1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №100 (16182) 14 желтоқсан, сәрсенбі 2016
14 желтоқсан 2016
Жансая Сәбитова: ҚАЗIРГI ПРЕЗИДЕНТ ҮШIН «ЖАНЫМ ПИДА» ДЕЙТIН АДАМ БАР МА?
  1986 жылдың 18 желтоқсан күнi алаңда болдым. Сондағы естiгенiм: “Бұлар әбден басымызға шықты, қорлығы шегiне жеттi! Жанымыз Қонаев атамыздың арынан артық емес! Арандату болмасын, орыстар­ға тимеңдер!”. Ал қазiргi президент үшiн “жаным пида!” дейтiн адам табыла ма?
 
Қоғамдық пiкiрдi әлi де екiге бөлiп тұрған бiр сұрақ: “Бұзақылыққа бейбiт шерушi­лердiң қатысы болды ма?”. Менiңше, бұған “Тек мәжбүрлеген соң баруы мүмкiн. Өйткенi билiк – милиция, әскери оқу орындарының курсанттары, Кеңес Одағының 9 қаласынан әкелiнген әскерилер, өрт сөндiрушiлер, кинологтар, “еркiн” жасақшылар қасақана арандату шарасын қолданды. Көпе-көрнеу қантөгiс ұйымдастырған сол кездегi билiкке атау табудың өзi мүмкiн емес!.. Автокөлiктердi өртеген жастар емес, арнайы жасақ. Бейбiт шерушiлерге қосылып, ереуiлдеп айқайлап, мәрмәр жақтауларды сындырып, лақтырып, жастардың қалтасына есiрткi салып, жағдайды ушықтырған да солар. Алаңға автокөлiктермен арақ тасып, таратқан да жендеттер. Бейбiт шеруге ұлт­аралық сипат беруге бар күшiн жұмсаған да үш әрiптiң қызметкерлерi. Тiптi аялдамада көлiк тосып тұрған қыздарды жұлып алып, ұрып-соғып, айуандық жасаған да өкiметтiң рұқсатымен жасалған әрекет. Сорақысы сол, “Желтоқсан” көтерiлiсi жөнiнде ресми өтiрiк ақпарат беруге бәрi сақадай сай тұрды. “Нашақорлар, маскүнемдер... Ұлтаралық қақтығыс сипат алды!..” деп айып тақты. Ресми мәлiмдеме сарғайтты. 17-18 желтоқсан. Алматыда сағат 20:00. Мәскеуде – 22:00. Мәлiмдеме оқылды. Бiрақ қарақұрым халық қақаған қыстың аязында бораған судың астында қалды. Итке таланды, Алматы зауыттарында бейбiт шерудi жаншу үшiн арматурадан дайындалған темiр сойылдар жасалды. Қыздарды шаштарынан сүйреп, жатырынан етiкпен тепкiлеген беймә­лiм мәңгүрттер... Мұның бәрiн М.Шаханов өз зерттеуiнде деделдедi де. Бiрақ бейбiт шерудi қанға бояған билiк арсыздықпен “желтоқсаншылар” орыс балабақшасына барып, бүлдiр­шiндердi бауыздады” деп қызылкеңiрдек болудан таймай жүр... ҚР Конституциялық соты сол кездегi қолданыстағы Қазақ КСР Конституциясының бiрнеше бабын өрескел бұзғанын дәлелдедi. Конституцияны өкiметтiң өз қолымен ерiктi түрде бұзуы бұл да – нонсенс! М.Шаханов “Желтоқсан эпопеясында” Колбиннiң мына сөзiн келтiрдi: Колбиннiң: “Қашан ұлт ретiнде жойылып, түгел орысқа айналып кеткенше осылай қаласыңдар!” деуi – мiне, бұл шовинистердiң шын ниетi...
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті