1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Тележүргiзушi Аружан Сайын президенттi «Такси» телеойынына шақырып, 37000 теңге ұтып алуға болатынын айтты. Бұған Н.Назарбаев неге үндемеді?
Жүлде қорын қомсынғандықтан
Интелектуалдық қарым-қабiлетiне күмәнданғандықтан
Ресейден алынған көшiрме бағдарлама қызықтырмағандықтан
Ойын-сауықпен әуестенетiн жастан әлдеқашан өтiп кеткендiктен
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (15478) 12 наурыз, жұма 2010
10 наурыз 2010

Астанада пәленбай миллион теңгеге мұз қалашық салып, халықтың маңдай терiн далаға шашқанша, тұлдыр жетiмдерге үй салдырып бермей ме? Президенттiң қолын сүйiп, медаль алған Әбiш Кекiлбаев ағамыз 70 жасқа толғанда әкiм-қаралар тартып алғандай қылып жұрттан жылу жинағанын өз құлағыммен естiдiм. Аман болсаңыз, сiз де жетпiске келерсiз, құлағыңызға алтын сырға, Нұреке.

10 наурыз 2010

ҚР БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI ДӘЛ ОСЫНДАЙ ЖАУАП БЕРДI

ҚР Статистика агенттiгiнiң 2010 жылдың қаңтар айында таратқан мәлiметтерi бойынша, Қазақстанда жалпы орта бiлiм беретiн мектеп саны – 7811. Ал ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi, орта бiлiм департаментiнiң директоры Н.Аршабеков мырзаның айтуынша, 2009-10 оқу жылында республикада 7576 мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектеп жұмыс iстейдi. Барлап қарасақ, екi мекеме көрсеткен екi ақпараттың айырма саны – 235 мектеп.
 

10 наурыз 2010

БИЫЛҒЫ КӨКТЕМ МҰНАЙШЫЛАР ҮШIН ДҮРБЕЛЕҢМЕН БАСТАЛДЫ

Наурыздың алғашқы күнi мұнайшылар “Өзенмұнайгаз” өндi­рiстiк филиалы басшылығының жүргiзiп отырған саясатына қарсы наразылық акциясын өткiздi. Осылайша мұнай-газ өндiру басқармасының бiр жарым мыңдай мұнайшысы жұмысшыларды тасу бекетте­рiне жиналып, кәсiпшiлiкке апаратын автобустарға отырудан бас тартып, жұмысын бiр сағатқа кеш бастады. Бұл кезде “Өзен­мұнайгаздың” кейбiр мұнай­кәсiпшiлiк автокөлiк мекемелерi де жұмысын бiр сағатқа тоқтат­қан-ды. Мұнайшылардың наразылығы келесi күнi де жалғасты. Ал 3 наурыз күнi наразылық акциясы тiптi ушыға түстi. Шамамен 3 мыңдай адам

4 наурыз 2010

Бейсенбi күнi Алматыда тосын оқиға болды. Қала iшiмен жүретiн елуге тарта қоғамдық көлiк жүргiзушiлерi жұмыстарын тоқтатып, наразылық шарасын өткiздi. Олар «Саяхат» автобекетi маңындағы Пушкин көшесiнiң бойына автобустарын қаңтарып қойып, бiр сағатқа таяу уақытқа жолды жапты. Кейiннен басқа да бағыттағы қоғамдық көлiк қызметкерлерiмен бiрлесе Алматыдағы ескi алаңға жиналды. Осылайша жүргiзушiлер жол сақшылары тарапынан тексерулердiң көбейiп кеткенiне қарсылық бiлдiрдi. Олардың автопарк басшыларына да артар кiнәсi бар.

2 наурыз 2010

Бомж. Қаңғыбас-кезбелер. Бүгiнде қоғамның бiр бөлшегiне айналған топ. Жалпы, көше кезiп, даланың адамына айналған кезбелер жайында не бiлемiз? Баспанасыз, қолына iлiккен асты қорек ететiн, қоқыс шұқылап нанын табатын, iшкiлiкке салынып қара жердi төсек ететiн қаңғыбастардың күнкөрiсi қандай? Тағдыры тәлкеке түскен жандарға мемлекет қандай көмек бередi? Қаңғыбас-кезбелердiң өмiрiмен танысып, өткенi мен бүгiнiн сарапқа салып көрейiк.

2 наурыз 2010

ҚАЗАҚ КӨШIНIҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ ҚАЛАЙ ҚҰБЫЛЫП БАРАДЫ?

Ел үкiметi тәуелсiздiктiң қарсаңында-ақ қазақ көшiнiң құқықтық жағдайын реттеуге ерекше ден қойды. “Басқа республикалардан және шетелдерден селолық жерлерге жұмыс iстеуге тiлек бiлдiрушi байырғы ұлт адамдарын КСР-ына қоныстандыру тәртiбi мен шарттары туралы” Қазақ Кеңестiк Социалистiк Республикасы министрлер кабинетiнiң 1991 жылы 18 қарашада қабылданған қаулысы сыртқы көшi-қонның алғашқы құқықтық актiсi болды.

23 ақпан 2010

“100 мектеп, 100 аурухана” бағдарламасы аясында Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында бiр тектес жобамен 14 бөлмелi 7 аурухана салынды. Атап айтқанда, Сазды, Жарма, Басқұдық, Мырза­йыр, Қияқты тағы басқа елдiмекендерде. Ашылды деген аты болмаса, Кеңес үкiметi кезiнде салынған ғимараттарды жаңалады. Ашынарлығы, аталған ауылдарда ең көбi – 20, ең азы – 8 отбасы бар.

23 ақпан 2010

Тәуелсiздiк алған жылдары мемлекет басына келгендер “жекешелендiрудi” желеу етiп халық мүлкiн талан-таражға түсiрсе, “бартердi” сылтау жасап елдiң төрт түлiк малын аз ғана уақытта жоқ қылып едi. Кейiн инвестицияны сылтау етiп, шетел азаматтарымен ауыз жаласып, кен орындарын арзанға сатып жiбердi. Одан түскен өнiмнiң азғана үлесi байырғы халықтiкi болса, 80 пайызы өздерiнiкi. Инвестицияның экономикамыз үшiн маңызы зор екенiн бiлемiз.

23 ақпан 2010

КазТАГ ақпараттық агенттiгi­нiң мәлiметiне сүйенсек, Қазақстанның бұрынғы премьер-ми­нистрi Сергей Терещенко оншақты күн Израильге сапармен барып, бұл елдiң жоғары лауазымды шенеунiктерiмен кездескен. Израиль сыртқы iстер министрiнiң орынбасары Пинхас Авивимен, «Мерхав» корпорациясының пре­зидентi Йоси Мейманмен, «Из­раиль-Қазақстан» парламентаралық ассоциациясының жетек­шiсi Фаина Киршенбауммен және «Израиль-Қазақстан» сауда палатасының төрағасы Михаил Роэмен жүздесiп, екi ел арасындағы байланыс мәселесiн талқылаған.

16 ақпан 2010

Ғылым және бiлiм министрi Жансейiт Түймебаев өткен жұмада бiлiм ошақтарының және қоғам қайраткерлерiнiң басын қосып, үлкен кеңес өткiздi. Онда бiлiм саласындағы қазақ тiлiнiң жай-күйi сөз етiлдi. Ақын, қоғам қайраткерi Мұхтар Шаханов, ғалым, сенатор Ғарифолла Есiм, жазушы Смағұл Елубай, “Ұлт тағдыры” қозғалысының басшысы Дос Көшiм, Қазақ қыздар педагогикалық университетiнiң ректоры Шәмша Беркiмбаева және басқа да азаматтар сөз алды. Жиында айтылған деректер жиырма жыл iшiндегi жеткен жетiстiктерiмiз бен кемшiлiктерiмiздi қолмен қойғандай етiп ашып көрсетiп беретiн

16 ақпан 2010

Қазақстан халқы ассамблеясының XV сессиясында президент Назарбаев қоғамға ұсынған «Ел бiрлiгi» доктринасында былай делiнген: «Тәуелсiздiк жылдары Қазақстанда дiннiң нақты қайта өркендеуi жүзеге асты. 18 жыл iшiнде дiни бiрлестiктердiң саны 6 есеге өсiп, 1991 жылғы 671-ден 2009 жылы 4200-ге жеттi. Қазiргi уақытта 3200-ге жуық мешiт, шiркеу, ғибадатханалар жұмыс iстейдi. 2003 жылдан бастап бiздiң елiмiзде Әлемдiк және дәстүрлi дiндер лидерлерiнiң съезi өткiзiлiп, оларға көрнектi дiни қайраткерлер мен түрлi конфессиялар өкiлдерi қатысады». Яғни,

9 ақпан 2010

Сот, адвокатура саласында «көлденең көк атты» емес­пiн. 1953 жылы Алматы мем­ле­кеттiк Заң институтын бi­тiрiп, инситиуттың сол кезде­гi директоры, академик Салық Зимановтың қолынан диплом алып, Семей облыстық прокуратурасының аға тергеушiсi, Семей қалалық сотының судьясы, Қызылорда облыстық IIБ-де жауапты қызметтер атқарып, полковник шенiнде 1990 жылы зейнетке шықтым. Содан берi адвокаттық қызметте жүрмiн. «Көз өзiне сенедi, құлақ өзгенiң сөзiне сенедi» дегендей, адвокат ретiнде өз көзiммен көрген, көңiлiме кiрбiң туғызған жағдайды айтқ­ым келiп отыр.

28 қаңтар 2010

Құлыбаева Динара ханымның Женевада бұ­рын-соңды болмаған рекордтық көрсеткiш жасап, Леман өзенiнiң бо­йынан 74,7 миллион франк­ке айналасы ат шаптырым вилла сатып алғанын «Жас Алаш» газетiнен бiр емес, екi рет оқып шығып, аң-таң болдым да қалдым...

26 қаңтар 2010

ОСЫЛАЙ ДЕП МАҚТАНУҒА, МАСАЙРАУҒА БОЛА МА? БОЛМАСА, ОНДА БIЗДIКI НЕ?

Әлi есiмнен кетпейдi, «есiмнен кетпейдi» деп жұмсақтап айтып жат­қан түрiм ғой, шын мәнiнде осы бiр қорқынышты әрi аса қорлықты көрiнiс күнi бүгiнге дейiн жүйкемдi жаншып, еңсемдi езедi де тұрады... 1987 жылдың ерте көктемi, егер жаңылыспасам, наурыз айының аяқ шенi ғой деймiн. Алматыдағы қазiргi күнгi Республика сарайында Қазақстан мұғалiмдерiнiң кезектi съезi өттi. Мен бұл кезде «Қазақ әдебиетi» газетiнде тiлшi боп қызмет iстеушi едiм. Газет басшылығы съезге менi жiбердi. Делегат етiп емес, әрине. «Мұғалiмдер съезiнен материал алып кел» деп.

26 қаңтар 2010

ШОҚЫНҒАН ҚАЗАҚҚА ҰЛТТЫҢ ҚҰНЫ КӨК ТИЫН

Көпшiлiктiң айтуынша қазiргi таңда шоқынған қазақтың саны жарты миллионнан асады. Бөгде елден келген миссио­нерлердi былай қойып, қазақты қазақ шоқындыра бастаған. Мектептегi оқушылар мемле­кеттiк әнұранды орындамай, бозбалалар әскери борышын орындаудан бас тартады. Ата-аналар болса туған баласы жан тапсырып жатса да оған қан беруден үзiлдi-кесiлдi қашып, басқа адамның қанын құюға мүм­кiндiк бермейдi. Мемлекет, заң, шекара, ұлт атаулыны мүлде мойындамайды. Яғни, оларға тiл мен ұлттың құны көк тиын. Мұны оқыған ұлтжанды ағайын: «Ұлттан безген бұл қандай көксоққандар?» дерi анық.

беттер:1 / 2 / 3»