1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №16 (16202) 23 ақпан, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы. Дайындайтын Ерік РАХЫМ
8 шілде 2014
Балуан Шолақтың ел бiлмейтiн әндерi көп

Биыл Балуан Шолақтың, яғни Нұрмағамбет Баймырзаұлының 150 жылдық мерейтойы аталмақ. Мен деген мықтылардың мысын басқан балуандығы, заманауи циркте ғана көрсетiлер қара күштiң арқасында атқарылар түрлi таңғажайып өнерлерi, қара халықтың қамын жеген азаматтық және күрескерлiк келбетi, саятшылық, атбегiлiк және сал-серiлiк қасиетi үлкен зерттеулердi, жүйелi халықтық насихатты қажет етедi.

8 шілде 2014
«Мақпал» болып тойда жүр

Жақында досымыздың тойы өттi. Асаба жарықтық алған ақшасын өтеу үшiн барын салып сөйлеп-ақ жатыр. Кезектi сөз беруден кейiн: “Бүгiнгi бiздiң қуанышымызға ортақтасып, Қазақстанның халық әртiсi Мақпал Жүнiсова келдi”, — дегенде, ел ду қол соғып, босағаға қараған. Қара көйлек киген не әйел, не еркек екенi белгiсiз, бойы да ұзын, етжеңдi “Мақпал Жүнiсова” иiлiп сәлем бердi де, әнiн бастап кеттi. Жұрттың

13 мамыр 2014
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТКIЗДI
Елiмiздiң эстрада әншiлерiнен жасақталған “Алатау” футбол командасы ресейлiк әншiлерден құралған “Старко” командасымен тартысқа түсiп, қазақстандық әншiлер 3:1 есебiмен жеңiске жеттi. Жұбаныш Жексенұлы екi гол соқ­са, Сәкен Майғазиев те қанжығасын майлап, қарсылас қақпасына үшiншi гол тоғытты.
13 мамыр 2014
“Жетiншi домбыраға жете алмай жүрмiн”

“Арқада күй тартуға және ән айтуға арналған жетi түрлi домбыра болған. Iздеп жүрiп солардың алты түрiн таптым. Өкiнiшке қарай, жетiншi түрiн табу неғайбыл жағдай болып тұр”, – дейдi тарихшы, этнограф Кәмел Жүнiстегi. Осыған дейiн де “Жас Алашта” Қарағанды облысы, Ақсу-Аю­лы шаһарында тұратын танымал жазушының көне мұралардың көптеген дүниесiн iздеп тауып

13 мамыр 2014
Мерей мен Мақпал

Биылғы Наурыз мерекесi күндерiнде Алматыда екi күн бойы халықтың ерке қызы атан­ған сүйiктi әншiсi Мақпал Жү­нiсованың жеке концертi өткенi белгiлi. Көптен берi оның әсем даусын ести алмай әуездi үнiне сусап қалған   жұртшылықтың билетке қолы жетпегендерi бұл концерттiң телеарналардан көрсетiлуiн асыға күткенi анық. Ақырында 2 мамыр күнi “Алматы” телеарнасы “Мерекелiк концерт” деп бердi.   

13 мамыр 2014
Елеусiз қалғаны өкiнiштi

Қазақ ән өнерiнде өзiндiк қолтаңбасын қалдырып, бозторғай атанған талантты әншi Рәбиға Есiмжанованың туғанына биыл 100 жыл толды. 1914 жылдың 5 қаңтарында қазiргi Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Кiндiктi ауылында кiндiгi кесiлген Рәбиға өнерлi отбасында тәрбиеленедi. Мектепте жүргенде-ақ асқан дарыны мен Жаратқанның тарту еткен талантымен сыныптастарынан өзгешеленген.

13 мамыр 2014
Әншiлер арғымаққа мiнгiздi
“Адырна” қоғамдық бiрлестiгi бас болып “Дүлдүл ән мен пырақ күй” концертiн өткiздi. Қазақ музыкасының жауһары – дәстүрлi әндерi мен құдiреттi күйлерi Ғабит Мүсiрепов атындағы балалар мен жасөспiрiмдер театрында күмбiрлеп, көпшiлiктiң құлақ құрышын қандырды. Төл мұрамыздың жоқтаушысы да, насихаттаушысы да болып жүрген дәстүрлi әншiлер сахнаны сағынып қалса керек, кешегi өткен сал-серiлердiң жыл­қы жүйрiкке арнап шығарған туындыларын шырқады. 
18 наурыз 2014

Оқырман ойлап қалып жүрмесiн, әншi Мәдина Сәдуақасовамен арамызда ешқандай бас араздығымыз жоқ. Ол менi танымайды да. Айтпағым, қазақ эстрадасында жүрген кей­бiр әншiлер­дiң сөз­дiң мағынасын өзгер­тiп, кел­сiн-кел­ме­сiн ән­де­тiп жүре­тi­­нi жаныма батады. Жуырда “СТВ” телеарнасынан кон­церт­тiк бағдарлама көр­сеттi.

18 наурыз 2014
“Ырғақты” жаңалықтар
ҚЫЗЫҚТЫ КЕШТI ЖIБЕРIП АЛМАҢЫЗ!
21 наурызда кешкi сағат 18:00-де және тыңдаушылардың сұранысы бойынша 22 наурызда 17:00-де Қазақстанның халық артисi Мақпал Жүнiсова Республика сарайында шығармашылық кешiн өткiзедi. Халықтың ерке қызы өзiнiң 50 жылдық мерейтойына орай өткiзетiн концертiнде қазақ эстрадасында өзiндiк биiгi бар ерлерден құралған топпен бiрлесiп те ән шырқайды.
18 наурыз 2014
Тұңғыш балеринамызды бағалай алдық па?
Қазақтың дарқан даласындай кеңдiгi мен қазақ қызының бүкiл болмысы, сұлулығы тал бойынан табылатын Нұрсұлу Тапалова 1923 жылы 13 қыркүйекте Ақ­төбе облысының Ойыл ауданында өмiрге келген. Елубайдың өнерлi қызы жетi жылдық мектепте бiлiм алып жүрген кезде, яғни, 1934 жы­лы Алматыда жаңадан құ­рылған Құрманғазы атындағы оркестр Ойылға гас­троль­дiк сапармен
18 наурыз 2014
Жалақысы отыз мың теңгеге жетпейтiн оқытушы

Жаратушының бойына дарытқан әншiлiгiне қоса сазгерлiк дарыны бар әншiнiң бiрi – Шаба Әденқұл. Теледидардағы түрлi бағдарламалар, шоулардан жиi көрiнбейтiн, өзiн асыра жарнамалауды жақтыра бермейтiн әншiнiң шығармашылығында нендей жаңалықтар барын бiлмекке хабарласып, шағын сұхбат алған едiк. – Жаңа жазылған әндерiмнiң саны толықты. Осы жылдың басында “Жаңа жыл” деген ән жаздым. Репертуарымның денi лирикалық ән болғандықтан, жастар аудиториясының талғамына ыңғайлап осы әндi тыңдарманға тарту еттiк.

11 ақпан 2014
Жүректi тербейдi күйiнiң күмбiрi

Ұлттық күй мұрасын зерттеп-зерделеген Ақселеу Сейдiмбек “Ойтолғақ” (1997ж.) кiтабында: “Ел аузында “музыканың тiлi ортақ” деп келетiн” жаңсақ ұғым бар. Кез келген халықтың болмысын мейлiнше дара күйiнде көрсетуге келгенде музыкамен ешбiр рухани үрдiс өрелесе алмайды. Ұлттық әуен ғана емес, ұлттық үн мен ұлттық дыбыс ерекшелiктерiнiң де болатыны айдай анық”, – деп айқындаған.

11 ақпан 2014
Дап-дардай әншiнiң мұнысы несi?
Әйгiлi “Қыз қуу” әнiнiң қайырмасының:
Қусаң да жiгiт қаншама,
Жолатпаймын маңыма!
Әуре болма, шаршама,
Адасып кетпе шаңыма! – деп айтылатынын тек өнердiң айналасында жүргендер ғана емес, жалпақ жұрттың бәрi бi­ледi.
11 ақпан 2014
“КЕЛ, МЕНI КӨР”
Түркияның Қазақстандағы елшiлi­гiн­де дәстүрлi әншi, сазгер Зағипа Иманғазиеваның бейнебаянының тұсаукесер шарасы өттi деп хабарлайды “Бақ.кз” порталы. Түркiнiң 1238-1320 жылдары өмiр сүрген атақты шайыры Жүнiм Әмiренiң “Кел, менi көр” (Gel gor beni) термесi бар. Қазақ сахарасында туып, 
11 ақпан 2014
Шектеу қойғаны рас па?

Былтыр Алматыдағы “Прайм Плаза” сауда орталығының алаңында болған тәртiпсiздiктен кейiн Қайрат Нұртастың артынан ерген жел сөз тiптi үдедi. Өзiм құралпы жастардың денi зейiн қойып тыңдайтын әншiге “бұдан былай Алматыда жеке концерт қоюға тыйым салыныпты”.

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15»