1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
«Назарбаевқа «ұлт көшбасшысы» мәртебесiн берiп, қылмыстық жауапкершiлiктен босатып, мүлкiне кепiлдiк беру керек» дейдi депутаттар. Неге?
Билiкке бiр тықырдың таянғаны (55.5%)
Жармақтардың жарысы шегiне жеткенi (33%)
Әлдекiмдердiң мазағы бұл (4.7%)
Бiр ұлтқа бiр көшбасшы керек қой (6.8%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №19 (15477) 10 наурыз, сәрсенбі 2010
10 наурыз 2010
«Бомждар президентi» болғаныңыз ба?

Мен Маңғыстауда туып-өспесем де, бұдан 36 жыл бұрын осы қасиеттi өлкеге келiн болып түскен адаммын. Аманқос Ұзақбаев деген азаматтың «Жас Алаш» (31.12.2009), «Алтын ғасыр» (15.01.2010) газеттерiнде жарияланған «Зобалаң немесе тас жүрек ұлдарының тепкiсiнде зар илеген қарапайым қазақ» атты мақаласын оқып, құптай отырып, өзiмнiң де пiкiрiмдi қосқым келдi. Мақалада жазылғандар – айна қатесi жоқ шындық. Астанада пәленбай миллион теңгеге мұз қалашық салып, халықтың маңдай терiн далаға шашқанша, тұлдыр жетiмдерге үй салдырып бермей ме? Президенттiң қолын сүйiп, медаль алған Әбiш Кекiлбаев ағамыз 70 жасқа толғанда әкiм-қаралар тартып алғандай қылып жұрттан жылу жинағанын өз құлағыммен естiдiм. Аман болсаңыз, сiз де жетпiске келерсiз, құлағыңызға алтын сырға, Нұреке.

«Зейнетақыны 25 пайызға өсiрдiм» дедiңiз, ал мұның қызығын зейнеткерлер көрдi ме, алдағы уа­қыт­та көрер ме? Әрине, көрмейдi. Себебi халықтың күнделiктi тұтынатын тауарлары, электр жарығы, телефон, бәрi-бәрi үстi-үстiне қымбаттап жатыр.
Ал ендi, жастар мәселесi ше? «Зобалаңда» жазылғандай жұмыс жоқ, оқу жоқ. Көп нәрсе ақшаға барып тiре­ледi. Жұмысы жоқ адам қалай ақша табады? Бұрындары (кеңес өкiметi ке­зiнде) жастарды оқытып, белгiлi еңбек азаматтарына бекiтiп берiп, ол бiлгенiн үйретiп, сосын жұмысқа жiбе­рушi едi. Ал қазiр ше? «Резюме» деген жалқау қағаз сұрайды, ол Мұқағали ақын айтпақшы, «архивтерде шаң басып жатады» да, тек дүмдiлердiң және тамыр-танысы барлардың балалары жұ­мысқа қабылданады, әрине мұ­ның астарында пара жатқаны айтпаса да түсiнiктi.
Президент мырза, сiз президент бол­­ғалы елде жетiм мен жесiр көбейдi. Елдегi жесiрлерге қандай жақсылық, көмек көрсетiп жатырсыз? Жетiмдерге ше? Сiз тағайындап, қонжитып креслоға отырғызған әкiмдерiңiз азғантай жасағандарын дабыра қылып, жарнамалап, көпiртiп айтады да, ал жасалмай жатқан қыруар жұмыстарды (кем­шi­лiк­тердi) жауып-жасырмалап, оны айтқандарды жау көредi. Жиналыстарға тек бюджеттiктердi, «бармасам жұмыстан шығарып жiбередi» деп бас баққандарды ғана шақырады. Бiз барсақ жақтырмайды, себебi бiз турасын, шындығын айтамыз.
Құрметтi президент мырза! Сiз парламенттегiлерге: «Какого хрена вы сидите?! Халықтың мұң-мұқтажын шеш­песеңдер», — деп теледидардан ұрысқан болдыңыз. Ал, ендi талқылап қарасақ, қарапайым халыққа мұныңыз тек «показуха» сияқты көрiндi. Себебi, әкiмдер, басшылар – барлығы сiздiң тағайындап қойған адамдарыңыз. Оларды ауық-ауық ауыстырып, «рокировака» жасай бересiз, одан өзгерiп жатқан ештеңе жоқ.
Жақында «сәуiр айынан бастап, айлық пен шәкiртақы өседi» деп халықты тағы қуантқан болдыңыз, шындығында мұныңызды бiз «жай алдарқату» деп түсiндiк. Себебi, ақыны өсiрудiң арты азық-түлiк, күнделiктi тұтыну та­уарларының қымбаттауына әкелiп соғатындығына дау жоқ. Әрине, бұл жерде ештеңеге қысылмайтындар — 3000-4500 доллар жалақы (қосымша «ша­башкiсi» тағы бар) алатын шенеунiктер.
Нұреке, әрқашанда таяқтың бiр басы өзiңiзге тиiп жатады, себебi Қазақстандағы «қара қазанның» иесi – өзiңiзсiз. Мысалы, Қарағұсова ханым бiлмей қалған 8 миллиард доллар қайда? Өзi Швейцарияның, баласы Украинаның ең бай адамдарының бiрiне айналған Храпунов күйеубаланың шетелге алып кеткен бiрнеше миллиард доллары қайда? «Валют Транзиттiң» бастығы, iстi болып, сотталған Беляев мырзаның зайыбымен сiз күнi кеше вальс биледiңiз. Құлағына сыбырлап, сұрамадыңыз ба: «Халықтан жеген 960 миллион доллар қайда?» деп. Мен сiзден бас­қа ешкiмдi сынай алмаймын, себебi, олардың (жебiрлердiң) бәрiне жағдай жасап отырған — сiзсiз.
Қаңтар айының ортасында теледидардан Астана жақтан бiр филармония домбырашысы өзiнiң үйдiң кезегiнде тұрғанын, бiрақ әлi үй кезегi жылжымай-ақ қойғанын айтқанда, жылжымайтын мүлiк қорының басшысы былай дедi: «Ондай-ондай бомждарға берiле­тiн үй жоқ. Өздерi ақшаға сатып алсын!».
Өнер адамдары шенеунiктер сияқты пәленбай мың долларлап табыс таппайды ғой. Кезекте тұрған жаңағыдай мәде­ниет, мемлекет қызметкерлерiн бомж деп есептесек, қазiр Қазақстандағы 16 миллион халықтың 15 мил­лионы — қарапайым («бомж») адамдар. Амриннiң тiлiмен айтқанда, бомждар. Сонда сiз «бомждар президен­тi» бол­ғаныңыз ба, Нұреке?
Алуаш ОҢҒАРОВА.
Мұнайлы ауданы,
Маңғыстау облысы.
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (6)
Шығыс Қызы | 10 наурыз 2010 11:15
Жарайсыз, Алуаш! Әлгі қалталарын қампайтып алып, шетелге қашқан қулардың ішіне президенттің келіні (Болат Назарбаевтың әйелі) Майраны да қосып қойыңыз.
Беймезгіл бәлеқор | 10 наурыз 2010 17:38
нағыз қазақтың батыр қызы екенсіз. Абай болыңыз. Сұрқия саясаттың сұмырай құлдарының құрығы ұзын. Жарайсыз
Мерейлі | 11 наурыз 2010 17:41
Адам деген қызық-ау, өзінде бәрі жаман болса, басқаларды да өзіндей санайды. Бәрі жақсы емес пе? Көрші елдерге қарағанда біздің жағдайымыз тәуір ғой. Елбасымыз халқына қолынан келгеннің бәрін жасап жатыр. Қазақстаным өсіп, өркендеп, өз алдына жеке ел болып жатқанда оны алға итермелеудің орнына не болса соны жазып, ауызға келгенді айтудың қажеті жоқ сияқты.
Әсия Өміршеқызы,Атырау | 16 наурыз 2010 14:50
!!!Адам деген қызық-ау, өзінде бәрі жаман болса, басқаларды да өзіндей санайды.Бәрі жақсы емес пе?
Мерейлі, атыңа затың сай , мерейің үстем болсын! Өзіңде бәрі жақсы болғасын, өзгелердің жағдайын көрмей қалғансың ғой!!! Сен интернетте отырғаныңда, қызылағаштықтар қан жылап жатыр еді, ал "президентіміз" олардың қалін білуге "қолы тимей" жатқан болатын. Ондай ел басшысына елі сүйсінер ме?
Алуаш замандасым, ер азаматтардың айта алмағанын әйел заты болып өзің айтқан батылдығың мен ерлігіңе бас иемін!!! Деніңе саулық, отбасыңа амандық беріп, БІР АЛЛАМ өзіңе жар болсын!
Антиешкі | 17 сәуір 2010 15:47
Мерейлі мен Әсия дегендерің ХҚКО-да (ЦОН-да) кезекке тұрып, не бір дүкен немесе ұйдің техқұжатына құжаттар шығартып, тіпті өмірде дым көрмеген адам сияқтысыздар. Сол істердің біріне шығып көрсеңіз. "Назикке" деген көзқарасыңыз өзгерер еді-ау деп сенемін. Эх осы кешегі сойқын коммунистердің кезінде де қазақ халқының хақ Жанашырлары осы кісілкр сияқты адамдардың кесірінен репрессия құрбаны боп кетті ғой.
Арай | 15 мамыр 2010 17:02
Мерейли,бир окиништиси сиз сиякты али де уйыктап журген,бугинги кунимен омир сурип кара нан мен су ишип жургенине(болмаса кишкене тиреги болып,бизнесте жолы болганына) мяз адамдар бизде жетерлик. Алуашка осы халыктын проблемасы ериккеннен керек болып па? Мен де,жагдайым жаман болмаса да,асиресе ауылдын жетим ,жесирлерин(олардын куни не болып жатканын) ойлаганда журегим сыздайды!Алуашка амандык тилеймин!!!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар