1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №6 (16192) 24 қаңтар, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
24 қаңтар 2017
“Ламбаданы” өртеп жiберiптi

Әлемдi билеткен “Ламбада” әнiнiң орындаушысы, бразилиялық әншi Лоалва Бразды бiреулер өлтiрiп кеттi. Өз автокөлiгiнiң iшiнде жатқан әншiнi қаскөйлер көлiгiмен қоса үйiнен ұзатпай-ақ өртеп жiберген. Куәгерлер Браздың үйiнде екi белгiсiз адамның жүргенiн айтыпты. 63 жасында жарық дүниемен қош айтысқан Лоалва Бразды 1980 жылдары танымал еткен “Ламбада” әнi едi.

“СIЗДЕН БIЗГЕ ҚЫЗ КЕРЕК”
“Қоңыр” тобының әншiсi Жазира Қошанованың орнына әншi қыз таңдауға байқау жарияланды. Топтың продюсерi Сержан Молдасан бастап, топтың мүшелерi Мархабат Мықтыбеков, Бауыржан Асанбаев қостап, қатарларына әншi таңдаудың қамына кiрiсiптi. Жазира Қошанова ұзатылуына байланысты топтан кетпек. “Маған да қиын, қимастық бар. Он жылдан аса бiрге жұмыс iстедiк, әрiптестерiм менiң еркелiгiмдi көтере бiлдi. Орныма келiп, топқа мүше болатын әншi қыздардың да еңбегi жанып, елдiң еркесi атануына тiлеулеспiн” дейдi Жазира Қошанова.

ӘНI КӨП, ШЫРҚАЙТЫНЫ – “ҚЫЗДАР-АЙ” ҒАНА
Әншi, сазгер Нұрлан Еспанов “осы күнге дейiн бәлен ән жаздым, шығармашылығымда тоқырау жоқ” дейдi. Теледидарда эстрада әншiлерiнiң қатысуымен өтетiн қандай да бiр бағдарлама, хабар болса, Нұрлан Еспанов мiндеттi түрде қатысады.
Айтпағымыз, Еспановтың жазған әндерi осы күнге дейiн 200-ден асып кеткен шығар. бiрақ көгiлдiр экранда қашан көрсең Еспанов “қыздар-ай, қыздар-ай, сендерге не десем” деген әнiн ғана шырқай бередi. Осыдан кейiн ойланасың, “Апыр-ай, мына сазгердiң жазған әндерi көп едi, неге бiр әнiн қайта-қайта шырқай бередi? Әлде өзге туындысы өзiне ұнамай ма?” Еспановты той-томалақтан көрсем, осы сауалымды қояр едiм.

Б.ӨРIСБАЕВ,
Талғар қаласы,
Алматы облысы.

ҚАЗАҚТЫҢ ЕЛI, ШЕТЕЛДIҢ ӘНI
“Болатхан Тайжан атындағы қордың” жетекшiсi Мұхтар Тайжан фейсбукте жақсы бастама көтердi. Халық көп жүретiн сауда орындарында, ойын-сауық орталықтарында шетелдiң музыкасы сұңқылдап тұрады. “Астана қаласының билiгiне бiр сұрағым бар: қоғамдық орындарда қазақ музыкасы неге жоқ? Келушiлердiң 90 пайызы қазақтар, алайда солардың тыңдауы үшiн бiрде-бiр қазақтың әнi қойылған жоқ!” дейдi Мұхтар Тайжан. Мұхтар Тайжан қазақ музыкасы туралы арнайы заң қабылданып, халық көп баратын ортада қазақ тiлiндегi әндер кем дегенде 80 пайыз орындалуы керек деген талап қойылуы тиiс дейдi. Расында да Астана қаласында ғана емес, Қазақстанның қай қиырына барсаңыз да, халық көп жүретiн жерлерде ағылшын, орыс тiлiндегi әндердi сайратып қояды. Өз мемлекетiңде жүрiп, өзiңнiң ана тiлiндегi әндерiңдi ести алмайтын пұшайман күйдегi халық бiз ғана шығармыз.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті