1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №24 (16210)   28 наурыз, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
16 сәуір 2013
Сауалнама
Әйелдердiң зейнет жасын 58-ден 63 жасқа ұзартып, басы дауға қалған Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Серiк Әбденовтiң тың бастамасына қарсы тұрғандар арасында өнер адамдары да бар екен. Былтыр министр қызметiн тiзгiндеген мемлекет және қоғам қайраткерiнiң (С.Әбденовтiң ғұмырнамасында осылай жазылған – ред.) бұл ұсынысы әлемдi тербеткен аналарға деген қайырымы болып шықты.
16 сәуір 2013
“Ырғақты” жаңалықтар
“ӨКIНIШ”
“Қайрат Нұртас Production” компаниясы “Өкiнiш” атты фильм түсiрiптi. Әншi Қайрат Нұртастың өмiрi турасында баяндалатын лирикалық драма жанрында түсiрiлген туындының бас кейiпкерiн Қайрат өзi сомдайды. Сценарийi бiр апта көлемiнде жазылған фильмнiң режиссерi Мақсат Оспанов картинаның тапсырыспен түсiрiлгенiн айтты. Нелiктен киноның атауы “Өкiнiш” болды? деген сауалға Қ.Нұртас:
12 наурыз 2013
Талғам сүзгiсi
БIЛIП АЛҒАНЫ ДҰРЫС
“Хабар старс” деп ата­латын бағдарламаны көрiп отырғанбыз. Бiр кезде сахнаға Уатқан Заханқызы мен Меруерт Түсiп­ба­ева шықты. Жылт етпе жазудан “Терiскей” әнiн шырқайтынын оқыдық та, құлағымызды түрiп, теледидарға телмiрдiк. Өйт­кенi бұл әндi әйгiлi әншi Нұрғали Нүсiпжановтың орындауында тыңдап, үй­ренiп қалғанбыз ғой.
12 наурыз 2013
“Ырғақты” жаңалықтар
ӨНЕР ҒАНА МЫҢ ЖАСАЙДЫ
13 наурыз – көрнектi композитор, ҚР халық әртiсi Мұқан Төлебаевтың туған күнi. 1913 жылы 13 наурызда өмiрге келген Төлебаевтың артында қа­зақ мәдениетi мен өнерiне қосқан өлшеусiз еңбегi қалды. 100 жылдығына орай Мұқан Төлебавтың өмiрi мен шығармашылығына қатысты “Ғасыр әуенi” атты көрме өтуде.
12 наурыз 2013
«Көктем шуағы» қалай өттi?

8 наурыз мерекесi қарсаңында президент Назарбаев елiмiздегi 8 миллионнан астам нәзiкжандыларды “шын жүрегiмен құттықтап”, Ақордада бiр шоғыр қыз-келiншектермен кездесу өткiздi. Ән де айтылды, мақтау-мадақтаудың да тiзгiнi тартылған жоқ. Ашық-жарқын әңгiме болды. Мiне, осы өзгелер айтып жүргендей президенттiң тек шетелдердiң басшыларын ғана қабылдайтын “алтын залында” өткен жиын арасында әншiлер қауымынан

29 қаңтар 2013
“Ырғақты” жаңалықтар
7 СӨЗ – 1 ӘН
Мұндайды кiм көрген? Қазақтың жастары жарысқа түсетiн болғандықтан, (жеңiмпазға берiлетiн қаржысы да қомақты ғой) “Саз әлемi” бағдарламасын қолым қалт еткенде қарайтынмын. Бiр жолы бiр қандасымыз шықты. Сыртқы пошымынан шала қазақ екенi байқалмайды. Сөйтсек, ныспысы Кентал деген “әншiмiз” мектептi, жоғарғы оқу орнын орыс тiлiнде оқыпты. Содан ба, сөз қадiрiн сезiне алмаса керек.
29 қаңтар 2013
Сыбызғы үндi әншi

Ол ән салып тұр. Оның қоңыр әсем дауысы, тыңдаушыларының жан жүрегiн тербетiп, әнге деген нағыз сүйiспеншiлiгiн танытқандай. Әндi шын пейiлiмен шырқап тұрған әншiнiң өңi бiр қызарып, бiр бозарып, әуездi үнi сырлы ырғаққа енiп, керемет бiр қуаныш нұры құйылады. Абай атамыз айтқандай “Құлақтан кiрiп бойды алып”, сезiмнiң қылдай нәзiк пернелерiн дөп баса бiлетiн, жүрекке жылы тиюi осындай-ақ болар.

29 қаңтар 2013
Сәкен Жақсылықұлы (Қалым), әншi: Сахнаның киесiн сезiнбейтiн әншiлер көбейiп барады
“Алтайдың ар жағынан келген ару” әнiнiң жалпақ жұртқа жария болғанына жиырма жылдың жүзi болыпты. Осынау сағыныштан өрiлген сазды әндi тыңдағанда әншi Сәкен ойға оралады. Әсерлi ән әншiнiң өнер өлкесiне ат шалдыруына жол ашты, әншi ғұмырлы әннiң өрiсiн кеңейтуге орасан үлес қосты. Әншiлiктi өнер деп қадiрлейтiн Сәкен қазiр жұрт көзiне көп түсе бермейдi.
11 желтоқсан 2012
Жақында екi тойға бардық. Қазақтың тойы уақытында басталса, қызықсыз болмай ма, шақыру билетiнде кешкi 6-да басталып кетедi деп жазылған аста-төк салтанат түнгi 9-да басталды. Екiншi үйлену тойы да тура төрт сағат кешiгiп өрбiдi. Сөзiн сатып күнелтетiн асаба әдеттегiдей тойды бастау үшiн қариядан бата сұрағаннан кейiн саңқылдап бердi. Сөзден сөз тудырған асаба ел алдына «қазақ эстарадасының жас жұлдызы» деп Ермек Балжiгiт есiмдi қаршадай
11 желтоқсан 2012
«Қайрат Нұртастың концертiнде билет бағасының аспандағаны соншалық, 7-8 есеге қымбатқа сатылып, көпшiлiк Республика сарайына кiре алмай қалыпты» дегендi естiп, сарайдың маңында сауда көрiгiн қыздырып жүрген алыпсатарлардың “арасына енiп” көрдiк. Бiр-бiрiнен оқшау, кассаны маңайлап, төңi­рек­теп жүргендер бiр­ден ашылып сөйлесе қоймады, тiптi кейбiрi газеттен екенiмiздi ес­тiп, жонын берiп, жауап қатпады.
11 желтоқсан 2012
“САЗГЕН САЗЫ” ЕСЕП БЕРДI
Жақында “Сазген сазы” фольклорлық-этнографиялық оркестрi Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияда кезектi есеп беру концертiн өткiздi. Арқаңды қоздыратын шығармаларды ансамбль ұжымы орындағанда, шетелдiк қонақтар да дән риза болды. Әсiресе, 12 жастағы Сәтқозы Оразалыұлы ән айтқанда, көпшiлiк ду көтерiлiп қол соқты.
11 желтоқсан 2012

Әр халықтың төл музыкалық өнерi “халық музыкасы” деп аталатыны ежелден мәлiм. Қазақтың музыкасын зерттеуге елеулi үлес қосқан “қазақ­­тың жанашыры” Александр Затаевич өзiнiң “Қазақ халқының 1000 әнi” жи­нағының кiрiспесiнде: “Жаңа саяси және экономикалық өмiрдiң алаңына шыққан саны 6 миллион ғана болса да үлкен халықтың рухани бейнесiн жа­қы­нырақ тануға құлшыныс туды”, – дейдi.

16 қазан 2012
“Қызыл өрiк” Қырғыз әндерiне қазақ әншiлерi неге “жерiк”?
Бiр тойда қырғыз ағайынмен дастарқандас болдық. Би кезегi келгенде жастар Ақылбек Жеменейдiң орындауындағы «Қызыл өрiк» әнiне биледi. Ән үш мәрте қайталап қойылды. Сонда қырғыз маған жымия қарап: «Бұл – бiздiң ән ғой, бiлесiз бе?» – дедi мақтана. Әннiң мәтiнi қазақша, орындаушысы қазақ бола тұра, қапелiмде аузыма сөз түспедi. Қазiргi қазақ эстрадасының жұлдыздары
16 қазан 2012
Ойымды «Жас Алашқа» жолдауды көптен берi көздеп жүргем. Жақында «Ел арнадан» «Бәрi есiмде» бағдарламасын көрген соң, айтпағымды нықтай түстiм. Расында да, бiздiң жауһарларымыз талауға түсiп келедi. Жұлым-жұлымын шығарып, халық әнiн әншiсымақ­тар орындағанда, буындырғың келедi. Авторы белгiсiз, жалпы халықтық ән болып,
16 қазан 2012
Ырғақты жаңалықтар
ЖӘНИЯНЫҢ ЖАҚСЫ КОНЦЕРТI
Өткен жұмада Қазақстанның халық әртiсi, халықаралық байқаулардың Гран-При иегерi, консерватория ректоры Жәния Әубәкiрова, Ресейге еңбегi сiңген әртiс, виолончелист Олег Сендецкий және ҚР Халық әртiсi, профессор Гаухар Мырзабекова консерваторияның үлкен залында камералық музыка кешiн өткiздi.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15»