«Назарбаевқа «ұлт көшбасшысы» мәртебесiн берiп, қылмыстық жауапкершiлiктен босатып, мүлкiне кепiлдiк беру керек» дейдi депутаттар. Неге?
Билiкке бiр тықырдың таянғаны (55.5%)
Жармақтардың жарысы шегiне жеткенi (33%)
Әлдекiмдердiң мазағы бұл (4.7%)
Бiр ұлтқа бiр көшбасшы керек қой (6.8%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Президенттің айналасында 99 пайызы жағымпаздар, жәдігөйлер, «жабық жемқорлар». Яғни, сыбайлас-жемқор демесін деп бәрін таныстары мен туыстарының атына жазып қойып үлкен бизнестерге ие болып отыр. Олардың қатарында елдің ертеңін ойлап отырған ешкім жоқ.
КазТАГ ақпараттық агенттiгiнiң мәлiметiне сүйенсек, Қазақстанның бұрынғы премьер-министрi Сергей Терещенко оншақты күн Израильге сапармен барып, бұл елдiң жоғары лауазымды шенеунiктерiмен кездескен. Израиль сыртқы iстер министрiнiң орынбасары Пинхас Авивимен, «Мерхав» корпорациясының президентi Йоси Мейманмен, «Израиль-Қазақстан» парламентаралық ассоциациясының жетекшiсi Фаина Киршенбауммен және «Израиль-Қазақстан» сауда палатасының төрағасы Михаил Роэмен жүздесiп, екi ел арасындағы байланыс мәселесiн талқылаған. Израиль бұқаралық ақпарат құралдарының айтуынша, Терещенко еврей мемлекетiн Қазақстанға шақырып, қазақтан жер сатып алуды немесе жалға алуды ұсынған. «Олар қазақстандық компаниямен бiрлесiп, Оңтүстiк Қазақстан облысында 500 гектар жердi өңдеп жатыр. Олар бiздiң елiмiзде баяғыдан жұмыс iстеп келе жатыр. Мұнда тұрған не бар? Олар қазiр жердi қандай шарттармен жалға алуға болатынын ақылдасуда» деп мәлiмдедi С.Терещенко. Бiрақ Қазақстаннан еврейлердiң қанша жердi жалға алатыны туралы мәлiмет айтылмайды. «Олар оны өздерi де бiлмейдi. Қытаймен келiссөздерден кейiн жердi жалға алудан бәрi қашып отыр. Бiрақ олар неден қорқады, мен түсiнбеймiн», – дедi экс-премьер-министр.
Терещенконың сөзiне қарағанда, Израиль қанша жер сұраса да, ол оған бергелi отырғанға ұқсайды. Ауылшаруашылық саласындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында. Сонымен қатар, Терещенко мырза кәсiпкерлiк, медицина саласындағы байланысты күшейтудi, Израиль мен Қазақстан әуе қатынасын реттеудi де қолға алған секiлдi. Ең қызығы, таяуда ғана елiмiздiң бұрынғы үкiмет басшысы Израильдiң Қазақстандағы «құрметтi консулы» атағын алыпты. Ол мұндай мәртебелi атақты не үшiн, неге алды? «Құрметтi консул» бұл атақты берген елден жалақы алмайды, қайта бiрқатар бастамаларды өзi көтерiп, соған қаржысын құюы тиiс. Бiрақ бұл атақтың өзiнiң жеңiлдiктерi де бар. «Құрметтi консул» дипломат ретiнде қорғалып, салықтан босатылады, оның көлiгiн де тоқтатып, тексере бермейдi. «Құрметтi консул» сол елдiң Бас консулына бағынады әрi оның бiрқатар мiндеттерi де болады.
Бiр сөзбен айтқанда, Сергей Терещенко Израильдiң Қазақстандағы өкiлiне айналды деген сөз. Оның қазақ елiнен еврейлерге жер беремiз, олармен бiрлесiп ауылшаруашылық саласын дамытамыз деп белсендiлiк танытып жатқаны да сондықтан. Бұрындары Қазақстанда лауазымды қызметтер атқарған, қазiр кәсiпкерлiкке ауысқан Терещенко неге Израильдiң өкiлiне айналды?
Жер беру мәселесiнен жоғары билiк сабақ алуы тиiс. Бiрiншiден, қазақ жерiн ешкiмге де бермейдi. Қытайға жер беру мәселесi көтерiлгенде халық қалай толқыды? Бұған елiмiздiң барлық саяси күштерi қарсы тұрып, өз наразылығын бiлдiрдi. Еврейлерге жер беру мәселесi күн тәртiбiне көтерiлсе, бұған да халық қарсы болады. Терещенко қазақтың жерiн еврейлерге не үшiн беруi керек? Израильдiң мүддесiн қорғайтын адамға мұндай құқықты неге беремiз? Екiншiден, Израильмен «бiрлесiп» жүзеге асырмақ болған жобаларымыздың көпшiлiгi құр далбаса болып шықты. Қару-жарақ мәселесi бойынша бұрынғы қорғаныс министрлiгi басшысының бiрiнiң үстiнен қылмыстық iс қозғалды. Шейнкман iсi де қоғамда шу шығарды. Сонда да Терещенко еврейлердi елге алып келмек. Олар қазақ жерiне келiп, мемлекетке пайда әкеледi дегенге сенесiз бе? Қазақтың өзi жерсiз, күйсiз жүргенде алыстағы еврейдi әкелiп, оларға неге жұмыс iстетуiмiз керек? Еврейдiң жасағанын қазақ iстей алмай ма, әлде? Қысқасы, «Терещенконың еврейлермен байланысының артында не тұруы мүмкiн» деген сауал қоғамды мазалайды әрi ойлантады.
«Ат айналып қазығын табады», - дейдi қазақ. «Ресей аумағында туса да, Терещенко орыс емес» деген пiкiрлер айтылып жүр. Еврейге жақындап, Израильдiң «құрметтi консулы» атануының астарында не жатқаны да беймәлiм. Бiрақ, әлемнiң қай түкпiрiнде жүрсе де, еврейлер ұлтжанды болып келедi. Бұл – анық.
Солтүстік өңірде екі Сергейге (Терещенка мен Кулагин) тиесілі (жекеменшігіндегі) 4,5 миллион егістік жер бар екені рас па? Егер рас болса ол жердегі қазақтар келешекте құлға айналады, не аштан қырылады. Өйткені екі Сергей меншігіндегі жерлерін қытайға не еврейге, болмаса жапонға т.б. жалға береді. Олар көрші өзбек-тәжік-қырғыз-қытай елдерінен арзан жұмыс күштерін тартып, жер иесі қазақтыда солардың дәрежесінде ұстайды не жерсіз, жұмыссыз қалдырады. Қазағым-ай, ол қорлық күнді көрмей буынып өлген
men | 24 ақпан 2010 17:22
senderge tege ne bolgan ???
Балшы | 24 ақпан 2010 20:10
-Казакстанда омарта шаруашылыгын дамыту керек-деген желеумен,Қазақстан-Израиль арасына көпір салмақшы.Бір қызығы,бұл"ассоциация"мүшелері құрамының ара салмағында жергілікті халықтың құрамы бір пайызды да құрамайды.Бұл әрекет билік өкілдерімен келісілген болуы мүмкін.Сонымен Қазақстанда,мықты әлеуметтік-экономикалық,экологиялық,рухани өмірге ықпал ететін ''ірі қозғалыс'' өмірге келді деп есептей беріңіз.Ұлт патриоттарының құлағына алтын сырға.
казах | 24 ақпан 2010 21:26
иа, бар! басымызга шыгып не !стейм!н десе де !степ жатыр гой.... Халыктын коз жасы бил!кте отырган шенеун!ктерде... Алла бар!н билед!, коред!...Жазасын берер..
Әбдірашит Б. | 25 ақпан 2010 00:17
Оған таңқалатын түгі жоқ. С.Тер-коға қазақ үшін Жер қандай құндылыққа ие екенін, "туған жер", "ата-мекен", "кіндік қан", "бір уыс топырақ", жұрт т.т. ұғымдардың қаншалықты киелі екенін ұқпайды ғой. Оған жер пайда табудың көзі, яғни, ол орыс мұжығы секілді ойлайды. Тіптен жақында ғана қазақ арасындағы жер үшін болған толқу да оның санасына сіңбейді. Кезінде ол ауылды да солай күйретуге оңай жол ашып берген болатын. Ол бұл ұсынысын сондай бір алыс мақсатпен, құйтырқы есеппен айтты дегенге мен иланбаймын. Айтса сол - өзінің ойының шолақтығынан айтып жіберген ғой. Қара да тұрыңыздар, ертең ақ ол "жаздым-жаңылдым" деп шыға келеді. Бірақ ол Тер-ко мырзаны ақтап ала алмайтыны бесенеден белгілі...
Әбдірашит Б. | 25 ақпан 2010 00:27
Өзбек мырзаға! Сонда, Т-ко мен Кулагин қазақ жерін, мейлі ол меншігіндегі болсын, қытай мен еврейге таратып беріп жатқанда Сіз ай қарап отырасыз ба? Есіңізде болсын: жер қалтадағы кәшөлек, немесе сусылдаған ақша емес. Оны шетел асырып жібере алмайды. Ал "меншік" дегеніміз де ауыспалы дүние. Жер тозсса өзі ақ тастап кетеді. Сондықтан, қазақ патриоттары "бұл латифундистер өздері алған жерлерді қалайша тоздырып, аздырып жатыр, оның еліміз үшін экономикалық-экологиялық зардабы қалай болады" деген мәселені арнайы зерттеп, дәлелді түрде биліктен жерді халыққа (мемлекетке) қайтаруды талап ететін күрес жолына түсуі қажет. Ол үшін әрине жақсы мамандар кірісіп, нақты дерекпен оларды тырп еткізбей ұстау керек. Жұдырықпен емес, ақылмен. Әрі қарай не боларын көрерміз...
жанашыр | 25 ақпан 2010 06:51
осы иттин баласынын к@тин кыстыратын адам жок дейсин бе, баргой бирак, казактардын биреуине керек болган ау сира.
Бөлтірік | 25 ақпан 2010 11:23
Бейшара депутаттар кімде қанша жер барына сауал жолдап, жұртқа жарияласа құп блар еді.