1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17 (16203)   28 ақпан, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
28 ақпан 2017
Мәмілеге келді

Әлеуметтік желідегі жазбаға бола жүз шайысып қалған Жадо мен Меруерт Түсіпбаева ақыры ортақ тіл табысты. Жадоның директоры Ринат Тәттібай дизайнер мен әншінің сот залында бір-бірінен кешірім сұрағанын жеткізді. Меруерт Түсіпбаева екеуінің арасына ши жүгірткен арзан сөз қуған тілшілер екенін айтып: «Жадомен соттасамын деген ой менің үш ұйықтасам түсіме кірген емес. Тілшілер де, әлеуметтік желіні пайдаланушылар да: «неге үндемей жатырсыз» деп, мені осы жағдайға итермеледі. Жадыра Сахиева менен кешірім сұрады, енді мен де одан кешірім сұраймын», – депті.
Әңгіменің түп-төркініне келсек, бұл қақтығысқа Меруерт Түсіпбаеваның дизайнердің киімін «талғамсыз» деп сынағаны әрі оның «толықтығын» тілге тиек еткені себепкер болған. Оған жауап ретінде Жадо «қорлады» және «жала жапты» деп сотқа шағымданып, моральдық шығын ретінде 20 миллион теңге талап еткен.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті