайлықтар"ҚАЗАҚША ҮЙРЕТІҢДЕРШІ" деп жалынып жүр дей ме?
"Многонациональная наша страна".. өй сорлы бишара! ЕЛГЕ 1 тиын пайдаң жоқ. ҰЛТТЫ қалай сүю керектігін үйрен мына АЙНАЛАЙЫННАН!
Қызылордалық Балталы Төлеген | 25 қаңтар 2017 15:48
Д.Құдайбергеновтен кейін"өнерге таласым бар. Мен де өнер адамымын"деп жүргендердің" өзін өзі силайтындары "әншіліктен кетулері керек қой. Өлең айтсаң Димаштай айт. Болмаса қой. Әшейін әке-шешенің, ағалардың беделімен сахнада жүріп, нан табу ХАЛЫҚТЫ силамағандық деп білемін. Мысалы "азаннан-кешке" дейін "ГӘККУДЕ қылғынатындардың"Бүркіттен басқалары эстрададан кеткендері жөн."Алматының баласы анау екен,мынау мынау екен" Құдайбергенов пен Оқаповтар әшейіндер ғой. Ұят та жоқ екен өздерінде..!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті