1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №60 (16246)   1 тамыз, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
1 тамыз 2017
Таланттар топ жарды

Астанада халықаралық «Опералия» конкурсы аяқталды. Байқау қорытындысы бойынша 1-орынды румыниялық сопрано Адела Захариа мен оңтүстікафрикалық тенор Леви Секпахан өзара бөлісті.
Жүлдегерлер сыйақы ретінде 30 мың доллардан еншіледі. Екінші орынды иеленген ресейлік сопрано Кристина Мхитарян мен италиялық тенор Давиде Джустидың жүлдесі 20 мың доллар көлемінде болды. Конкурстың қола жүлдегері болып қазақстандық сопрано Мария Мудряк мен оңтүстіккореялық баритон Леон Ким танылды. Оларға 10 мың доллардан табысталды. Сондай-ақ ұйымдастырушылар басқа да бірқатар қатысушыларға арнайы сыйақылар табыс етті.
«Опералияға» жыл сайын әлемнің әр түкпірінен жүздеген үміткер қатысуға ниет білдіреді. Бірақ олардың ішінен тек 40 үміткерге ғана сайысқа қатысу мүмкіндігі бұйырады. Биыл байқауға әлемнің 17 мемлекетінен әртістер келді.
– Талантты әншілер көп, бірақ «Опералия» болмаса, олардың қашан таныларын кім білсін? Бұл байқаудың басты мақсаты да сол – жаңа таланттарды ашып, оларды әлемге әйгілі ету, – дейді Пласидо Доминго.

АҚСУАТТАН – БЕРЛИНГЕ...
Қазақтың той әндері Германияның би кештерінде үлкен сұранысқа ие көрінеді. Қайбір жылдары тарихи Отандарына қайтқан қазақстандық немістер оларды шынайы ықыласпен тыңдайды екен.
Музыканттар Ольга Каспер мен Пауль Фридрих хитке айналған қазақ әндерінен репертуар құрастырған және оны таңға дейін айтуға бар. Сондай-ақ Пауль Фридрих қазақша мүдірмей сөйлейді. Өйткені ол Семейдегі Ақсуат топырағында туып-өскен. Германияда тұрып жатқанына 23 жыл болғанына қарамастан, Пауль туып-өскен жерін де, қазақ тілін де ұмытпаған. Ольга мен Паульдің Германиядағы концертінің бейнежазбасы youtube.com желісінде 300 мың мәрте қаралыпты. Музыканттардың өнеріне тәнті болғандар қазақстандықтардың арасында да жетіп-артылады. Сонымен бірге Ақсуат өңірінде Паульді асық ойнағанда алдына жан салмайтын және мектептің ансамблінде ән салған кішкентай Паша ретінде білетіндер де көп екен.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті