1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17 (16203)   28 ақпан, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
28 ақпан 2017
Сұлулықтың бір аты – музыка...

Мамандар «музыкалық аспапты игеру баланы көп нәрсеге баулып, жан-жақты дамытады. Жасөспірімнің әртүрлі стресс жағдайлары мен олардың салдарларына қарсы тұра алу қабілеті артады. Музыканың тіпті бала жан-жүрегіндегі әлдебір туа біткен жарақаттарды емдейтін де қасиеті зор» деген уәж айтады.
Қалай болғанда да, музыканың жасөспірім жан дүниесін байытып, сұлулықты көре білуге және түсінуге тәрбиелейтіндігі анық. Сондықтан да болар, баяғыда музыкаға, өнерге айтарлықтай мән берілетін. Оқушылардың көктем сайын өтетін аудандық, облыстық өнер байқауларына бүкіл мектеп қыстай дайындалатын. Концерттік бағдарламаның неғұрлым жан-жақты болуы қарастырылып, хор, вокаль, жеке орындаушылар, би, мәнерлеп оқу, аспаптық музыканы жеке және оркестрмен орындау деген сияқты нөмірлердің түгел қамтылуына күш салынатын. Енді ойлап отырсақ, сондағы мақсат – екінің бірін әртіс етіп шығару емес екен. Яғни мектептегі сол хор, вокаль, оркестр дегеннің бәрі – балалардың өнерге талабын ұштап қана қоймай, оларды бұйығылық, оқшаулану іспетті жағымсыз әдеттерден арылта отырып, ортаға үйретіп, еркіндікке, өзара бауырмалдылыққа баулу мақсатынан туындаған. Бүгінде сол жақсы үрдіс үзіліп қалды. Әр кезеңдерде балалардың түрлі байқауларын ұйымдастырып, үзіп-жұлып бірдеңе өткізіп жүргеніміз болмаса, бұл ретте жүйелі ештеңе жоқ. Мектептердегі музыка пәні бастауышпен бітеді. Бірқатар білім ұяларында домбыра үйірмелері бар, әрине. Бірақ ата-аналардың көпшілігі оқу бағдарламасының қиындығынан онсыз да титықтап жүрген перзенттерінің алтын уақытын «артық жүктемеге» сарп еткісі келмейді. Өйткені музыка пәнінің қосымша курстары бізде жапон еліндегідей міндетті емес.
Соның салдарынан қоғамымызды музыкалық сауатсыздық жайлап барады. Аға буын болмаса, бүгінгі балалар ертеректегі Құрманғазы, Тәттімбет, Ақан сері, Біржан салдар түгілі, тіпті Шәмші, Әсет, Әблахат, Нұрғиса сынды, күні кеше ғана бүкіл қазақты әнімен, күйімен әлдилеген айтулы ағаларының кім екенінен, қандай мұралар қалдырғанынан хабарсыз. Осы ретте, «бүкіл білім жүйесін реформалай отырып, музыка пәнін оқытудың да жаңа методикасын енгізсе...» деп еріксіз ойлайсың. Әсіресе бастауыш сыныптарда балаға гуманитарлық білім беруге көбірек ден қойылуы тиіс екендігін мамандар айтып та, жазып та жүр. Яғни әуел бастан ой-қиялын ұштап, дүниетанымын кеңейткен жағдайда, бала жан дүниесі бай, жан-жақты азамат болып қалыптасады.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, «математика – логикаға, ал музыка – бәріне үйретеді» деп есептейтін жапондықтардың елдің ертеңгі болашағына бүгіннен қам жасауды мұрат тұтып отырғанын аңғару қиын емес. Ұлттық идея жөніндегі жалаң ұранмен, болмаса түрлі жобалармен мәдениетті қалыптастыру мүмкін емес. Мәдениетті адам моделі сұлулықты сезіне білу арқылы негізделеді. Ал сұлулықтың бір синонимі – музыка...

Арман НҰРЛЫБЕК,
Оңтүстік Қазақстан облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті