1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №6 (16192) 24 қаңтар, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
24 қаңтар 2017
Қиырдағы қазақтар кiндiгiнен ажырамасын десек...

Заң саласында қызмет етiп, зейнеткерлiкке шыққан Әбiш Әдiлбековтi жұрт жыршы-термешi деп таниды. Қазақтың жыршылық өнерiн дәрiптеп жүрген әншi Еуропа қазақтарының құрылтайына қатысып, осы құрлықта тұратын этникалық қазақтардың алдында Қабылиса жырау мен Көдек ақынның термесiн төгiлте орындап, Абылай, Қабанбай, Райымбек, Сұраншы батырлар жайлы жырларды орындап қайтты.
“Германияның Кельн қаласында өткен Еуропа қазақтарының құрылтайына елiмiзден барған делегация құрамында болдым. Құрылтайды Каюм Кесенжi басқаратын Еуропа қазақтарының федерациясы мен Шұғайып Ерол жетекшiлiк ететiн Кельн қаласындағы қазақ мәдени орталығы ұйымдастырды. Жаңыл Әпетова басқаратын елiмiздегi “Жанашыр” халықаралық қоғамдық қоры да құрылтайдың өтуiне мұрындық болды. Еруопадағы 14 мемлекетте тұратын этникалық қазақтардың басын қосқан жиында ақындар айтысы да өттi, концерт, футболдан турнир де ұйымдастырылды.
Еуропадағы жастар тiлiнен, дiлiнен ажырап бара жатқанына өскен ортаның әсерi мол екенiн байқадық. Құрылтай өткiзу арқылы мәдени, рухани байланыс орнатып, шеттегi ағайынның артында Қазақстан деген елi барын сезiндiрiп қайтуға тырыстық.
Ол жақтарғы жастарды бiздiң елге шақырдық, байланыс орнатсын, арғы бабасы қазақ дейтiн ел екенiн ұғынсын деген ниетпен. Қызығы, маған сол құрылтайдың асында немiстерге бата бергiздi. Ана тiлiмiзде судыратып бата бердiм. Тiлмаш ақ батамды аударып едi, немiс халқы ризашылығын бiлдiрдi. Бұрын-соңды немiс жерiнде алмандарыға бiздiң елден барып, қазақ тiлiнде ешкiм бата бермеген көрiнедi” дейдi жыршы, термешi Әбiш Әдiлбеков.
Әбiш Әдiлбеков жуырда Талдықорған қаласында жыршылық-термешiлiк дәстүрдi насихаттап жеке кешiн өткiздi. Екi сағат тапжылмай жыраулар жырының тиегiн ағытқан өнер иесi жастарға патриоттық тәрбие беремiз десек, дәстүрлi өнерiмiздi, ұлттық құндылықтарымызды дәрiптеу керек дейдi.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті