1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №49 (16235)   20 маусым, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
20 маусым 2017
Нұрсұлу ЧЕТИН, Гиресун университетінің профессоры: АТ ҮСТІНЕН ОСЫ ҒАСЫРҒА СЕКІРІП ТҮСКЕНДЕЙ...

Түркияда қазақ әндері мен әншілерін электронды ақпарат құралдары жиі насихаттайды. ТРТ арнасы қазақ тіліндегі бейнебаяндарды эфирге жиі шығарып, «бауырлас қазақ халқының әндері» деп ұсынады. Әрине, тәуелсіздігіміздің ширек ғасырында басқа-басқа, дәл түрік бауырларға жан-жақты танылдық қой. Дегенмен қазіргі жастардың көбі виртуалды өмір сүреді. Олар оқып танысқаннан гөрі көзбен көргенді, онда да қолдарында бар құралдар арқылы танысқанды жақсы көреді. Осы тұрғыдан келгенде қазақы бейнебаяндарға қатысты айтар ойымыз бар.
Мысалы, бірнеше жыл бұрын Батырхан Шүкеновтің орындауындағы «Отан-Ана» әні түрік арналарының эфирлерінен көп көрсетілді. Ән, сөз жоқ, өте жақсы, орындалуы да жоғары деңгейде. Алайда осы бейнебаянды көрген түрік жастарының басым бөлігі қазақтың қазіргі өмірін дәл сондағыдай деп елестетті. Құла түздегі малшы үйі, ат үстінде жүретін отағасы, оның жолын күткен жары, абалаған ит, тайпалған жарау ат... Осындай ұғымның олардың санасына орнағаны сонша – кейбірі тіпті Түркияға келген қазақтарды мінген атын Алматы әуежайының сыртқы шарбағына байлай салып, ұшаққа аяқ арта жөнелгендей көреді.
Демек, қазақ әндерін заманға сай етіп көрсетуге тиіспіз. Ұлы даланы жайлаған қазақтың қазіргі өркениеттен құралақан еместігін, қазіргі дәуірдің барлық жақсылығы қазаққа да тән екендігін байқата алуымыз қажет.
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің арнайы ролигі де түрік жастарын жаңаша ойландыра алған жоқ. Күн астында самғаған қыран, көкжиекке қадалған қарт, сайын далада еркін көсілген жылқы – әрине, мұның бәрі қазақтың табиғатын, өмір тынысын көрсететіні анық. Алайда ара-арасында жылт ете қалған Астананың бірді-екілі көрінісі Қазақстанның қазіргі ахуалы жайлы нақты хабар береді дей алмас едік.
Қазақстан – ХХІ ғасырдың толыққанды мүшесі. Оның жасампаздығын өткенді көрсетумен ғана емес, бүгінді паш етумен де таныта алсақ игі.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті