1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Астананың Сарыарқа аудандық соты Қажымқан Мәсiмовтiң құқық қорғаушы Т.Сағымбаевтың үстiнен түсiрген шағымын қараудан бас тартты. Неге?
Ұлының премьер тағында көп отырмайтынын сезгендiктен (32.1%)
Әдiлдiкке бет бұра бастағандықтан (2.4%)
Iстi одан әрi ушықтырмауды ойлағандықтан (47.9%)
Үлкен Мәсiмов өнбейтiн арыздан өзi бас тартқандықтан (17.6%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №88 (15442) 3 қараша, сейсенбі 2009
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы. Дайындайтын Ерік РАХЫМ
3 қараша 2009
Өлгеннен кейiнгi өмiр

Forbes журналының тiзiмiнде Майкл Джексон үшiншi орында 

Америкалық атақты журналдың жазуынша, кейбiр танымал адамдардың көзi кетсе де, артында қалдырған мұрасы оның үрiм-бұтағына жететiн байлық жиып берiп жатыр. Жақында журнал 13 адамнан тұратын тiзiм жасапты. Әрине, әзiрше бұл он үштiң жиғаны миллиард долларға жете қойған жоқ. Десе де, бұлардың қоржыны толық.
Сонымен, Forbes журналының тiзiмiнде биылғы жылы тапқан табыс бойынша бiрiншi орында модельер Ив Сен Лоран тұр. Ив Сен Лоран өткен жылдың маусымында қайтыс болған-ды. Модельер өлгелi берi оның жиған картиналары, көне заттары және жиһаздарының бiр бөлiгi Chistie,s аукционында 350 миллион доллар­ға сатылыпты. Сатылымнан түскен ақша екi қайырымдылық қорына теңдей бөлiнген. Сондай-ақ, ендi Лоранның жылжымайтын мүлiктерi сатылымға шығарылуы мүм­кiн.
Композитор Ричард Роджерс пен ақын әрi про­дюсер Оскар Хаммерстайнның музыкалық дуэтi — екiншi орында. Оскар Хаммерстайн 1960 жылы, ал Ричард Роджерс 1979 жылы көз жұмған. Бұлардың шығармаларын Imagem Music компаниясы биыл 235 миллион долларға сатып алып, әлдеқашан бақилық болған композитор мен продюсердiң «қалтасына» қомақты қаржы салып берiптi.
Биылғы жазда көз жұмған Майкл Джексон бұл тiзiмде үшiншi орында тұр әзiрге. Поп королi О2 аренасында өтуге тиiс болған сериялық концерттерiнiң алдында ғана жұмбақ жағдайда көз жұмды емес пе. Егер ол тiрi болғанда, бұл концерттерi оған иен байлық әкелер едi. Бiрақ, Майкл өлгеннен кейiн де қарап жатпапты. Альбомдарының, жекелеген әндерiнiң, бейнеклип­терiнiң сатылымынан ол 90 миллион доллар табыс тауыпты. «Майкл әзiрге үшiншi орында» дейтiнiмiз, оның табысы күннен-күнге өсiп жатыр.
Элвис Преслидi кiм бiл­мейдi? 1979 жылы көз жұмған әншi әлi күнге дейiн әлемдi кезiп жүргендей көрiнедi кейде. Биыл АҚШ жұртшылығы Элвис­тiң туғанына 75 жыл толуына орай дүркiретiп той өткiзбек. Майкл Джексоннан кейiнгi орынға «жай­ғасқан» Элвис Прес­лидiң биылғы жылы тап­қан табысы 55 миллион долларға жетiптi. Бұл тiзiмдегi табысы тұрақтылардың бiрi осы — Пресли.
Бесiншi орында «Сақина әмiршiсi» циклын өмiрге әкелушi Дж.Р.Р.Толкиен тұр. Толкиендi туыстары 1973 жылы жер қойнына тапсырған-ды. Толкиеннiң баспасы Harper Collins жазушы шығармаларының желiсi бойынша түсiрiлген фильмдер­дiң құнына биыл 50 миллион доллар алды.
Алтыншы баспалдақта Снупи туралы мультфильмдердiң авторы Чарльз Шульц тұр. Шульц 2000 жы­лы бақилық болған. Мульт­фильм­дерi биыл оған 35 миллион доллар табыс түсi­рiптi.
Бұдан кейiнгi орынға әйгiлi әншi Джон Леннон жайғасыпты. Биылғы жылы Electronic Arts және MTV Games компаниялары «The Beatles: рок группа» деп аталатын виртуалды ойынды сатылымға шығарды. Ойынға қатысушылар әйгiлi төрттiкпен бәсекеге түсiп, олардың альбомын сатып алады. Сондай-ақ, The Beatles тобының бұрынғы альбомдары қайтадан жаңғыртылған. Бұл екi шарадан түскен пайда — 15 миллион доллар.
Сегiзiншi орында 1991 жылы бақи дүниелiк болған Теодор Гейзель тұр. Гейзель — балалар жазушысы. Ең көп оқылатын жазушының қалтасына биыл 15 миллион доллар түсiптi.
Атақты ғалым Альберт Эйнштейнге MCDonald,s көмектестi. Ғалымның кукласын жарнамаларына пайдаланғаны үшiн компания оның қоржынына 10 миллион доллар салып берiптi. Сондай-ақ Эйнштейннiң атын Disney, Nestle және Toyota сияқты атақты компаниялар да пайдаланады.
Электрлi гитара королi Джимми Хендрикс 8 миллион доллар табыспен 11-орынды иеленiптi. Ол 1970 жылы көз жұмса да, шығармалары өмiршең екен. Биылғы жылы музыканттың шығармаларын Universal жә­не Sony компаниялары сатып алды.
Он екiншi орында бұдан екi жыл бұрын қаза болған Аарон Спеллинг тұр. Спел­­линг продюсер болатын. Бұл да бiр жылдың iшiнде 8 миллион доллар табыс тауыпты.
Тiзiмнiң соңын суретшi Эндри Уорхол тұйықтайды. Суретшi бұдан 22 жыл бұрын көз жұмса да, биылғы жылы оның шығармаларын және атын пайдаланғандар оған 6 миллион доллар өтемақы төлеген.
Мiне, Forbes журналының тiзiмiн түгендеп шықтық. Тiзiмдегi атақтылардың жартысы әншi-композиторлар. Батыста авторлық құқықты құрметтейдi ғой, бiздегiдей емес. Егер ғайыптан тайып бiзде де авторлық құқық толықтай сақталса, Мұқағали, Шәмшiлер қанша табыс табар едi?.. 
Беттi дайындаған – Ерiк Рахым.

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті