1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №50 (16236)   22 маусым, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
29 қаңтар 2013
Сыбызғы үндi әншi

Ол ән салып тұр. Оның қоңыр әсем дауысы, тыңдаушыларының жан жүрегiн тербетiп, әнге деген нағыз сүйiспеншiлiгiн танытқандай. Әндi шын пейiлiмен шырқап тұрған әншiнiң өңi бiр қызарып, бiр бозарып, әуездi үнi сырлы ырғаққа енiп, керемет бiр қуаныш нұры құйылады. Абай атамыз айтқандай “Құлақтан кiрiп бойды алып”, сезiмнiң қылдай нәзiк пернелерiн дөп баса бiлетiн, жүрекке жылы тиюi осындай-ақ болар.

29 қаңтар 2013
Сәкен Жақсылықұлы (Қалым), әншi: Сахнаның киесiн сезiнбейтiн әншiлер көбейiп барады
“Алтайдың ар жағынан келген ару” әнiнiң жалпақ жұртқа жария болғанына жиырма жылдың жүзi болыпты. Осынау сағыныштан өрiлген сазды әндi тыңдағанда әншi Сәкен ойға оралады. Әсерлi ән әншiнiң өнер өлкесiне ат шалдыруына жол ашты, әншi ғұмырлы әннiң өрiсiн кеңейтуге орасан үлес қосты. Әншiлiктi өнер деп қадiрлейтiн Сәкен қазiр жұрт көзiне көп түсе бермейдi.
11 желтоқсан 2012
Жақында екi тойға бардық. Қазақтың тойы уақытында басталса, қызықсыз болмай ма, шақыру билетiнде кешкi 6-да басталып кетедi деп жазылған аста-төк салтанат түнгi 9-да басталды. Екiншi үйлену тойы да тура төрт сағат кешiгiп өрбiдi. Сөзiн сатып күнелтетiн асаба әдеттегiдей тойды бастау үшiн қариядан бата сұрағаннан кейiн саңқылдап бердi. Сөзден сөз тудырған асаба ел алдына «қазақ эстарадасының жас жұлдызы» деп Ермек Балжiгiт есiмдi қаршадай
11 желтоқсан 2012
«Қайрат Нұртастың концертiнде билет бағасының аспандағаны соншалық, 7-8 есеге қымбатқа сатылып, көпшiлiк Республика сарайына кiре алмай қалыпты» дегендi естiп, сарайдың маңында сауда көрiгiн қыздырып жүрген алыпсатарлардың “арасына енiп” көрдiк. Бiр-бiрiнен оқшау, кассаны маңайлап, төңi­рек­теп жүргендер бiр­ден ашылып сөйлесе қоймады, тiптi кейбiрi газеттен екенiмiздi ес­тiп, жонын берiп, жауап қатпады.
11 желтоқсан 2012
“САЗГЕН САЗЫ” ЕСЕП БЕРДI
Жақында “Сазген сазы” фольклорлық-этнографиялық оркестрi Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияда кезектi есеп беру концертiн өткiздi. Арқаңды қоздыратын шығармаларды ансамбль ұжымы орындағанда, шетелдiк қонақтар да дән риза болды. Әсiресе, 12 жастағы Сәтқозы Оразалыұлы ән айтқанда, көпшiлiк ду көтерiлiп қол соқты.
11 желтоқсан 2012

Әр халықтың төл музыкалық өнерi “халық музыкасы” деп аталатыны ежелден мәлiм. Қазақтың музыкасын зерттеуге елеулi үлес қосқан “қазақ­­тың жанашыры” Александр Затаевич өзiнiң “Қазақ халқының 1000 әнi” жи­нағының кiрiспесiнде: “Жаңа саяси және экономикалық өмiрдiң алаңына шыққан саны 6 миллион ғана болса да үлкен халықтың рухани бейнесiн жа­қы­нырақ тануға құлшыныс туды”, – дейдi.

16 қазан 2012
“Қызыл өрiк” Қырғыз әндерiне қазақ әншiлерi неге “жерiк”?
Бiр тойда қырғыз ағайынмен дастарқандас болдық. Би кезегi келгенде жастар Ақылбек Жеменейдiң орындауындағы «Қызыл өрiк» әнiне биледi. Ән үш мәрте қайталап қойылды. Сонда қырғыз маған жымия қарап: «Бұл – бiздiң ән ғой, бiлесiз бе?» – дедi мақтана. Әннiң мәтiнi қазақша, орындаушысы қазақ бола тұра, қапелiмде аузыма сөз түспедi. Қазiргi қазақ эстрадасының жұлдыздары
16 қазан 2012
Ойымды «Жас Алашқа» жолдауды көптен берi көздеп жүргем. Жақында «Ел арнадан» «Бәрi есiмде» бағдарламасын көрген соң, айтпағымды нықтай түстiм. Расында да, бiздiң жауһарларымыз талауға түсiп келедi. Жұлым-жұлымын шығарып, халық әнiн әншiсымақ­тар орындағанда, буындырғың келедi. Авторы белгiсiз, жалпы халықтық ән болып,
16 қазан 2012
Ырғақты жаңалықтар
ЖӘНИЯНЫҢ ЖАҚСЫ КОНЦЕРТI
Өткен жұмада Қазақстанның халық әртiсi, халықаралық байқаулардың Гран-При иегерi, консерватория ректоры Жәния Әубәкiрова, Ресейге еңбегi сiңген әртiс, виолончелист Олег Сендецкий және ҚР Халық әртiсi, профессор Гаухар Мырзабекова консерваторияның үлкен залында камералық музыка кешiн өткiздi.
16 қазан 2012
“Күйдiм-сүйдiмнен” өзге тақырып жоқ па?

Халықтың ән шығармаларының ең көне жанрының бiрi – еңбекке байланысты туған әндер. Мұндай шығармада ел тұрмысы, қарапайым шар­уалардың күнделiктi өмiрi әнмен жеткiзiледi. Еңбек және шаруашылыққа байланысты туған өлең-жырларға төрт түлiк туралы, аңшылық және наурыз әндерi де жатады. Еңбек және шаруашылық өлең-жырларының iшiндегi ең көп тарағаны – төрт түлiк мал туралысы.

4 қыркүйек 2012
ТӨЛЕГЕННIҢ “БIР ТОЙЫ” БОЛДЫ
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылында ақын Төлеген Айбергеновтың туғанына 75 жыл толуына орай ша­ра өттi. Ипподромда өткен кеште ақын сөзiне жазылған әндер мен Айбергеновке арналған өлеңдерге жазылған әндердiң конкурсы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жеңiм­паз­дар мен жүлдегерлер қомақты сый олжалады.
4 қыркүйек 2012
Қазақтың ұлттық әнi ешқашан ескiрмейдi

Сазгер Илья Жақановтың “Маsa.kz” сайтында сұхбаты жарияланды. Композитор қазақ музыкасының, оның iшiнде ән өнерiнiң келешегi туралы былай дейдi: “...Әр халық болмысын, өзiнiң ұлттық музыкалық дiтi мен дiлiн сақтаса, мұндай сұмдық болмайды. Бiрақ, бiз ауыр жылдарды бастан кешiрдiк. Батыстан ағылып жеткен жағымсыз әсерлер жастарымыздың санасын улады, әлi де улап келедi

4 қыркүйек 2012
“Меломен” тобының “Перзент арманы” деген әнге түсiрген бейнеклипiн көрiп көңiлiм босап, көзiме жас алдым. Адамның сағынышын, iшкi түйсiгiн, көңiл пернесiн дәл басқан бейнеклип екен. Бұл топты бұрын да тәуiр көрiп, қазақ эстрадасының жаңалығы ретiнде қабылдағам. Жетiмдер туралы түсiрiлген бейнебаяны ой саларлық екен. Жесiрiн қаңғытпаған, жетiмiн жылатпаған ел едiк, ал бүгiнде жетiмдер үйiнде жәудiреген жаутаңкөз­дердiң қатары артпаса, кемiген емес
4 қыркүйек 2012
Халық Ризабекұлы, сазгер:  Ән ұлттың айнасы болуы керек
Соңғы кездерi құлақ құрышын қандырар әннiң орнын жеңiл-желпi, ойнақы, биге ыңғайлы әуендер басып кеттi. Ұлттық бояуы қанық дәстүрлi әндерiмiз эстраданың көлеңкесiнде әлi күнге дейiн қалып келе жатыр. Өнердегi көненiң көзi аға буын кемшiлiгi көп әуесқой жас әншiлерге жөн сiлтеп, жол көрсетсе, ұлтының да, өнердiң де нағыз жанашыры болмас па едi? 
4 қыркүйек 2012
Сахна – үйдiң ауласы емес

Жыл сайын өнер өлкесiне талай таланттар шоғыры келiп, талайының ендi бiрi кететiнi – заңдылық. Солардың арасынан дауысынан қазақы қоңыр салқын леп ескен әншiлердi жиi iздеймiн. Екi әндi сахнада орындай салып танымалмын деп екiленген жанды эстрада әншiсi деу – жаңсақтық. Жасыратыны жоқ, бүгiнде әу дегеннiң бәрi әншi болып шыға келетiн болды. Тiптi барын шашып, бiр бейнеклип түсiрiп алған­ соң жұл­дыз­ ауруына ұшырап шыға келе­тiн­дер­ де бар.

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16»