1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №50 (16236)   22 маусым, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
12 қаңтар 2016
Қазды қызға айналдыратын орындаушылар бар екен

Үш жiгiттен жасақталған “Саламат” деген топ бар екен. Қазақ эстрадасында қашаннан берi жүргенiн бiлмеймiн, өткенде теледидардан осы топтың “Махаббатты армандаймын” деген әнiнiң бейнебаянын көрдiм. Бейнебаянда үш жiгiттiң үш аруға ғашықтық сезiмiн сездiруi суреттеледi. “Сен мына жанарымның iшiндесiң...” деп басталатын Мұқағали Мақатаевтың өлеңiнiң сазгер үш шумағын алыпты да, қайырмасына “Махаббатым өзiмде” деген өлеңiнiң екiншi шумағын телiптi.

12 қаңтар 2016
Әмiренiң әншiлiгi айбындана көрiнуi тиiс

Қазақстанның Movig кинокомпаниясы мен ағылшынның компаниясы Әмiре Қашаубаев туралы фильм түсiрмек. Осы фильмде Әмiренiң рөлiне кастинг өткiзiп жатыр. Әншiнiң рөлiн сомдауға 25-40 жас аралығындағы актерлiк шеберлiктi кәсiби меңгерген, тенор дауысты, ағылшын тiлiн “Upper Intermediate” деңгейiнде бiлетiн актер қажет. Актердiң ағылшын тiлiн бiлгенi дұрыс та шығар.

12 қаңтар 2016
Мәтiнге мән берсе...
Жаңа жылдық демалыс кезiнде елiмiздiң телеарналары концерттi жиi көрсеттi. Бiр арнадан Қайрат Нұртастың концертiн көрсетсе, ендi бiрi Төреғали Төреәлiнiң жеке шығармашылық кешiн ұсынды.  Сөз өнерiн зерттеушi болмасақ та, сөз қадiрiн салмақтап, саралай аламыз. Төреғали Төреәлiнiң үлкен сахнадағы алғашқы концертi сөз жоқ, тамаша өтiптi. Теленұсқасын көрiп қуандық.
12 қаңтар 2016
Әбiш Әдiлбеков, заңгер, термешi: Отаршылдықпен күрестегi қазақтың қасiретi жыр-термелерде кеңiнен көрiнiс тапқан

Прокуратура саласының зейнеткерi, Ескелдi, Ұйғыр аудандарында, Қапшағай қаласында прокурор қызметiн абыройымен атқарған заңгер, термешi Әбiш Әдiлбековтiң үшiншi дискiсi жарық көрдi. “Ғасырлар үнi” деп аталатын дискiсiндегi жыраулардың жауһарлары үш ғасырдан сыр шертедi. Дискiдегi қымбат қазына жөнiнде Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi Ермұрат Үсенов былай дейдi: “...

17 қараша 2015
Көрерменге “заманауи жырау” лақап атымен танылған Жан Ахмадиев пен SMITTY төртiншi бейнебаянын түсiрiп, көпшiлiкке ұсынды. “Қазақпыз ғой -4: Кризис” деген әнiн автор өзiн-өзi өртеп жi­берген марқұм Ерлан Бектiбаевтың рухына арнапты. Қоғамдағы келеңсiздiктi, ащы шындықты рэп жанрында жеткiзетiн орындаушының төртiншi бейнебаянында
17 қараша 2015
1957-58 жылдары 9-сыныпта оқып жүрге­нiмде, сол кездерде өнер, радио саласында iстеген Мақсұтбек Майшекиннiң редакторлығымен шыққан “Қазақ халқының әндерi” жинағынан “Бiр бала” әнiнiң мәтiнiн қойын кiтапшама жазып алғанмын. Әннiң сөзi мынандай: “Бiр бала” (халық әнi) Талдан таяқ жас бала таянбайды
17 қараша 2015
ӨМIРҚҰЛДЫҢ ӨНЕРIН КӨРГIҢIЗ КЕЛСЕ
ҚР Мәдениет қайраткерi, “Серпер” жастар сыйлығының иегерi, әншi, термешi Өмiрқұл Айниязов 19 қарашада (сағат 19:00-де) Республика сарайында ән кешiн өткiзедi. Өмiрқұлдың концертiнде Сәуле Жан­пейiсова, Асылбек Еңсепов, Серiкбол Сайлаубек, Асхат Тарғын, Димаш Құдайбергенов, Ғалымжан Жолдасбай, Алтын Айниязова, “Ағайындылар” тобы ән шырқайды.
17 қараша 2015
Ол ән салғанда шауып келе жатқан тұлпардың дүбiрiн, үлбiреп тұрған гүл­дiң самал желдiң үлпiлi­мен әсем қозғалысын, аққу­лар­дың айдынды қақ жарып махаббат сазымен тербелiп жүзiп келе жатқан көрiнiс­тердi көруге болады. Роза Тәжiбайқызы Бағланованың өмiрден өткенiне де көп болмаса да қауесет сөздер желдей естi. “Азаттық” сайтында Гүлбәну Әбенова “Аш құрсақ қыз билiктiң байлықа да жеткiзетiнiн түсiндi” (24.03.2011жыл) деген мақаласын жариялап, былай деп жазды.
17 қараша 2015
Кейбiреулер өзгенiң беделiн салып жүрiп билетiн өткiзiп, концерт қояды. Ән жаздыру, киiм тiктiру, кешiңдi өткiзетiн жердiң сахнасын безендiру – ақша. Мәселенiң бәрi қаржыға тiрелетiндiктен, оларға неге тегiн концерт өткiзбейсiң деу ақылға қонымсыз шығар. Дегенмен де эстрада әншiлерiнiң арасында елдi аралап, тегiн концерт өткiзiп жүргендер де бар. Солардың бiрi – Серiкбол Сайлаубек. 
29 қыркүйек 2015
Еңбек қана өрлетедi
50 жастан асқаннан берi лирико-клоротуралық сопрана дауыста ән салып жүрген әлемде жалғыз әншi   Бибiгүл Төлегенова десек қателеспеспiз.  “Мен 85 жасқа келгенше аспаптан ешқашан да ажыраған емеспiн. Ұзақ жылдан берi қасымдағы серiгiм – музыкалық аспабым. Таң құланиектенiп атқанда оянған соң, әуелi бiр жарты сағат денемдi шынықтырып алам.
29 қыркүйек 2015
Құнсыздану қиын соқпады ма?
Ақбота Керiмбекова: Кейiнге ысырылды
– Көк қағаздың қымбаттауы шығармашылыққа анау айтқандай кедергiсiн келтiрмегенiмен, бейнебаян түсiруге қолбайлау болып тұр. Бейнебаян түсiру­шiлер АҚШ долларының бұрынғы бағамымен саудаласуға келiс­пегендiктен, бiр-екi әнiме бейнебаян түсiру шаруасы кейiнге ысырылды.
29 қыркүйек 2015
“Ырғақты” жаңалықтар
«АЛЫСТАНЫ» ЖАҚЫНДА КӨРСЕТЕДI
Тыңдаушыларға “Iңкәрiм-ай” әнiмен танылған “Тарлан” тобының мүшесi Айбек Мұхаметәли “Алыста” деген әнге бейнебаян түсiрдi. “Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңiне сазгер Ахмедияр Есмұханов ән жазып, соған бейнебаян түсiрдiк. Шарын шатқалында, Мыңжылқы, Шалкөде жайлауында түсiрiлген бейнебаянда балалық шағымды тұңғыш ұлым Рамазан сомдайды” дейдi әншi Айбек Мұхаметәли.
29 қыркүйек 2015
Рамазан Стамғазиев, әншi: Ол кезде шығармашылық орта бар едi...
Көзiн тапқандар жыл сайын, кейбiрi әр бес жылды араға салып, жеке ән кешiн өткiзiп жүр. Әншi Рамазан Стамғазиевтiң жеке ән кешiн өткiзгенiне де жетi жыл аунап түсiптi. Талантты әншi, тәжiрибелi ұстазбен сұхбаттасудың сәтi түстi. – Қытайдағы ағайынға концерт қоюдың талғамы өте жоғары. Фонограмманы қосып қойып, соған iлесiп ән айтып беру дегендi олар қабылдамайды. Төрт-бес жылдың жүзi болды, дағдыланып ал­дық, кешiмiзде әндердiң тарихынан хабардар етемiз де, солардың сөзiмен айтқанда нақ майданда, тiрi дауыста ән шырқаймыз.
11 тамыз 2015
Ырғақты жаңалықтар
ТАЛАНТТЫ БАҒАЛАЙ БIЛУ КЕРЕК
Жыл сайын Беларусь елi “Славян базары” халықаралық фести­валiн өткiзедi. Биылғы доданың бас жүлдесiн иеленген жерлесiмiз, әншi Димаш Құдайбергеновтi ертеректен бiлемiн. 2012 жылы елiмiзде өтетiн “Жас қанат” байқауында ерекше даусымен, өнерiмен көпшiлiктi баурап, бас бәйгенi алған Димаш халық­ара­лық “Шығыс базары”, “Мэйкин Азия” конкурстарында өнерпаздардың бәрiнен қара үзiп, дара көрiндi.
11 тамыз 2015
Оның портретi театрда жоқ
Тұлға
Ол миллиондаған тыңдарманның   құлақ құрышын қандырып, өнер бұлағымен сусындатқан   қазақ сахнасының теңдессiз бұлбұл да­уысты әншiсi едi. Оның әуе­лете шырқаған әнi кә­сiби   тұрғыда адам жан дү­ниесiн ерекше сезiмге бө­леп сиқырлап елiктiрiп   әке­тушi едi. Қазақ КСР Халық ар­тисi, жиырмасыншы ға­сыр­дың үздiк лирико-клоротуралық сопранасы қазақтың   екiншi Күләшi   Айсұлу   Байқадамқызын кейiнгi жастар жыға тани бермейдi. 1927 жылы қазан
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14»