1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
«Назарбаевқа «ұлт көшбасшысы» мәртебесiн берiп, қылмыстық жауапкершiлiктен босатып, мүлкiне кепiлдiк беру керек» дейдi депутаттар. Неге?
Билiкке бiр тықырдың таянғаны (55.5%)
Жармақтардың жарысы шегiне жеткенi (33%)
Әлдекiмдердiң мазағы бұл (4.7%)
Бiр ұлтқа бiр көшбасшы керек қой (6.8%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №15 (15473) 23 ақпан, сейсенбі 2010
23 ақпан 2010
Кеңес заманында жылына үш ана өлсе басшылар жұмысымен қош айтысатын

“100 мектеп, 100 аурухана” бағдарламасы аясында Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында бiр тектес жобамен 14 бөлмелi 7 аурухана салынды. Атап айтқанда, Сазды, Жарма, Басқұдық, Мырза­йыр, Қияқты тағы басқа елдiмекендерде. Ашылды деген аты болмаса, Кеңес үкiметi кезiнде салынған ғимараттарды жаңалады. Ашынарлығы, аталған ауылдарда ең көбi – 20, ең азы – 8 отбасы бар. Ауруханалар құрал-жабдықтарымен, желдеткiш, тоңазытқыш сынды құралдармен-жабдықталған. Тiптi, құны 370 мың теңгеге бағаланған операция жасау үшiн төбеден жарық берiп тұратын электр шамы да орнатылған. Бiрақ, бiрде-бiреуiне дәрiгерлiк штат жоқ. Себебi, қалыптасқан медициналық нормаға сәйкес 1000 тұрғынға 1 дәрiгер екен. Сонда сол аурухананы салған кезде неге елдiмекендегi адам саны ескерiлмеген? Мұны облыс әкiмi, денсаулық сақтау департаментiнiң басшылары, не облыстық маслихат депутаттары бiлмеген бе? Әлде “осы жерден тұрғыз” деп президент тiкелей тапсырма бердi ме? Өз басым бұған сенбеймiн.

Ал жергiлiктi денсаулық сақтау департаментiнiң қазiргi басшылары бұл сұраққа мардымды жауап бере алмай отыр. “Бiзден бұрын­ғы басшылардың iстегенi” дейдi олар. Сол бұрынғы басшылары “ауған асып” кеткен жоқ. Астанада, денсаулық сақтау министир­лiгiнде, дардай қызметте.
Ендi, сол салынған жаңа типтегi ауруханалардағы мамандарға көшсек. Әрбiрiнде бiр-ақ фельдшер жұмыс iстейдi. Көпшiлiгiнде ол да жоқ. Дәрi-дәрмек қоры өте аз. Дәрiгерi, дәрi-дәрмегi жоқ ауруханаға адам бара ма? Әрине, бармайды. Фельдшер қашанғы төрт қабырғаны күзетiп отырсын, ол да бармайды. Сөйтiп, “жаңа типпен салған ауруханамыз” қаңырап жабулы тұр. Салынғанына көп уақыт өтпесе де қабырғалары жарылып, сылағы түсiп сәнi де кетiп жатыр. Сонда бұл ауруханалар не үшiн салынды, қандай мақсат көзделдi? Президент пен үкiметке есеп берiп, халықты алдау үшiн бе?
Дәл қазiр Маңғыстау ауданы, Үштаған елдiмекенiнiң 2500 тұрғыны бар. Бiрақ, жарамды аурухана жоқ. Қазiргiсi ескi мектеп үйiне көшiрiлген. Жатып емделуге орын жетпейдi. Тұрғыны аз жерлерге аурухана тұрғызғанша неге 2500 тұрғыны бар Ұштағанға салмайды? Осыған облыс басшыларының ақылы жетпейдi деу, тiптi қисынсыз.
Жуырда Денсаулық сақтау министрi Ж.Досқалиев мырза Маңғыстау облысына iссапармен келдi. Жергiлiктi телеарнадан “бәрi жақсы” деп баға бердi. Ал бiз ешқандай жақсылықты көрiп отыр­ғанымыз жоқ. Мәселен, Маңғыстау облысы денсаулық сақтау саласында маман тапшы. Жүз дәрiгер керек болса, оның отызы жоқ. Маңғыстау облысы 2009 жылды “Ана мен бала” жылы деп жариялады. Облыстық денсаулық сақтау департаментiнiң мәлiметi бо­йынша, ана мен бала өлiмi бойынша бiздiң аймақ алғашқы орындарда тұр. Ана өлiмi қырық бiрге жетсе, бала өлiмi жиырмадан асты. Кешегi Кеңес заманы кезiнде, жылына 2 ана өлсе – қатаң сөгiс, ал 3 ана өлiмi орын алса, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы жұмысымен қош айтысатын. Ал қазiр ше? Бәрi жақсы. Несiмен жақсы? Бұл да түсiнiксiз.
Әдiл ЖҰМАЛЫҰЛЫ,
зейнеткер,
Ақтау қаласы,
Маңғыстау облысы.
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Аманқос | 23 ақпан 2010 22:20
Өте дүрыс жазылған мақала Осының бәріне кінәлі Крымбек Көшербаев пен Айдарқановтың баласы Бүлардың мақсаты тек жеуден басталады Оңбағандар Бүкіл медицинаны күртты Маңғыстаудын областық болницасының ремонтын тексеріп корсеңдер түсінесіндер Облыстағы медицинаны күртты Көшербаев
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар