1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №34 (16220)   29 сәуір, сенбі 2017
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
29 қараша 2016

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушы сазгер Бауыржан Шұғыл-Шумақ 2009 жылы   ел бiрлiгi доктринасына қоғам өкiлдерi қарсы тұрып тойтарғанда осы әндi шығарыпты. “Желтоқсан оқиғасына қатыс­қан жiгерлi жастардың әнұраны арагiдiк шырқалғаны болмаса көп насихатталған жоқ. Өзге басылымдар ән мәтiнiнiң кей тұсын қырнап-жонып жұмсартып жiберiптi. Ақиқатты жазуда жалтақтық

28 қараша 2016

Әншi Жазира Байырбекова “талантты, бiрақ танысы да, табысы да жоқ” жас әншiлермен бiрге сахнаға шығып ән шырқауға бейiл көрiнедi. Ол үшiн сахнаға жол таба алмай жүрген әншi қыздар өздерiнiң орындауындағы әндерiн өңдетiп, әрлетiп, мәнерiне келтiрiп Жазира Байырбековаға жолдауы

28 қараша 2016
БӘЙГЕСI БҰРЫН БЕРIЛМЕЙДI

Құрылғанына 15 жылдан астам уақыт болған “МузАрт” тобы iздерiн басар талантты жастарды тауып, сахнаға шығару мақсатында “МузАрт live” жобасын iске асырып келедi. Елiмiздiң iрi қалаларында iрiктеу сынын өткiзiп, негiзгi тартысқа қатысушыларды мыңның арасынан сұрыптап алған-ды. Осынау жобаның көмбесiне жетудi қалайтын жас таланттардың көпшiлiгi орта жолда сайыстан шығып қалып жатыр. Өнер тартысы бол­ғандықтан қаңқу сөздiң

28 қараша 2016
“ЖАРҚЫРАП, ЖАЙНАЙ БЕРШI, СЕН, НҰРСҰЛТАНЫМ!”
Мәжiлiсшiлер Қуаныш Сұл­танов, Бақыткүл Хаменова, Михаил Бортник Астана атауын президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есiмiне ауыстыру туралы ұсыныс айтып, көптiң күлкiсiне қалған-ды. Ақмола қаласы 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап елiмiздiң астанасы мәртебе­сiне ие. Ақмола қаласының атауын Нұрсұлтан Назарбаев Астана деп өзгерттi. Өзге тiлде жазуға һәм айтуға
28 қараша 2016
Ән құдiретiн сезiнген

Тәуелсiздiкке қол жетiп, а құдайлап ақсарбаз шалып, өшкенiмiз тiрiлiп, жоғалғанымыз түгенделiп халықтың қазынасына қосылады дегенiмiзге де ширек ғасыр болыпты. Әдебиет пен өнердiң тұйықталған жолы ашылады, руханият­ты аңсап отырған оқырман мен тыңдарман ендi рахатқа бөленедi дедiк. Кеңес заманында халық әнiне тосқа­уыл қойылды. Айтқызбады, жарыққа шығармады дедiк. Домбыра, қобыз, сыбызғы, сырнайды шеттеттi дедiк. Ендi мiне, асыл қазынамыздың күнi туды, аңсаған арманымызға

4 қазан 2016
7 қазан күнi “Дүниежүзi қазақтары қауымдастығы” ел Тәуелсiз­дiгiнiң 25 жылдығына орай шет­елдегi қандастардың қатысуымен халықаралық өнер фестивалiн өткiзедi. Суретшiлердiң көрмесi, термешiлер сайысы, ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылады. “Шетелдегi қазақ жастарының өнер фестивалi деп аталатын са­йыстың соңында гала концерт өткiзiледi.
4 қазан 2016
“Қызтекелерге сахнаны таптатпаймыз!”
“Найнти уан 91” (91 NINETY ONE) деп аталатын топ 2014 жылы құрылыпты. Бес жiгiттен жасақталған топтың жетекшiсi – Ерболат Беделхан. Көпшiлiк бұл әншiнi “Орда” тобының мү­ше­сi ретiнде жыға таниды.Құрылғанынан-ақ 91-дiң тыңдармандардың оның iшiнде аға, орта буынның ғана емес кейiнгi толқынға да топтың әншiлiгi де, сахнадағы әрекетi де жаққан жоқ. Шаштарын бояғаны былай тұрсын, құлағын тесiп, қасы-көзiн бояп алып сахнаға шығатын топтың Шымкент қаласында өтуi тиiс концертi өтпедi.
4 қазан 2016
Қобыздың киесi

Қызылорда өңiрiнде өмiр сүрген Нышан бақсының (Смайыл Шәменұлы) қобызын қобызшы Саян Ақмолда фильмге пайдаланбақ болып әкемтеатр­дан (М.Әуезов театыры) сұрап алыпты. Ертеңiне кинода қо­бызбен күй тартуы тиiс қобызшы көне қобыздың қылын (шек) таға алмай түннiң бiр уақытына дейiн әуреленсе керек. Осыдан жиырма жыл бұ­рынғы оқиғаны Саян Ақмолда былай деп баяндап бердi

4 қазан 2016
Теледидар даңғазаны дәрiптей ме?
Кейiнгi кезде телеарнадан халық әнiн және халық композиторларының әнiн естуге зар болып отырмыз. Сахнада жанын жеп жұлқынып, айтқан әнiнiң мән-мағынасы бұлдыр орындаушылардың заманы туды ма әлде? Шәмшi Қалдаяқов та ән шығарғанда сол әндi қай әншi орындай алатынын бiлiп, соның қанжығасына байлап беретiн. Қазiргi композиторлардың бiз қазақ боламыз деген ойлары бар ма екен?
4 қазан 2016
Дәстүрлi өнердi мектепте оқытуға не кедергi?

Қоғамның қарсылығына қарамастан үштiлдiлiк бағдарламасы ақыры бiлiм саласына енгiзiлдi. Ендiгi жерде балалар 1-сыныптан бастап үш тiлде әрiп танып, кейбiр пәндердi – орыс, кейбiр пәндердi – ағылшын тiлiнде оқуға мәжбүр. Басқасын былай қойғанда, мектепалды дайындық сыныбының өзiнде 15-тен аса пән бар. 5-6 жастағы шиеттей балаларға осы 15 пән керек пе?

4 қазан 2016
Барды бүлдiрмейiк

Бiрде шетелге шыққан өнер қайраткерлерiнiң iшiнде жазушымыз Ғабит Мүсiрепов те болса керек. Сахнада бұлбұл үнiмен шырқап тұрған Бибiгүлге риза болғаны соншалық, Ғабең “Шiркiн, бiздiң Бибiгүлдi әлем­нiң небiр үлкен сахналарынан ән салдырып көрсетуге тұрарлық-ау!” деген екен. Ұлы жазушымыз айтқанындай, Бибiгүл өзiн ғана емес, бүкiл қазақ хал­қын да әлемге паш еткен ға­жайып әншi, ұлы тұлға, халқының маңдайына бiткен жарық жұлдызы. Бiрақ олардың бiреуi де, не Күләш, не Роза, Ермек пен Би­бiгүл де “бiз жұлдызбыз” деп айтпапты.

9 тамыз 2016
«Ырғақтың» сұрақтарына ақын, «Дарын» жастар сыйлығының иегерi Ақсұңқар Ақынбаба жауап бередi.
«Ырғақ»: Сiзге аға буын өкiлдерi, не болмаса замандастарыңыз, кейiнгi толқындағы сазгерлер әнге сөз жазып бер деп қолқа сала ма? А.Ақынбаба: Негiзi, мен әнге сөз жазумен танылған немесе табыс қуған ақындардың қатарынан емеспiн. Бiздiң әншiлер қауымы бiр рет сәттi шыққан әннiң сөзiн кiм жазса
9 тамыз 2016
Мирлан Баеков, Қырғызстанның эстрада әншiсi: «Қызыл өрiк» маған да көлiк мiнгiздi
“Қызыл өрiк” әнiне әлi де билеймiз. Той-томалақта қосыла қалса, делебемiз қозып билеп ала жөнелемiз” дейдi тойдан қалмауға тырысатын бiр кiсi. Расында да, қырғыздың “Қызыл өрiгiн” Ақылбек Жеменей қазақ тiлiнде шырқап, бiрнеше жыл тойдың әнi болды. Осы ән арқылы Ақылбек атағын ғана аспандатып қоймай, тұрмысын да жандандырды.
9 тамыз 2016
ТАЛАНТТАРДЫ ТАППАҚ
JADO production мен “МУЗ LIFE” телеарнасы жас таланттарды табу мақсатында конкурс өткiзбек екен. 5-17 жас аралығында жас таланттардың томағасын сыпырып, өнер айдынында желкенiн керуге жөн сiлтеу мақсатында өткiзiлетiн “Жұлдыз лайф” конкурсына өтiнiш бергенде әдiлқазы­лардың алдында өнерле­рiн көрсетiп, талантын сынап көредi.
9 тамыз 2016
Әмiренiң әндерiн ЭКСПО-ға келгендер тыңдаса

Әмiре Қашаубаев 1925 жылы Парижде өткен дүниежүзiлiк көрмеде “Балқадиша”, “Бесқарагер”, “Смет”, “Дударай”, “Ағаш аяқ”, “Жалғыз арша”, “Үш дос”, “Қараторғай”, “Қызыл бидай” әндерiн шырқағаны белгiлi. Келесi жылы Астанада әлемдiк көрме өтедi. Шiркiн-ай, ЭКСПО – 2017-де әлем елдерiнiң павильондарында Әмiренiң осыдан 91 жыл бұрын шырқаған әндерi естiлiп тұрса.

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12»