1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17 (16203)   28 ақпан, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
28 ақпан 2017
Әншіге ең бірінші білім керек... дейді Өмірқұл Айниязов

Дәстүрлі ән-жыр мен термені эстрадаға орайластырып, өрнегін бұзбай, халыққа жеткізіп жүрген әншілердің бірі – Өмірқұл Айниязов. «Өмірге ән салу үшін келген сияқтымын» дейтін әншінің ең басты қасиеттерінің бірі – еңбексүйгіштігі. Өзінің айтуынша, жыр-термелер әншінің құлағына жастайынан сіңген. Ол мектеп табалдырығын жаңа ғана аттаған кезінен бастап-ақ тақпақтарды әнге қосып айта бастапты. «Бұған әкемнің інісі Өтепберген ағамның ықпалы болды. Ол өзі жыршы, термеші кісі еді, – дейді әнші.
Ағасының жанында көп жүрген Өмірқұл 4-5 жасында домбыра тартуды үйреніп алады да, 5-6 жасында жыр-термелерді жатқа айта бастайды. Мектепте бес жыл баяннан дәріс алады. Ең бірінші орындағаны – Нұртуған жыраудың «Қанеки, тілім, сөйлеші» деген термесі екен. Алғаш ән сала бастаған кездерін өзі бүгінде: «Ауылда «қой кезекте» аттың үстінде жүріп, Ахмет Жұбановтың «Ақ көгершін» әнін айқайлап айтатын едім, даусымның бар екенін сол кезде сезіндім. 7-8 сыныптарда оқып жүргенде репертуарымды кәдімгідей ойша реттеп жүретінмін. Жаттаған әндерімді бірінен соң бірін айтып, қой қайыратынмын, – деп еске алады. Сөйтіп жүріп консерваторияға оқуға түседі, Сәуле Жанпейісовадан сабақ алады. Мектепте баян сыныбында оқыған Өмірқұл колледжде күйге маманданады. Жан-жақты болуына осының бәрінің септігі тиді.
Өмірқұлдың даусының ешкімге ұқсамайтын ерекше тембрі бар. Мұның сырын сұрағандарға әнші әдетте: «Әр дауыстың өзіндік бояуы болады. Мен «Сыр елі – жыр елі» саналатын Қызылорда өлкесінде туып өскем. Ал Сыр елі – жыраулық дәстүрдің дамыған жері. Сондықтан болар, менің даусымда көненің, жыраулық дәстүрдің сарыны сақталған», – деп ағынан жарылады.
Бір ерекшелігі, Өмірқұл өзінің ән-қоржынын байырғы әндермен толықтыруға көбірек мән береді. Сол себепті де оның репертуарында «Дүрдараз», «Ақжайнақ», «Сәулем-ай» әндері мен Тұрмағамбет Ізтілеуовтің «Ел үшін туған ер болсаң» термесі мен Ақтаңгерейдің «Айнамкөзі» іспетті қазіргі кезде көп орындала бермейтін, ұмытылып бара жатқан ескі мұралар көп. Эстрадалық аспаптармен сүйемелденгені болмаса, бұлардың бәрінің де ұлттық бояуы сақталған. Бала күнінен халық әндері мен термелерді айтып өскендіктен де, Өмірқұл ескі ән-жырлардың иірімдері мен мәнерін қазақы қалпында сақтауға тырысады және «Ән-жырдың кені – әлі де сол ескі мұралардың арасында жатыр. Тек соларды тауып, бүгінгі тыңдаушыға жеткізе білу керек», – деп есептейді.
Концертке киетін костюмдерінен бастап, осы уақытқа дейін алған марапат, дипломдары сақтаулы тұрған бұл орталық кішігірім мұражай іспетті.
Өнер жолы қашанда ауыр жол екені белгілі. Соған сәйкес, өнердің өз өкілі болу да – қиынның қиыны. Осы орайда, Өмірқұлға көптеген жастар хабарласып, өнерлерін шыңдауға көмектесуін сұрайтын көрінеді. Әнші олардың арасында эстраданы жеңіл деп ойлайтындардың жетерлік екеніне қынжылады. «Меніңше, өнер әлемінде биікті бағындыру үшін ең бірінші оқу керек. Мәселен, өзім музыкалық мектепте, колледжде, консерваторияда оқып, білім алдым. Әрбір оқу орнында төрт жылдан оқыдым. Бүгінде өнер жолында қандай да бір жетістікке жетсем, оның барлығы да ең бірінші Алланың, одан соң, оқудың, еңбектенудің арқасы дер едім. Сондықтан да бүгінгі жастар, ең әуелі әнші болуға емес, оқып білім алуға талпынса екен», – дейді әнші.
Қазіргі таңда әншінің «Өмір» атты шығармашылық орталығы бар. Өзі көп жылдардан бері Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясында қызмет етеді.

Жаңыл НҰРБАҚЫТ,
Алматы қаласы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті