1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №72 (16258)   12 қыркүйек, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
12 қыркүйек 2017
Естісіне елтіп, есерінен жерінсек...

XI ғасырда өмір сүрген тақуа, ғалым Абдул- Ғани ән-Нәблууси өзінің «Музыка аспаптарын тыңдауға байланысты дәлелдерді түсіндіру» атты кітабында: «Музыка – егер адам баласының уақытын босқа өткізіп, ғибадаттарына кедергі жасаса, нәпсісін қоздырып, ойына харам нәрселерді салып, жаман пиғылдарға жетелейтін болса, даңғырының қаттылығынан мидағы клеткаларды өлтіріп, адам мінезін ұшқалақтыққа тәрбиелесе харам. Пайғамбарымыздың кейбір хадистеріндегі музыкаға байланысты тыйымдар осындай теріс бағытқа жетелейтін музыкаларға байланысты болса керек», – деген екен.
Алайда
«Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй», – деп Абай атамыз айтқандай, адамның миын тынықтырып, жүйкесін тыныштандыратын, жақсы сезімдерге жетелеп рухын көтеретін, айбынын асқақтатып, жан сарайын байытатын әндер тағы бар.
Кезінде әнді жаны сүйетін Әбу-Насыр әл-Фараби ұстазынан «Әуен – жын-шайтанның ісі» дегенді құлағы шалады. Мұны естігенде қатты қынжылып, серігінен айырылғандай күй кешеді. Ғалымды «Ән адам бойындағы мүлгіп жатқан сезімдерді оятып, жанын жадыратады емес пе?! Ол қалайша шайтанның ермегі болмақ?» деген ой мазалайды. Сөйтіп жүргенде екінші бір ғұламаның «Қолыңнан келсе, бұл өнерден жиренбе...» дегенін естіп қатты қуанады. Дегенмен осы сөздердің дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу үшін үлкен ұстазынан сұрамаққа бел буады. Сонда ұстазы: «Ол да дұрыс, бұл да дұрыс. Екі айтушының екеуі де дұрыс айтады.... Иә, солай... Жамандық та, жақсылық та адамның өз бойындағы қасиетке сүйенеді. Азғындық пен ізгілік ежелден егіз емес пе? Ән-күйдің әуеніне еріп, басқа өнер-білімнен қол үзсең, сонымен өміріңді қапыл өткізсең, өкініш емей, немене? Әсем әуен – алпыс екі тамырды бірдей қозғайтын кереметті, құдіретті нәрсе. Оның сені билеп әкетуі ғажап емес. Алғашқы айтушы сені содан сақтандырады. Құдіретті өнерді керекті жерінде өлшеммен ұстап, тізгінді ақыл-ойға беріп, ізгілік іске қоссақ, одан келер пайда тағы көп. Көкірек кеңіп, көңіл оятар, қиял қоздырып, қайрат берер тағы сол... Ғылымның ататегі әр ненің өлшеуін білуде емес пе? Сен ән-күй үйренсең, одан менің қаупім жоқ. Құдіретті күйдің сиқырлы үнін тежеп отыруға сенің ақыл-қабілетің мол жетеді», – дейді.
Сөз төркінін ұққан адамға бұдан артық түсініктеменің, әрине, қажеті жоқ. Кезінде хакім Абай: «Әннің де естісі бар, есері бар. Тыңдаушының құлағын кесері бар», – деп, музыканың аражігін айқын көрсетіп кеткен. Яғни қай кезде де тек жақсысын алып, жаманынан жиренген жөн. Музыка – Алланың адамзат баласына тарту еткен құдіретті өнері. Тек білімсіздік пен адасушылыққа бой алдырмасақ болғаны.

Салтанат БЕКАЙДАР
Алматы облысы

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті